iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қой туралы мәлімет

Бұл мәлімет 6 619 рет қаралды

Қой басқа үй малдарына қарағанда қолға ерте үйретілген. Шығу тегі, ғалымдардың көп жылдардағы зерттеулерінің нәтижесінде, қазіргі уақытта әлі де кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар қойлардан басталады деген тұжырымға тоқтаған. Әсіресе, муфлонның жетекші орны болған болуы керек, себебі қазіргі қойлардың барлығының да хромосомаларының саны муфлонмен бірдей — 54.

Муфлондар — қазіргі кезде Жерорта теңізінің Сардиния мен Корсика аралдарында, Кавказ тауларында, Иран мен Түркия жерлерінде мекендейді. Муфлондар тау муфлоны және дала муфлоны болып бөлінеді. Тау муфлондары жеңіл, жүрдек, таулардың қолайсыз жағдайына төзімді және берік бітімді болып келеді. Түртүсі қызғылт-тау, қоңыр-қошқыл қылшық жүнді болады. Қошқарларының салмағы 60-70 кг тартады. Аскания-Новада (Украина) академик М.Ф.Иванов муфлон қошқарларымен биязы жүнді саулықтарды шағылыстырып, одан биязы жүнді қой тұқымын өсірген. Тау муфлонынан Роман, Шотланд, т.б. қысқа құйрықты қой тұқымдары тараған.

Дала муфлоны немесе арқар ұзын жіңішке құйрықты және ұзын-майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегі деп есептелінеді. Арал мен Каспий теңіздері аралығындағы далалы аймақта, Қазақстан мен Орта Азияның таулы аймақтарында кездеседі. Дала муфлоны тау муфлонына қарағанда ірілеу, мүйізділеу болып келеді. Денесінде қысқа қылшың, бауырында түбіт жүндер еседі. Түр-түсі — қызғылт-қошқыл. Аргали — құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қой түрлерінің ең ірісі. Тірідей салмағы 180-200 кг, ірілері — 240 кг-ға дейін барады. Орта Азия, Сібірдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс тауларында, Сарыарқа, Ұлытау, Қаратау, Шу, Іле өзендерінің бойында кездеседі. Қошқарының мүйізі ірі, түбі жалпақ, дене түгі сұр-бурыл, қылшың жүнді. Арқар кебіне егіз қоздайды.

Қойдың қолға үйреніп, үй малы болғанына 8-10 мың жылдай болған. Міне, осы ғасырларда жер жүзінде, адамның өсу тарихында, табиғат құбылысында бірнеше тарихи өзгерістер болған. Осы өткен уақыт ішінде жердің өзгешелігіне ауа мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойды әр түрлі қажеттілікке пайдаланған. Тибетте қойды күш көлік, жүк таситын мал ретінде пайдаланса, Египетте қойды жер жыртуға жеккен. Міне, қой адам қолына үйренгеннен кейін бірнеше биологиялық өзгерістерге ұшыраған, Қой тұқымдары кейін бірте-бірте ет, сүт, жүн, тері өнімдерін беруге бағындырылып өсіріле бастаған.

Қазіргі қой тұқымдарының алғашқы жабайы кезіндегі тегімен салыстырғанда көптеген биологиялық-морфологиялық айырмашылықтары бар. Ең алдымен, өзгергені — мінезі, яғни олардың адам ьщғайына қарай ауысып жуаси бастауы. Сейтіп, адам қойды тобымен жүруге көндірді. Олардың бұлай жуасуы сезім ағзаларының, есту, көру қабілеттерінің әлсірей бастауынан деп дәлелдеуге болады. Әрине, бұл ерекшеліктері қой тұқымының әрқайсысында әр түрлі. Тұқымдас қойлардың ішінде кейбірі асау, қашаған болып келетін жабайы тегінен қалған мінез деуге болады. Қойдың жалпы ұрықтану, төлдеу мерзімдері өзгеріп, созылыңқы (5-6 айға дейін) болып, адамның қолайлы деген уақытына икемделгені, төлшілдігінің артуы да биологиялық өзгерістерінің керіністері.

