Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі туралы слайд: Қазак тілінің мемлекеттік тіл дәрежесінде қоғамның барлық салаларында қолданыс табуы үшін, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының толыққанды карым-қатынас тілі болуы үшін казак ұлттық әдеби тілі жалпыхалыктық сипат алуы тиіс. Өйткені мемлекеттік тіл — ұлттың ұйытқысы, халықтық тілдің нормативті базасы. Презентация тілдің нормативті базасын меңгерген, жетік пайдаланған тілтұтынушылардың коммуникаңиясы тілдің толықканды катынас құралына айналғандығының куәсі бола алады. Бүгінде қазақ монотілтұшнушыларының дені ұлттық әдеби тілдің сөйлеу, ауызекі сөйлеу тілін ғана біліп, пайдаланып отырғанын көруге болады. Бүгінде сөйлеу тілінің бейәдеби, карапайым, қарабайыр элементтерін араластырып қолданатын, бөгде тілдің, әсіресе орыс тілі лексикасын молынан қосып, «шұбарланған» қазак тілін пайдаланатын тілдік орта калыптасып үлгерді.
Екеу-ара, үй іші, қарапайым сөйлеу элементтерінен ары аса алмайтын қазак тіліндегі коммуникация тіпті күнделікті, жиі кайталанатын БАҚ құралдары: теледидар, радио хабарларын, баспасөз мәтіндерін, көше, тележарнамалардың мазмұнына түсінбейтін, ресми іс-қағаздар, ғылыми еңбектер мәтініне дендеп бара алмайтын, одан гөрі орыс тіліндегі балама, аударма нұсқаларына тез түсінетін жағдайда қалып отырғаны, калып келе жатқаны шындық. Ұлттық мемлекеттік тіл тек қазақ тілді зиялы кауымның, ақын-жазушы, тілші-ғалымдардың, әдебиеттанушы, журналистердің ғана, яғни белгілі бір элитарлық топтың қолдануында тұракталып келеді. Слайд қазіргі екітілді ақпарат құралдарының: баспасөз, теледидар, радио бағдарламаларының, теле, радио, көше жарнамаларының әуелі орыс тілінде жазылып, жасалып, соның негізінде казак тіліне сөзбе-сөз аударылып, мемлкеттік ұлттық әдеби тілінің стандартына мүлде сәйкес емес мәтіндердің пайда болуы қазак ұлттык әдеби тілдің дамуына үлкен қауіп төндіріп отыр.