Көбею — бұл организмдердің ұрпақ беру қасиеті немесе организмдердің өздігінен көбеюге қабілеттілігі. Тірінің басты қасиеті болып табылатын көбею тіршіліктің үздіксіздігін, түрлердің жалғасын қамтамасыз етеді. Көбею процесі ерекше күрделі және генетикалық ақпараттың ата-анадан ұрпаққа берілуімен ғана байланысты емес, сонымен қатар организмдердің анатомиялық және физиологиялық қасиеттерімен, олардың ретімен, гормональды бақылануымен байланысты. Организмдердің көбеюі олардың жетілуі жэне дамуымен бірге жүреді.