Сабырлы революция

Венгриядағы «Сабырлы революция»

Венгриядағы «Сабырлы революция». Венгриядағы саяси жағдайдың дамуына 1956 ж. талқандалған революцияның тәжірибесі күшті моральдық-психологиялық әсер көрсетіп отырды. Осыдан кейін бірнеше рет реформаны жүзеге асыру қолға алынғанымен, олар ептілікпен ерекшеленіп, социализм шеңберіндегі өзгерістерге бағдарланып отырды. Венгрлік реформаторлар таңдаған социализмді біртіндеп іштей өзгерту бағытына орай, Венгрлік социалистік жүмысшы партиясының (ВСЖП) шеңберінде күштерді кайта топтау механизмін қолданып отыруға итермеледі. Бұл өз кезегінде ішкі саяси күрес көрінісін тудырып, ел күшті әлеуметтік күйзелістерден тысқары калып отырды.

1988 жылдың мамырында реформаторлық рухтағы ВСЖП мүшелері Бүкілвенгерлік партконференцияның шакырылуына қол жеткізді. Янош Кадар партияньщ бас хатшысы лауазымынан бас тартуға мәжбүр болды. Бұл қызметті 1987 ж. бастап премьер-министр лауазымын иеленіп келген К. Грос баскарып, реформаторлардың жоғары партиялық жетекшілігінің құрамына И.Пожгай, Р.Нерше және М.Немета кіргізілді. Экономикалық өзгерістер мен саяси жүйені жетілдіруге жаңа бағыттар жария етілді. Сонымен қатар К. Грос ВСЖП билігін сақтап қалу ұстанымдарын жақтаса, И. Пожгай бастаған реформаторлар социализмнен бас тартып, көппартиялықка өту жөніндегі мәселені көтерді.

Орын алған өзгерістер «бейресми» сипаттағы түрлі ұйымдардың пайда болуына жағымды жағдай туғызды. 1987 жылы реформистік көзқарастағы зиялыларды біріктірген Венгерлік демократиялык форум (ВДФ) құрылды. Оның басында тарихшы И. Анталл түрды. Форум аралас экономикаға өту мен жерді шаруаларға қайтарып беру мәселесін көтерді. Еркін демократтар одағы (ЕДО) болса, либералды-демократиялык бірестік ретінде қалыптасып, Батыс елдерінің тәжірибесін қолдануға ерекше назар аударды.

1989 жылдың ақпанында Мемлекеттік жиналыс азаматтардың бірлестіктер мен ассоциациялар кұру құқығы жөнінде заң қабылдады. Бұл көппартиялы жүйені құру үшін мүмкіндік туғызды. ВДФ және ЕДО пікірталастық клубтардан саяси партияларға айналды. Кейбір «тарихи» партиялар да қайта құрылды, мысалы, ауылдарда үлкен колдауға ие болған Ұсақ иелердің тәуелсіз партиясы (ҰИТП). Жылдың соңына таман елде 20 жуық партиялар әрекет етті. Саяси баламалык енді шынайылыққа айналды.

ВСЖП осы фактімен келісіп, жаңадан құрылған партиялар, кәсіподақтар мен баска да ұйымдармен келіссөздер бастауға мәжбүр болды. «Дөңгелек үстелдердің» бірнеше легінен кейін 1989 жылдың 18 сәуірінде Венгрияның көппартиялы құқықтық мемлекетке өтуінің шарттары жөніндегі келісімге қол қойылды. 1989 жылдың жазында Мемлекеттік жиналыска алдын ала сайлау өтті. Олар күштер арақатынасын өзгертіп, депутаттық корпустың реформаторлық қанатын күшейте түсті. Парламент ВСЖП-дан одан ары алшақтай түсті. Елдің саяси өмірінде тәуелсіз рөлге ие бола бастады.

ВСЖП мүшелігінен жаппай шығу үрдісі басталды. Ағымдар мен максатнамалардың еркіндігіне жол беру, жетекшіліктегі кезектегі өзгерістер — осының барлығы ВСЖП беделінің біртіндеп кұлдырау үрдісін тоқтата алмады. 1989 ж. қазанда ВСЖП төтенше съезі партияның таратылуын және Венгер социалистік партиянын (ВСП) кұрылғанын жария етті. Оны Р.Нерш, ал 1990 жылы Д.Хорн басқарды. Партия талай жақтастарынан айырылғанымен, өзінің реформаторлык кейпін жоғалтқан жоқ. Съездің шешімімне келіспеген коммунисттер кейін ВСЖП-ні қайта құрды.

1990 жылдың 8 сәуірінде Венгрияда парламентке сайлау өтті. Венгер демократиялык форумы (ВДФ) сайлаушылардың 25% даусына ие болса, Еркін демократтар одағы (ЕДО) — 20%, Ұсақ иелердің тәуелсіз партиясы (ҰИТП) — 13%, жаңарған Венгер социалистік партиясы (ВСП) — 10,4% жинады. Қайта кұрылған ВСЖП коммунистері кажет 4% жинай алмай, парламентке енген жоқ. И. Анталл бастаған коалициялык үкімет кұрылды. Президент болып ЕДО өкілі жазушы А.Генц сайланды. Осылайша, елдегі жетекшілікке оппозициялық партиялар келді. Елдің атауы да өзгеріп, енді ол Венгер республикасы деп аталатын болды. «Сабырлы», алайда ішкі күйзеліске толы Венгриядағы демократиялык революция осылай жүзеге аскан болатын.

Тақырыпқа байланысты сұрақтар мен жауаптар:

Сұрақ: Қай жылы Венгрия мемлекеті НАТО-ға мүшелікке қабылданды?
Жауап: Венгрия мемлекеті 1999 жылы НАТО-ға мүше болып қабылданды.

Сұрақ: Азаматтардың бірлестіктер мен ассоциациялар кұру құқығы жөнінде заң қашан қабылданды?
Жауап: 1989 жылдың ақпанында

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Бөжеева Б.З. — Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009): оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2010. — 340 б. Мәлімет оқулықтың 268-ші бетінен алынды.

00

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.