iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Организмдердің көбеюі туралы слайд

Бұл мәлімет 225 рет қаралды

Көбею — бұл организмдердің ұрпақ беру қасиеті немесе организмдердің өздігінен көбеюге қабілеттілігі. Тірінің басты қасиеті болып табылатын көбею тіршіліктің үздіксіздігін, түрлердің жалғасын қамтамасыз етеді. Көбею процесі ерекше күрделі және генетикалық ақпараттың ата-анадан ұрпаққа берілуімен ғана байланысты емес, сонымен қатар организмдердің анатомиялық және физиологиялық қасиеттерімен, олардың ретімен, гормональды бақылануымен байланысты. Организмдердің көбеюі олардың жетілуі жэне дамуымен бірге жүреді.

kobeyu

Тірі организмдер үшін көбею тәсілдерінің өте көп алуан түрлілігі тән. Сонда да болса көбеюдің екі негізгі жыныссыз жэне жынысты жолын ажыратады (77 — сурет). Жыныссыз көбею немесе апомиксис (грекше: аро — түксіз, mixis — араласу) аталық пен аналығының (клетка немесе көпклеткалы организм) біреуі ғана қатысатын процесс. Слайд беттерінде жынысты және жыныссыз көбеюдің жолдары сипатталады.

Жынысты көбеюде керісінше, екеуі де қатысады, олардың әрқайсысының өзінің репродуктивті жүйесі болады және қосылғаннан кейін зигота (ұрықтанған жұмыртқа) пайда болады, одан соң эмбрионда жіктелетін жыныс клеткаларын (гаметалар) өндіреді. Демек, жынысты көбею кезінде тұқым қуалау факторларының араласуы орын алады, ол процесс амфимиксис (грекше: атрһі — екі жақты, mixis — араласу) деп аталады.

Жүктеу

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>