iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Саяси оппозиция

Бұл мәлімет 612 рет қаралды

Саяси оппозиция саясаттануда өзекті, көп аспектілі проблема болып саналады, ол ғылыми әдебиеттерде әлі де болса толық зерттелмеген. Қоғамның бүкіл тарихы, биліктін тарихы көбіне көп әртүрлі атаулармен аталған және ол түрлі формада алға шықкан оппозицияның өмір сүру және қызмет ету фактілеріне толы екенін еске салған жөн. Демек, оппозиция саясатта: жалпы саяси жүйе шеңберінде, мемлекеттік билік институттарының ішінде, саяси партиялар немесе қоғамдық ұйымдардың құрамында әртүрлі деңгейде көрінеді. Көбіне көп көшбасшылар, партиялар қоғамда бірге, қатар жүреді де, келекеле бөлініп кетеді, қақтығысып қалады. Қарамақарсы күштер қалыптасады. Олардың мүдделерінің шоғырында билік мәселесі тұрады. Оған деген талпыныс бұл күштерді қарамақарсы тұруға және күреске итереді. Сондықтан билік үшін, оған ықпал ету үшін күрес жүргізуді оппозиция қызметінің басты тәсілі ретінде айту орынды. Оппозиция (лат. oppositio — қарсы шығу) тікелей мағынасында қарсы әрекет, қарсылық көрсету дегенді білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда, оппозицияда конструктивті, қиратушы және бейтараптық жағдайлар (ситуация) орын алады.

Оппозицияның болуы қоғамда тұрақтылықты әрдайым сақтауға мүмкін еместігін ескертеді, өйткені қоғам әр түрлілігімен және адамдардың өз қасиеттерімен, саяси қатынастардың бұлжымастығымен органикалық түрде байланысқан. Мұндай жағдайдың кереғарлығымен қатар, жағымды тұстары да баршылық. Мысалы, оппозиция биліктің монополиялануына жол бермейді. Оппозициясыз саяси режим өзінөзі дамыту мүмкіндігінен айырылады, саяси режим билігі мықтап орнығады. Демократиялық режимдерде оппозицияның болуы биліктің маңызды атрибуты, оның «визиткалық карточкасы» болып табылады. Осы типтегі мемлекеттерде оппозицияның өз мәртебесі, құқы, билікке ықпал ету мүмкіндігі бар. Мысалы, Ұлыбританиядағы «оппозиция Ұлы мәртебелі патшайым» болып табылады, ол — елдегі негізгі саяи институттардың бірі. Сонымен бірге, оппозиция, әлгіде атап өтілгеніндей, қоғамдық тәртіпті бүлдіруші, қиратушы фактордың рөлінде де көрінеді. Демократиялық қоғамда оппозиция өзінің маңыздылығы жағынан құнды саяси институт болып табылатынын атап өту қажет. Тоталитарлық және авторитарлық режимдерде саяси оппозиция ресми танылмаған жағдайға жиі қалады, тіптен қуғынсүргінге түседі, мұндайда опозицияның институттендірілуі жөнінде әңгіме қозғау мүмкін емес. Авторитаризмнен демократияға өту үрдісі кезінде оппозицияның институттендірілуіне белгілі бір уақыт қажет, яғни, саяси тұрғыда ол толық мойындалуы және жария сипат алуы тиіс.

Сонымен бірге қоғамдағы немесе ұйымдағы кез келген қарамақарсылықтың бәрі бірдей саяси оппозиция болып табылмайды. Бұлардың қатарына, мысалы, шығармашылық одақтардағы оппозициялық топтар немесе қайсыбір конфессиядағы оппозициялық элементтер жатпайды. Оппозиция қай уақытта саяси күшке айналады, егер де ол саясат пен биліктің мәселелерін қамтитын болса және өзін қоғамның саяси өміріне басқа да қатысушыларға топ ретінде қарсы қоятын болса. Басқаша айтқанда, саяси оппозицияның басты квалификациялық сипаттамасын саяси институттармен және үрдістермен, саясаттың басқа да субъектілерімен органикалық байланысы құрайды. Айтылғандарды ескере келіп, саяси оппозицияны саяси өмірдің бір субъектілерінің басқа субъектілерге қарамақарсы тұруы ретінде анықтауға болады, ол екінші субъектілср қорғаған саяси нысандарды бірінші субъектілердің толық немесе жартылай жоққа шығаруына ат салысады. Саясаттағы оппозицияны тек билікке қарамақарсы тұрушы деп қана карауға болмайды. Ол басқа саяси партияларға және қозғалыстарға қарамақарсы тұрудан, сонымен бірге өзге де қатысушыларға қарсы тұрудан да көрінеді. Оппозициялық қызметтің субъектілері ретінде жекелеген топтар мен қауымдастықтар (мысалы, шахтерлар, ұлттар), ұйымдар мен қозғалыстарда (саяси партиялар, кәсіподақтар және басқа да қоғамдық бірлестіктер, заң шығарушы орган немесе оның бөлімі, сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары) көрінеді. Алайда саяси оппозицияның өмір сүруіндегі ең басты нәрсе оның әрекет етуші билікке және саяси көзқарастар мен институттарға қатынасы болып табылады.

