Көпклеткалы организмдердің клеткалары үшін мамандану және бірігу тән, осылардың нәтижесінде олар ұлпалар деген атқа ие болған құрылымдар түзейді олардан органдар қалыптасады. «Ұлпа» деген терминді алғашқы рет ағылшын Н. Грю сонау 1671 жылы қолданған. Содан бері қарай бұл жүйелер көптеген гистолог-ғалымдардың зерттеу пәні болып табылады. Біздің заманымызда ұлпа деп ұқсас маманданған қызмет атқаратын бірлескен клеткалардың жүйесі мен олардың туындыларын айтады. Бұған қосылатын жағдай, ұлпалар филогенез бен онтогенез кезінде тірі формалардың дамуының нәтижесі болып табылатынын қосу керек.
Ұлпалардың құрамында клеткалар әртүрлі механизмдердің -«тіркеушілер» мен «коммуникациялық» көмегімен бірігеді. «Тіркеуші» механизм дегеніміз — клеткалардың клеткадан тыс матрикске қосыла алуы, ол полисахаридтік гельге батырылған органикалық молекулалар (фибриллярлық белоктар) мен лигандалардың желісі болып табылады. Клеткадан тыс матриксте негізгі белок коллаген, оның полимерлі формалары теріде, сіңірде, шеміршекте, қан тамырларында, ішкі мүшелерде және т.б. жинақталған. Коллаген молекуласының маңызды ерекшелігі сол, оларға үш тізбекті шиыршықты қүрылым тән. Олар бір-бірімен адгезинді қосылыстар немесе әртүрлі клеткалық түйілістер (десмосом) немесе клетка аралық матрикс пен клеткалар арасындағы түйілістер (полудесмосом) түрінде байланысады.
«Тіркелуші» қосылыстардан басқа ұлпалардағы клеткалар үшін «коммуникациялық» қосылыстар да тән, олардың ішінде кең тарағандарына саңылаулық түйілістер деген ат берілген. Осындай түйілістердің бірнеше түрлері ажыратылады. Олар органикалық молекулалардың (клеткадан тыс матрикспен) борпылдақ желісімен толтырылған көрші клеткалардың плазмалық мембраналарының арасындағы саңылау болуы мүмкін, ол клеткалардың саңылаулық түйілістерін қамтамасыз етеді. Әрі қарай, саңылаулық түйілістер бір клетканың плазмалық мембранасының дүмпию (өсінді) түрінде екінші клетканың плазмалық мембранасына енеді және осы дүмпиюлерге жабысады. Саңылаулық түйілістер кіші молекулалардың бір клеткалардан екіншілеріне өтуіне мүмкіндік береді. Жүйке клеткалары жағдайында электрлік және химиялық сигналдарды бір клеткадан екінші келткаларға берілуін қамтамасыз ететін синапстер болады. Кез келген аты аталған клетка аралық түйілістер мембрана аралық байланыстарға негізделгенін көрсету маңызды.
Өсімдіктер клеткаларының бірігу механизмі басқаша болып табылады. Оларда плазмалық мембрана болмағандықтан (бірақ каналдары бар клеткалық қабырға болады) көрші клеткалардың бірігуі олардың цитоплазмалық көпірлермен (плазмодесмалар) қамтамасыз етіледі, ол каналдар арқылы өтетін цитоплазма түрінде болады.
Үлпалардың ұйымдасуы клеткаларда ақпарат алмасудың болуымен байланысты, ол басқа клеткалар үшін сигналдық қызмет атқаратын клеткалардың химиялық заттарды бөліп шығаруымен, түйісу кезінде басқа клеткаларға әсер ететін, клеткалардың үстіңгі мембранасында сигналдық молекулалардың және кіші молекулалармен алмасуға мүмкіндік беретін саңылаулық түйілістердің болуымен жүзеге асады.
Химиялық сигнал беру жүйесі сигналдық молекулалардың көмегімен, мысалы, эндокринді клеткалар бөлетін және қан арқылы нысана-клеткаларға әсер ететін гормондардың көмегімен, сонымен қатар тек жақын орналасқан (көрші) клеткаларға ғана әсер ететін жергілікті химиялық медиаторлар көмегімен жүзеге асады. Нерв жүйесі жағдайында клеткаларды нейромедиаторлар секреттейді. Белоктық гормондардың мысалдары инсулин, соматотропин, адренокортикотропты гормон, ал стероидты гормондар эстрадиол, тестостерон, кортизол және басқалары болып табылады. Сигналдық молекулаларға, сол сияқты, кейбір олигопептидтер (соматостатин, вазопрессин және басқалары), адреналин мен нейромедиаторлар (глицин, ацетилхолин және басқалары) жатады. Жергілікті сигналдық молекулаларға дәнекер ұлпалардың клеткалары (жуан клеткалар) бөлетін гистамин жатады. Сигналдық молекулаларды лигандтар деп те атайды. Олар арнаулы белоктық рецепторлармен нысана-белоктардың бетінде байланысады, нэтижесінде байланысу актісі сигнал тудырады, ол клетканың тәртібіне, мысалы, ұлпалар түзілуге әкелетін, олардың бірлесуіне эсер етеді. Клеткалардың мембраналық бетінде синтезделінетін сигналдық молекулалар простагландиндер болып табылады. Олар өте тез синтезделінеді және өте тез бұзылады.
