informatics

Педагогикалық информатика

Педагогикалық информатика ғылымдарда міндеттердің бірнеше типін әртүрлі негізде ерекшелеп, бөлу қабылданған. Педагогикалық информатика шешілетін тұрақты және ағымдағы міндеттер тобын қарастырайық. Педагогикалық информатика басым тұрақты міндеттері қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру, оқыту, білім беруді басқару саласындағы заңдылықтарды ашу болып табылады.

Бейнебақылауға қажеттінің бәрін https://tkgrant.kz/catalog/videonablyudenie/ веб-сайтынан сатып алуға болады.

Педагогикада заңдылық арнайы құрылғанның арасындағы немесе объективті бар жағдайлар мен жеткен нәтиженің арасындағы байланыс ретінде сипатталады. Нәтиже ретінде нақты параметрлер бойынша жеке тұлғаның оқығандығы, дамығандығы алынады. Ал, педагогикалық информатикада жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті мен маманның ақпараттық құзырлығы нәтиже болып табылады. Педагогикалық информатиканың тұрақты міндеттерінің құрамына білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы педагогикалық іс-әрекет тәжірибелері мен практикасын зерттеу және жалпылау міндеті кіреді. Кәсіптік білім беру жұмысы өзінің болмысынан барлық уақытта шығармашылықпен жасалатын жұмыс болып есептеледі. Оқушыларды тиімді оқытудың үйлесімді және инновациялық құралдарын жинақтау кез келген педагог — новатордың ерекше белгісі. Көптеген ғалым-педгогтар зерттеулер жүргізіп, информатиканы оқытудың төл әдістемелік жүйелерін құрып, білім беруде ақпараттандыру құралдарын пайдалануда. Олардың жұмыстарының нәтижелері педагогикалық идеялардың әлемдік қорын байытты.

Ғалым-педагог Ю.А. Первин қазіргі уақытта кеңінен танымал алгоритмдеу мен программалауды тиімді оқытудың жүйесін — оқушылардың танымдық инициативасын дамытудың құралын, компьютерлік атқауршыларды алғаш рет жасап, ұсынды. В.С. Леднев пен А.А. Кузнецовтың жетекшілігімен мектепте үздіксіз оқытылатын информатика курсының мазмұнын іріктеудің негізгі қағидалары мен принциптері тұжырымдалды. Оқытуды стандарттау мен мектептегі және жоғары мектептегі информатикадан білім беру стандарттарын құруға С. А. Бешенков, Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Караев, М. П. Лапчик және т.б. ғалымдардың еңбектері өз үлесін қосты.

Мектеп бітірушілердің дайындық деңгейін анықтауға қажетті оқушылардың оқыту нәтижелерінің сапалы, жедел және шынайылығын бақылау қажеттілігі, сондай-ақ, білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруға қабылданған шаралар ыңғайлы технологияларды, мұндай бақылаудың әдістері мен түрлерін іздеуге әкелді. Компьютерлік технологияларды пайдалануға негізделген бақылаудың тест жүйесі А, Аванесов, А Анастази. Т. О. Балықбаев, В. П. Беспалько, Т. Д. Тасболатов және т.б. зерттеушілердің еңбектерінде келтірілген.

Қазіргі уақытта білім беруді ақпараттандыру жағдайында студенттерді — болашақ информатика мұғалімдерін дайындауға байланысты бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілді. Оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалануға мұғалімдерді оқыту жүйесін зерттеуте М.И. Жалдактың жұмысы арналады, онда «Математика және информатика» біліктілігі бойынша мұғалімдерді кәсіптік дайындаудың компоненттері тереңнен қарастырылған. Оқу-тәрбие процесінде компьютерлік құралдарды пайдалану негізінде физика-математика пәндеріне мұғалімдер дайындаудың теориясы мен практикасы А.А. Абдықадыровтың зерттеулерінде көрініс тапқан.

Педагогикалық оқу орындарында информатиканы оқытудың жалпы білімдік және кәсіптік қолданбалы аспектілерін Э.И. Кузнецов зерттеген. Педагогикалық оқу орындарындағы көпдеңгейлі білім беру жүйесіне информатика мұғалімдерін әдістемелік дайындауға ғалым-педагогтар М.П. Лапчик, С.К. Кариев, М.В. Швецкийдің зерттеулері арналған. Қазақстандағы педагогикалық оку орындарында информатикамен сабақтас мамандарға информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесін дамыту мәселесі Е.Ы. Бидайбековтың жұмысында көрініс тапқан.