Жабайы қойлар мен үй қойларының тағы бір биологиялық айырмашылығы — жүнінің түрі мен сапасында. Жабайы қойлардың жүнінің түрі қорғаныс қасиетіне қарай, жүрген табиғат ортасының түсіне жақын қызғылт, қоңыр, т.б. түрлерде болса, үй қойларының жүн түстері ақ, ақсары, қара, ақсұр болып келеді. Жүнінің морфологиялық құрамы да өзгерген. Жабайы қойлардың жүні ірі қылшықты, түбіті өте жіңішке және қысқа болса, үй қойларының жүндері түбітті, аралық талшық-ты, қылшығының өзі жіңішке. Жүннің өсуінде де біршама өзгерістер болған. Жабайы қойлар мен үй қойларының мүйіздерінде өзгерістер көп. Үй қойларының мүйіздері жіңішке, қысқа, көбінесе қой тұқымдары тоқал. Жабайы қойлардың құйрықтары қысқа, кіші болса, үй қойларының құйрығы үлкен, ұзын болып келеді. Сол сияқты, үй қойларының ішек-қарны, жүрек, өкпе-бауыры да өзгерген. Үй қойларының жүрегі босаң, еті майлы келсе, жабайы қойлардың жүрегі тығыз, үш бұрышты болып келеді. Жабайы қойдың қошқарлары мен саулықтарының салт көрінісіндегі айырмалары ерекше көзге түседі. Қошқарлары ірі, мүйізді, биік болады, ал үй қойларында қошқар мен саулықтары олай ерекшеленбейді.

Қойдың жалпы басқа малға қарағанда биологиялық ерек-шеліктерінің бірі — бас сүйектерінің бейнесі. Қойдың басы сүйір, жақ сүйектері ұзын, тұмсығы үшкір, еріндері икемді, тез қимылдағыш, тістері өткір, ұсақ болады. Бұл қасиет қойдың жайылым малы екенін анықтап, тапшылықты ұдайы көретінін аңғартады. Қой басының мұндай түрге өзгеруі, зерттеуші ғалымдардың пікіріне қарағанда, өзінің өсу эволюциясында мыңдаған жылдар бойы табиғаттың шөпсіз, қиын, ауыр жағдайларына бейімделуінен болған. Қой басқа үй малдарына қарағанда табиғатта өсетін шөптердің (80-85%) басым көпшілігін жейді, мұның ішінде арамшөптер, ашшы шөптер, басқа мал жемейтін шөптер көптеп кездеседі. Қойдың жеген шөбін қорыту қабілеті де басқа малдардан жоғары. Өйткені, қойдың асқазаны көп камералы, ішегі ұзын, өз денесінен 30 есе ұзын болады. Ал сиырда 20 есе, басқа малда одан да аз. Сондықтан, қой жеген шөбінің 75% -ын түгелдей сіңіреді.

Қойдың ендігі бір биологиялық ерекшелігі — өсімталдығы. Әр 100 саулыққа орта есеппен жылына 130-150 қозы өсіруге әбден болады. Мұндай қасиет төрт түліктің басқаларында (жылқы, түйе, сиыр) әлдеқайда төмен. Қойдың жыныс ағзалары мен жүйесі тез, 5 айда жетіледі. Бірақ бұл уақытта оларды шағылысқа жіберуге болмайды, себебі, басқа ағзалары, онімділік қасиеттері әлі дамып жетіспейді. Қозы алғанмен, ондай малдан жоғары өнім өндіруге болмайды. Сондықтан, ұрғашы қойды бірнеше рет 18 айлығында шағылысқа жіберу жан-жақты негізделген болады. Осының өзінде де қойдан жақсы өнім алып, мал басын жеделдетіп өсіруге болады. Қой қозыны 5 ай көтереді, 150 күннен кейін қоздатып, қозыларын уызға тойдырып, содан соң қолдан жасаған сүтпен асырап, саулықтарды қайта шағылысқа өзірлеуге болады. Саулықтарды жылына екі немесе екі жылда үш рет қоздатудың технологиялары жасалған. Жағдай бар, мамандары жақсы фермаларда бұл технологияларды қолданып, қойды табысты салаға айналдыруға әбден болады. Ол үшін мал азығының жақсы қоры, қоражайлар, ең бастысы, жауапты да білгір мамандар қажет.

