iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Педагогика мен психологияның негіздері

Бұл мәлімет 821 рет қаралды

Адам өмірінде пайдаланатын кез келген пәндердің негіздері педагогика мен психологияның негіздеріне өздерінің ішкі мүмкіншіліктерінен тамыр алғанда ғана, өзінің методологиясынан дамитын жүйелері бар ғылыми пән ретінде қалыптасатындығы белгілі. Бұл қағида, халық педагогикасы пәніне де тән. Олай болса, халық педагогикасы мен психологиясының негіздері дегеніміз не? Оны қалай және қайдан іздеуге болады? Өйткені, бүгінге дейін «халық педагогикасы ғылым емес, оның негіздері мен жүйелері түгіл — методологиялық теориясы да жоқ» — дейтін қалыптасып кеткен пікірлер бар (Г.Н. Волков, этнопедагогика, 1974).
Жоғарыда айтылған халық педагогикасы мен психологиясының методологиясында көрсетілгендей, адамның тән қуатынсыз оның жан дүниесі еселей дамып, жан-жақты жетіле алмайтындығы түсінікті. Ендеше, халық педагогикасының негіздерін адамның өз бойындағы ішкі қасиеттерінен, нақтырақ айтқанда, оның Тән құрылысының дамуын белгілейтін физиологиялық кезеңдерінен алатындығымыз дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат екен. Себебі, адамның тән құрылысының жетілуі — тікелей физиология заңдылықтарына бағынса, ал жан дүниесінің рухтануы — тәлімдік тәрбиелердің ережелерінен нәр алатындығы анық. Олай болса, адам тәнінің физиологиялық өсу кезеңдері — тәлімдік тәрбиелердің негіздеріне, яғни халық педагогикасының негіздеріне нәр беретіндігі аксиомалық шындық. Сондықтан да, адамның ержету жолда-рындағы әрбір кезеңдердің өздеріне ғана тән тәрбие әдістері бар. Тіпті, өсу кезеңдерінің уақыт мерзімдері жеке-жеке даралана тұра, үзіліссіз тәрбие тәсілдерінің әсерімен өзінің біртұтас үндестіктерін жалғастыра береді. Енді адамның өсіп жетілуін қамтамасыз ететін оның жеті түрлі физиологиялық кезеңдері — ұрық тазалығы — ана құрсағындағы тоғыз ай — нәресте — балбөбек — сәбилік — балиғат -кәмелеттік — деп аталынатын жеті кезеңіне тоқталып көрелік. Мәселен, кез келген тіршілік иесі ұрықтан, яки дәннен өсетін болғандықтан, шартты түрде адам тәрбиесінің бірінші кезеңін -отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығы — деп бастаймыз да, оны халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізі ретінде қарастырамыз. Осы арада, міндетті түрде мынандай заңды сауалдар туындайды. Біз адам тәрбиесін бұлайша реттеуден не ұтамыз? Оның ғылыми негіздеу мен жүйелеу әдістеріне қосар үлесі қайсы? Жасанды делініп отырған ғылыми педагогакадан айырмашылығы не? Бұл тәріздес аса күрделі сауалдарға — халық педагогикасы мен психологиясының ғылыми методологиясы мен екі түрлі жүйесін айқындайтын — психо-физиологиялық жаңа көзқараста бірсыдырғы тоқтаған едік. Енді, халық педагогикасы мен психологиясының негіздерінің көмегімен адам тәрбиесінің осы күнге дейін жұмбақ болып келген сырларын ашумен қоса, тіпті тісіміз батпай жүрген тылсымдарын да шешуге қолғабысын тигізеріне сеніміміз мол. Мәселен, тек халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізі деп отырған отбасын құруға дайындық және ұрық тазалығының өзі, қисапсыз қызық та, аса терең ұғымдардың мәнін ашады. Ең әуелі отбасын құрудың шын мәніндегі мақсаты мен мәніне жету үшін оған міндетті түрде табиғат заңдылықтарына сәйкес дайындалудың қажет екендігін түсіндіреді. Бұл қажеттілікті өзін-өзі сактау инстинктісі арқылы, табиғатта жүрген түз тағылары да бұлжытпай орындайтындығын бәріміз де жақсы білеміз. Болашақ ұрпағы үшін олар бір ай бойы арнайы дайындалып, тіпті жандарын қиярлықтай күй кешетіндіктері белгілі. Ал, егер адамдар да ұрық тазалығын сақтау арқылы, қаншама қасірет пен қайғыдан құтылатындығын түсінсе, келешек ұрпағына өзі жасап жүрген қиянаттардан тиылар еді.
Сонда, халқымыздың дәстүр-салттарында қалыптасқан тектік қасиеттерімізге қайта оралып, ұрық тазалығының көмегімен бүкіл генетикалық ілімнің ұсынатын телегей терең табиғат тылсымдарын түгелдей алақанымызға қондырмақпыз. Міне, осынау ұғымдар тек айтқанға ғана жеңіл, әйтпесе көкжиегіне көз жеткісіз, қаншама құдіреттерді бауырына басқан өзі бір жаткан әлем емес пе?!
Ендеше, табиғаттың кешіре алмайтын тұрақты заңын бұзу арқылы, адамдар қатты қателесіп жүргендіктерін мойындайтын мез-гіл жетті. Анашаны айтпағанда, тек арақ пен темекінің өзінен-ақ адам ұрпағының қаншалықты азып-тозып жатқанын уақыт көрсетіп отыр. Азғындаудың бүл түрлерін бәріміз де көріп те, күнделікті естіп те жүрміз ғой.
Тіпті қазіргі адамдар арақ пен шараптың қызығына құнығып, ұлдарымыз түгіл кыздарымыз да темекіні жілік майын жұтқандай сорып, бұл аз дегендей анашамен уланып жүрген тірі өліктердің ертеңгі ұрпағынан не күтуге болады? Оның үстіне айналадағы экологиялық апаттардың әсерлері тағы бар. Осылардың зардабынан бүгінгі дуниеге келіп жатқан сәбилердің қасіретінде шек жоқ. Олардың 2,5% — тіпті тоғыз торқаның ішінде жан тәсілімін беріп өлі туып жатса, ал тағы да 20 %-тейі аяқ-қолдары сал болып ақыл-ессіз азаппен күндерін кешуде. Өмірге тірі келді дегендерінің өздері де зейіндері әлсіз, зерделері таяз екендіктерін несіне жасырамыз. Мінеки, осы қасіреттердің бэріне де алдыңғы буынңың жауапты екенін ашық айтатын мезгіл жетті. Ей адамдар, ұрпақ қамын ойлап, ұрық тазалығы мен ана құрсағындағы тәрбиеге бет бұрыңыздар демекпіз. Бұл халық педагогикасы мен психологиясьшың алғашқы екі негіздері бүгінге дейіңгі адам тәрбиесіне қолданылмай келгені өз алдына, сонымен қоса, адамдықтың мәйегі мен бекзаттықтың тегі де, осы кезеңдердің ішінде жатыр. Ендеше, халық педагогикасы мен психологиясының негіздері тек адамның физиологиялық кезеңдерінен тамыр тартатынын еш уақытта естен шығармаған жөн.