Пәндік саланың мазмұнын егжей-тегжейлі талдау негізінде ақпараттық интеграциялау технологияларын жасау және арнайы компьютерлік құралдарды пайдалану арқылы қазіргі білім беру жүйесінде кеңінен танымал электрондық оқыту құралдарын құру процесін автоматтандыру мәселелерімен С.Г.Григорьев, В.В.Гриншкун және т.б. айналысуда. Педагогикалық информатиканың міндеттерінің ішінде оқытудың, білім беру құрылымын басқарудың жаңа әдістерін, құралдарын, формаларын, жүйесін жасау міндеттері маңызды орын алады. Педагогикалық сөздік жаңа терминдермен байытылды: дистанциялық оқыту, желілік оқыту, ақпараттың білім беру ортасы, кейс технологиялар, видеоконференциялар, интерактивті теледидарлар мен такталар. Әрбір термин шешім қабылдау стратегиясын жүзеге асыруға әсер ететін белгілі бір ұғымды анықтайды. Әртүрлі оқу орындарында дистанциялық оқытуды тиімді ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктерін зерттеуге Е.С. Полаттың,

А.В. Хуторскойдың, ал Қазақстанда Д.М. Джүсіпалиеваның еңбектері арналады. Қазақстанда білім беру жүйесінде ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктерін үйрену жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізілуде. Г.К. Нұрғалиеваның жетекшілігімен:

  • электрондық оқулықтар мен мультимедиалық оқыту программаларын құрастырудың модульдік және функционалды технологиясының тұжырымдамасы (А.И.Тәжіғұлов, Д.К. Алмағамбетов);
  • АКТ негізінде қосымша кәсіптік оқытудың дербес жолын жобалау тұжырымдамасы (ЖА.Макатов);
  • бастауыш сынып мұғалімдері үшін электрондық әдістемелік жүйені жобалау тұжырымдамасы (Ш.Х. Құрманалин);
  • болашақ мұғалімдердің зерттеу іс-әрекетіне ақпараттық технологиялардың тигізетін әсеріне талдау жүргізілді (Р.Ч. Бектұрғанов);
  • студенттердің құндылық бағдарлығы мен кәсіптік бағытын калыптастыру (Г.Б.Ахметова, Е.В.Артықбаев) тұжырымдамалары жасалды.

Мектепті басқаруды ақпараттық талдау жүйесін зерттеу жүзеге асырылды (А.А. Бейсенбаева); ақпараттық оқу ортасы мен кәсіптік бағдарлық жүйелер (А.Ж. Арыстанова, Ө.З, Иманғожина, А.Т. Чакликова); дистанциялық оқыту түрін ұйымдастырудың формалары мен әдістері (Ж.М. Түсібаева); оқу процесінде электрондық оқу басылымдарын пайдалануға мұғалімдердің кәсіптік құзырлығын қалыптастыру (С.И. Ферхо) жүзеге асырылды.

Маңызды тұрақты міндетке жақын және болашақта білім беруді болжауды жатқызу қабылданған. Ғылыми болжамдарсыз педагогикалық саясатты, білім беру экономикасын, педагогикалық іс-әрекеттің өзін жетілдіруді, басқару жүйелерін және т.б. басқаруды жүзеге асыру мүмкін емес. Педагогикалық болжамдарда «кез келген жүйе бір мезгілде басқарылып, дамитынын» дәлелдейтін кибернетиканың атақты постулаты жүзеге асырылады. Бұдан басқару мен оның дамуын басқару қажеттілігі пайда болады. Дамуды басқаруды, яғни білім беру жүйесінің прогресі ғылыми болжамдарсыз жүзеге асыру мүмкін емес. 20-30 жылдан кейін оқыту қандай болады? Жарқын болашаққа шығынсыз қалай жетуге болады? Білім беру жүйесінің алдында қандай белгісіздіктер мен қиындықтар күтіп тұр?

Оқытудың болашағына, мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың, білім беру мен ғылым жетекшілерінің еңбегі мен өмірлік жағдайларына көз жүгірту -бұл отандық білім беру прогресін қамтамасыз ету үшін дербес интеллект пен әлеуметтік ойлауды тиімді пайдалану болып табылады. Кез келген педагогикалық ғылымның міндеті инновациялық процестердің теориялық, методологиялық негіздерін, теория мен практиканың ұтымды байланыстарын зерттеу және практикалық іс-әрекеттерінің бір-бірімен әрекеттесуін жасау болып табылады. Педагогикалық ғылым ретіндегі педагогикалық информатиканың соңғы он шақты жыл аясында пайда болған, салыстырмалы түрде жаңа міндеттерінің бірі — зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу болып табылады. Кез келген педагогикалық ғылымның міндеті инновациялық процестердің теориялық методологиялық негіздерін, теория мен практиканың ұтымды байланыстарын, зерттеу мен практикалық іс-әрекеттерінің өзара астасуын жасау болып табылады. Теория мен практиканы өзара байытудың казіргі жолдарының бірі -ғылыми-практикалық орталықтар, лабораториялар, бірлестіктер құру болып есептеледі. Енгізу процедурасы ғалымдар сұраныс бойынша жұмыс істеген жағдайда ғана тиімді жүзеге асады. Сұраныс жасаушы жаңа педагогикалық өнім құрудың барлық кезеңдеріне қатысады: берілген параметрдің зерттеу нәтижелерін жазу, жасалған жұмыстарға тез енгізілу қабілетін беру мен жаңаның әдеттегіге айналуы.