Жануарларда ұлпалар эмбриогенез кезінде эктодермадан, энтодермадан, мезодермадан және мезенхимадан (гистогенез) түзіледі, ал жоғарыда айтылғандай, ұлпалардың негізгі элементтері клеткалар және клеткалық емес құрылымдар түріндегі олардың туындылары болып табылады. Сонымен, ұлпаны клеткалар мен олардың маманданған қызметтері бар туындыларының бірлестігі деп анықтауға болды. Үлпаларды жіктеу шегінің морфофункциональдық принцип негізінде жануарлар мен адамдарда ұлпалардың: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және нерв ұлпалары, сонымен қатар қан мен лимфа сияқты 5 типін ажыратады.
Эпителиальды ұлпа немесе эпителий дененің үстін, ішкі мүшелердің (қарын, қуық жэне басқалары) ішкі беттерін, сероза қабығының бетін (қарынның көк еті, өкпе қап, үлпершек), сонымен қатар кейбір бездерді (сілекей бездері, ұйқы безі және басқалары) түзейтін клеткалардан тұрады. Сондықтан жабынды және безді (секреторлы) эпителийді ажыратады. Эктодермадан тері эпителийі, энтодермадан -қарын, ішек, өкпе және басқаларының эпителийі, ал мезодермадан -бүйрек, сероза қабығының және басқа құрылымдардың эпителийі дамиды.
Жабынды эпителий ұлпаларының арасынан жалпақ, кубтәрізді, призмалық және кірпікшелі эпителийлерді ажыратады. Жалпақ эпителий терінің үстіңгі қабатын түзейтін жалпайған клеткалардан тұрады және ауыз қуысына, өңешке және қынапқа төсеніш болады. Әдеттегіше, жалпақ эпителий көпқабатты, өңештің, қынаптың шырышты қабығын,тері эпидермисін және басқаларын түзейді. Кубтәрізді эпителий кубсияқты клеткалар, олар бүйрек каналшаларына, жұмыртқаның сыртқы бетіне және басқа органдарға төсеніш болады. Призмалық эпителий цилиндр формалы, олар қарыңды, ішекті, жатырды және басқа органдарды төсейді. Кірпікшелі эпителий бетінде кірпікшелері бар клеткалардан тұрады. Бұл кірпікшелердің соғуына эпителий қабатымен шырыштың жэне басқа заттардың қозғалуы арқылы жүзеге асады.
Безді эпителий призмалық және куб формалы секрет өндіретін клеткалардан тұрады. Олар не әртүрлі секрет бөлетін бірклеткалы бездерден, не болмаса, эндокринді бездер деген атқа ие көпклеткалы бездер ретінде қызмет атқарады, өйткені олар өз қызметінің өнімдерін (гормондар) қан мен лимфаға береді.
Дәнекер ұлпалар нағыз дәнекер, сүйек және шеміршек ұлпаларынан тұрады, мезенхимадан дамиды. Олар клеткалардан және клеткааралық заттардан тұрады. Клетка аралық заттардың құрылымы мен қасиеттеріне байланысты бұл ұлпаның бірнеше типін ажыратады. Талшықты дәнекер ұлпа талшықтан (коллаген), дәнекер ұлпалы клеткаларды (фибробластар, макрофагтар, жуан клеткалар) қоршайтын және осы клеткалардың өнімі болып табылатын клеткаарлық заттан (протеогликанар иен гликопротеидтер) тұрады. Бұл ұлпа көптеген ішкі мүшелердің, шырышты қабықтардың негіздерінің стромасын түзейді, тері мен бұлшық еті байланыстырады, сүйек қабығынның қалыптасуына қатысады.
Сүйек ұлпасы организмнің қаңқасын қалыптастырады. Ол сүйек клеткаларынан (остеоциттерден, остеобластардан және остеокластардан) тұрады және олар бөлетін құрамында белоктар бар, олардың басым көпшілігі коллаген, сүйектің негізгі затынан және кальций тұздарынан тұрады. Шеміршектер де қаңқаны қалыптастырады (эмбриональды күйде). Ересектерде шеміршекті қаңқа тек акулалар мен скаттарда ғана болады. Шеміршекті ұлпа клеткалардан (хондриоциттерден, прехондробластардан және хондробластардан) және клетка аралық заттан (негізінен коллаген) тұрады. Дәнекер ұлпалар тірек, қоректік, қорғаныштық және басқа қызметтер атқарады.
Қан мен лимфа организмнің эмбриональдық кезеңінде-ақ мезенхимадан дами бастайтын, сонан соң қанның полипотентті діңгек клеткаларынан (ҚДК-СКК) дамитын ұлпалар болып табылады. Адамда алғашқы қан клеткаларының дамуы алғашқыда сарыуыз қапшығының қабырғасынан, сонан соң бауырда, сүйектің қызыл майында, тимуста, көкбауырда, эмбрионның лимфатикалқ түйіндерінде пайда болатын тамырлармен қатар дамиды. Қан мен лимфаның түзілуі барлық постэмбриональды кезеңде де жүреді. Қанның маңызды қызметі қоректік, тыныс алу және тасымалдау болып табылады.
Қан өте күрделі туынды болып табылады, ол адамда шамамен дене массасының 5-9%-ын құрайды. Оның құрамынан плазма мен формалық элементтер -эритроциттер, лейкоциттер жэне тромбоциттерді (қан тақтайшалары) ажыратады. Қанның плазмасы 90-93% судан тұрады, онда белоктар, көмірсулар, майлар мен минеральды заттар болады. Эритроциттер, немесе қанның қызыл түйіршіктері (шарлар) ядросыз сопақша келген клеткалар, олардың диаметрі 7,1-7,9 мкм. Еркектің 1 мл қанында 3,9- 5,5 х 109, ал әйелдің 1 мл қанында — 3,7-4,9 х 109 эритроциттер болады. Эритроциттердің негізгі қызметі оттек пен көміртекті тасымалдау болып табылады.