Ақыл тәрбиесін Халық педагогикасы мен психологиясының екінші  ғылыми жүйесі  ретінде ұғыну үшін оның  ең алғашқы басталатын сәтін анықтап алуымыз керек. Бұл сәт адам тәрбиесінің нәресте кезеңінде жетілетін қасиеті мол аса бір үлкен құбылыс. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған халықтық тәлімінде, ақыл тәрбиесінің алғашқы сәтін — нәрестенің қырық кунге толған мерзімімен сабақтастырады да, оған қырқынан шығару ырымдарын жасайды. Ал, бала қырқынан шыққанда жасалатын әрекеттердің өзіне көшсек: біріншіден — нәресте мойнын ұстай алатын халге жеткендіктен-алғаш рет оның«қарыншашын»алады. Екінші-қолы мен аяқтарының өсіп үлгірген тырнақтарын қысқартады. Үшінші — бала жанарының қарашықтарын меңгеріп ұстай алатындықтан, енді оның бесігінің арқауына түрлі түсті ойыншық заттар іледі. Міне осылайша, нәресте қырқынан шыққанда тұңғыш рет ақ пен қараны ажыратып, акыл тәрбиесінің қиыны мен қызығы мол ұзақ сапарына аттанады. Ол осы сәтте ең алғашқы таңырқау мен таңданудың күйін кешеді. Бұған дейін жүрек тәрбиесінің көмегімен, ана құрсағында түйсіктік ақыл қалыптасса, енді қарашығын ұстаған сәтінен – ақыл тәрбиесінің аркасында — сананың салтанат құратындығын байыптап қана қоймай, оның бүкіл қыры мен сырына тереңдей үңілудің мәні зор. Ендеше, халық педагогикасы мен психологиясының екі жүйесі — жүрек және ақыл тәрбиелерін дұрыс жүргізуді тіршілігімізге енгізсек  —  адамзат  қауымының   бұрын-соңды  жетіп   көрмеген парасатты абзал бейнесін жасар едік. Осы арада арнайы көңіл бөлетін аса бір құдіретті құбылыс бар. Осынау, домбыраның қос ішегі тәрізді адам тәрбиесінің өркені болып саналатын – жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесін өзара үндестіріп күйге келтіретін тек қана бесік жыры екенін ерекше атағымыз келеді. Осы үндестікпен бұл екі жүйе бірін-бірі байытып тереңдетумен қоса, адам бойындагы мінезді сырбаздыққа,  оның тегіндеп тума қабілет-дарындарын аса өткір қарымдылыққа жеткізіп, ұштай түсетінін көретін күн де туады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>