Педагогикалық информатикада көптеген басқа да теория мен практика салалары тәрізді дәстүрлі мен инновациялық әдістің арасында жүретін мәңгілік күресті дәлелдейтін жаңалыққа қарсылықты көрсететін көптеген айғақтарды келтіруге болады. Педагогикалық зерттеулердің көптеген нәтижелері, тіпті оның қолданылуы ашық және талассыз пайдалы болса да практикаға енбей жатады. Күні кешеге дейін бұл мәселе ғалымдарды аса толғандыра қойған жоқ, олар өздерінің еңбектерін жариялағанымен, олардың идеялары өмірге қалай енгізіліп, білім беруді жетілдіруді қаншалықты қамтамасыз ететіндігіне жауапкершілік алмады. Нарықтық қатынастың әсерінен жағдай тек материалдық салада ғана емес, рухани өндірісте де өзгерді. Ғылыми педагогикалық шығармашылық өнімдерін

интеллектуалдық товар категориясына жатқызу зерттеушілердің көзқарасын өзгертуге мәжбүр етті. Мысалы, қазіргі білім беру процесін оқу және техникалық құралдармен сапалы қамтамасыз етпейінше, оны көз алдымызға елестету қиын. Дәстүрлі «қағаз» -оқулық және оқу құралдарымен қатар, оқыту құралдарының құрамы жаңа педагогикалық іс-әрекеттің құралдарымен электрондық оқулықтар, электрондық оқу құралдары, компьютерлік модельдеу құралдары, гипермедиа-сайттар және басқа да телекоммуникациялық құралдармен толықтырылды. Осыған байланысты товарды жасап, таратып, пайдалануды тұтынушыға жеткізу ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Білім беру саласындағы ғылыми жұмыстардың авторлары болашақ өнімнің берілген параметрлерін, оны пайдаланушылар категориясын, оның табысты қолданылу жағдайын, пайдаланушылардың еңбегіндегі күтілетін оң нәтижелерді, интеллектуалдық қызмет нарығына жұмыс қорытындыларын беру формаларын, жұмыс құнын және өзінің жұмыстарының енгізілуі мен сапасын автордың қадағалауы үшін кері байланыстың болуын жобалай білуге дайын болуы тиіс. Ғалым-теоретиктердің алдында аса күрделі мәселе — өзінің еңбегін болжап отырған тұтынушыға жеткізу мәселесі тұр. Бұл жағдайда әсіресе, педагогикалық әрекет, амал құралы ретінде нақты ұсыныс түрін жасай алмайтын іргелі зерттеулер қиындыққа тіреледі.

Келелі теориялық жұмыстардың авторларына өзінің іргелі жұыстарының қолданбалы қасиеттерін іздеуге, абстрактылы идеяларын нақты білім беру құралына айналдыруға тура келеді. Сөйтіп, К.К. Колинның пікірінше, ауқымды ақпараттандыру процесі қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымына, сол қоғамда өмір сүріп отырған адамның ролі мен орнына белсенді ықпал етуде. Сондықтан информатика курсының мазмұнына қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік экономикалық аспектілерін зерттеуге байланысты мәселелер енгізілуі тиіс, сондай-ақ, «акпараттық ресурстар», «ақпараттық қоғам», «ақпараттық қауіпсіздік» мәселелері қамтылуы тиіс. Бұл мәселе қоғамның даму барысымен алдыңғы кезекке шығады да, ғылыми зерттеулерден орынды көрініс табады. Дегенмен, ақпараттандыру процесі ұзақ жүретін процесс, ғалымдардың өзекті міндеті жеке тұлғаның ғылыми көзқарасын қалыптастырудың практикалық жолдарын іздеу және білімді ақпараттандыру мен жаңа ғылыми көлемді технологиялардың дамуы жағдайында кәсіптік жағынан жоғарылауға қабілетті жоғары білімді және жоғары білікті мамандарды дайындауды практикаға енгізуге арналған нақты құралдарды жасау болуы тиіс. Педагогикалық информатиканың ғылым ретіндегі тұрақты міндеттері осындай. Олар аяғына дейін шешілуі мүмкін емес.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.