Қойдың биологиялық ерекшеліктерінің бірі — оның адамға қажет түрлі өнім беретіні. Қой адам өміріне ең қажетті ет, сүт, жүн, тері, елтірі өндіреді. Басқа малдар бұл өнімдердің кейбір түрін ғана береді. Әрине, қойдан адам өміріне, халық шаруашылығына керекті өнімдердің әр түрлерін бірдей мөлшерде талап етудің озі дұрыс болмас еді. Бұл орайда Ж.Кювьенің коррекция заңын еске алу дұрыс болады. Ғалым: «…әрбір өзінше құралған нәрсе бір жеке тұйық жүйеден тұрады және оны ңұраушы заттар бір-бірімен тығыз байланысты болады да, барлығы бірігіп өзінше бір қажетке жарайды. Ал сол бір-бірімен тығыз байланысты заттың бір бөлігін өзгерту міндетті түрде, екінші бір бөлектің белгілі бір молшерде өзгеруіне әкеліп соғады» деп көрсетеді. Бұл коррекция заңының барлық жерде үлкен теориялық маңызы бар. Ал осыны тірі ағзаға аударсақ былай болып шығады: «әрбір тірі ағза — бір-бірімен тығыз байланысқан химиялық заттардан тұратын күрделі де тұтас дене, оның ең жоғары мақсаты өмір сүру, өсу болып есептеледі». Жалпы биология ғылымының негізін қалаушы ірі ғалым Ч.Дарвин ағзаның өсіп-жетілуін, тұқым қуалау қасиеттерінің жеке белгілерінің биологиялық өзгеруін ағзалардың, дененің үйлесімділік заңы (коррекция) деп атаған. Оның өзін табиғи іріктелу деп дәлелдеген. Осындай ғылыми негізге сүйене отырып, әрбір эволюциялық өзгерісті, болмаса бір күрделі селекциялық жұмыстың нәтижесін, мысалы, жаңа тұқым шығарды көп жылғы еңбектің арқасында болған коррекциялық жүйенің орын ауыстыру нәтижесі деп ұғыну керек. «Еш зат еш жақтан келмейді — бірі-бірінің орнын ауыстырады».

Сонымен, коррекция заңының дәлелдеуімен ағзадағы барлық заттар бір қалыпты өсіп, бірдей мөлшерде дамымайтынының анықталғаны шындық. Ч.Дарвин өзінің ірі қараға жан-жақты жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде былай деп жазған: «Сиырдан… көп сүт сауып, оның үстіне, оның жылдам семіре қоюын талап ету өте қиынға түскен болар еді». Сол сияқты, П.Н.Кулешов та Р.Беквелдің: «Әр қойдың жүнін 2 не 3 фунтқа көбейту үшін оның 10-12 фунт етін жоғалту керек» деген ойын мақұлдай келіп, былай деп жазған: «осы уақытқа дейін бір қойдан әрі жоғары сапалы ет, онымен қоса сондай сапада жүн алынған емес». Міне, осы сияқты зоотехникалық, биологиялық көзқараспен қарағанда өте тұжырымды жүргізілген тәжірибелердің нәтижесі осы кездегі селекционерлердің жұмыс жүргізуіне үлкен жеңілдік және үлгі ретінде пайдалануға жол көрсетеді. Қой шаруашылығында әрбір селекционер қойдың қай тұқымын өсіру керектігін анықтау үшін, ең алдымен сол жердің табиғи ерекшеліктерін, ауа райының құбылысын, азық қорын, географиялық айырмашылықтарын зерттеп, енді осы жерге қандай тұқымды қойдың биологиялық ерекшелігі сай келетінін, қандай тұқымды қой сапалы өнім беретінін анықтау керек.

Өйткені, қойдың биологиялық ерекшеліктері олардың тұқымдарына тікелей байланысты. Кейбір қой тұқымдары кең, жазық, құрғақ ауалы аймақта өзін жақсы сезініп, мол өнім береді. Бұлардың қатарына қазақтың құйрықты қойлары, еділбай қойы жатады. Қайсыбір қой тұқымдары жері шалғын, жазы, ауасы ылғалды жерді жақсы көреді. Бұл топқа Британияның етті-жүнді биязылау қойлары жатады. Кейбір тұқымдар таулы жерлерде жақсы дамиды. Ондай қойларға қазақтың арқар-мериносы, гиссар қойы, алай қойлары жатады. Осы келтірілген биологиялық қасиеттерінің арқасында қой түлігі басқа мал түрлеріне қарағанда дүние жүзінде ең кең тараған, ең көп малдар қатарына жатады. Жер жүзінде қазіргі кезде 600-ден астам қой тұқымдары өсіріледі. Солардың ішінде ыстыққа да аязды суыққа да, таулы жерге де, құмды-шөлейтті жерге де жерсініп өсе беретін қой тұқымдары бар. Мәселе соның ішінен нақты жерге, жағдайға қажетті тұқымды таңдап алып өсіруде. Қой — адам еңбегін ақтайтын мал. Қазақ «мал өсірсең — қой өсір, табысы оның көл-көсір» деп тегін айтпаған. Қойдың осы сияқты жоғарыда айтылған ерекшеліктерін басқа дене бітімі (конституция), сыртқы пішіні (экстерьер), ішкі құрылысы (интерьер) да әр қой тұқымында өзіне төн ерекше болады. Сол ерекшеліктерін селекционер-зоотехник терең зерттеп, онымен жұмыс жүргізген кезде бұл материалдарын өздеріне негіздеуші құрал ретінде пайдалануға тиіс.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>