Оппозиция неден пайда болады дегенде, саясаттың нақты бағыттары мен оны жүзеге асырудың әдістері де, әлеуметтікэкономикалық құрылыс та, саяси жүйе немесе оның жекелеген институттары да, үкіметтің құрамы да, ең соңында, саяси идеологияда саяси объектілер болып көріне алатынын айтуымыз керек. Ғылымда болсын, қарапайым сана деңгейінде болсын, саяси оппозиция көбінекөп саяси (мемлекеттік) билікке қарсы тұруымен байланыстырылады. Сондықтан саяси оппозицияның қалыптасуының ортақ алғышарттарын бөліп көрсету қажеттігі туып отыр. Ондай алғышарттардың екі түрі бар: әлеуметтік және институционалдық. Қоғамның үлкен топтарының әлеуметтік мүдделері бірбіріне қарамақайшы келуі саяси оппозицияның пайда болуының ең терең негізі болып табылады. Осылайша «әлеуметтік мүдде» дәл осы жағдайда түсінігі ең кең мағынада алынған, яғни, экономикалық, ұлттық, діни және т.б. мүдделер. Билеуші режим кайсыбір мүдделерді ұсынғандықтан, ал соған қарамақарсы мүдделер де сол сияқты өздерінің саяси өкілдікте және саяси күресте көрінуін талап етеді. Қарамакарсы немесе сәйкес келмейтін бұл мүдделерді білдіретін өз бағытбағдарлары бар әртүрлі қоғамдықсаяси қозғалыстар, олар саяси оппозиция ретінде көріне алатын партиялар немесе коғамдық ұйымдар бола алады. Сонымен, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресейде капиталистік қатынастардың қалыптасу базасы мен авторитарлық режимнің стагнация сатысына өтуінің негізінде елдің объективті даму қажеттіліктерінің арасында салмақты қарамақайшылық анықталды. Ресей империясының капитализмге дейінгі тарихи кезеңіне тән басқарудың ескі дәстүрлі әдістерін қолданға қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктері, авторитарлық режим сыртында белгілі бір әлеуметтік күштер тұрды, олардың мүдделері тез алшақтап кетті. Прогреске мүдделі сол күштер, әрине, режимге қарсы саяси оппозицияны тудырды. XX ғасырдың 90 жылдарындағы реформаға дейінгі Ресейде қоғам реформа туы астында билік пен меншікті бөлуден табысқа жеткендер болып, одан анық жеңіліс тауып, елдің шетінде қалғандар болып жіктеліп кетті. Ресейдегі экономикалық даму стратегиясының таңдалуын қате деп сипаттаған көрнекті Венгрия экономисі, бүгінде Гарвард университетінің профессоры Я. Корнаи ваучерлік жекешелендірудің елге танылып, меншікті менеджерлер мен шенеуніктердің жақындарының қолына өткізуде жаппай манипуляция жасалғанын айта келіп, мынандай қорытынды жасайды: «Мұндай меншікті реформалау тарихта бұрын кездеспеген прецедент болды, оның барысында елдің табиғи ресурстарын, әсіресе мұнай мен газды олигархтар экспропирациялады». Одан әрі ол: «Егер де, жекешелендіруді басқаша жүргізген болса, онда ел аса кеп әлеуметтік шығындардан аман болар еді, сөйтіп ассоциацияланған Ресейде коммунистік кезең жөнінде күшті сағыныш болмаған болар еді» — деп атап көрсетті. Мұндай «реформалаудан» ұтқандар әлбетте биліктің әлеуметтік тіреуішіне айналды, ұтылғандар оған қарсы оппозиция бола алмады және саяси өкілдікті қажетсінді, оның функциясын әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар өзіне алды.

Алайда, жария оппозицияны калыптастыру үшін бірыңғай әлеуметтік бөліну фактісі жеткіліксіз. Бұл факт бүкіл қоғам немесе оның негізгі топтары тұрғысынан оппозицияны жария ете алмайды. Сонымен бірге, қоғамда дағдарыстық күйдің орныққан кезінде және саяси күрестің шиеленіскен жағдайында кайта жанданған күштер белең алатынын есепке алу керек, мысалы, авторитарлық режим оппозицияны қуғындайды немесе жояды. Мұндай жағдай Кеңестік Ресейде ВКП (б) оңшыл және солшыл уклондармен күрес кезінде болған еді және кейбір латынамерикасы елдерінің кейінгі тарихында да орын алғаны белгілі. Сондықтан, оппозицияны түбегейлі қалыптастыру үшін тек әлеуметтік алғышарттар ғана маңызды емес, кейбір институционалдық жағдай да кажет. Институционалдық алғышарттарға, ең алдымен, оппозиция құру, пікірін білдіру еркіндігі, еркін саяси қызметті жүзеге асыру, сайлау күресіне қатынасу, Парламентте және мемлекеттік биліктің жалпы ұлттық, аймақтық немесе жергілікті деңгейдегі атқарушы органдарын өкілеттігі болуға жету құқын заңмен бекітуді жатқызу қажет. Институционалдық алғышарттардың қатарына оппозициялық саяси партиялар мен олардың көшбасшыларын қаржыландыруды да қосуға болады, мұндай жағдай, мысалы, Ұлыбританияда орын алып отыр. Институционалдық алғышарттар көбінесе авторитарлық режимнен демократиялық режимге өту үрдісі кезінде жасалады да, қоғамда және оның саяси жүйесінде демократиялық қағидаттар мен құндылықтар басымдыққа жеткенде нығаяды. Көрсетілген институционалдық алғышарттар әр елде бірдей емес және қоғамның қалыптасқан саяси даму дәстүрі мен сипатына байланысты саяси оппозицияның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған тұтас нормалар жүйесі құрылған. Британдық типтегі парламенттік жүйеде іске жауапты парламенттік үкіметтің пайда болуы Үкімет пен оппозиция арасындағы жарыстық қатынастардан туындаған және күшейген. Үкімет өз позициясын күшейту үшін артқы орындықтарда отырғандар (парламенттік көпшіліктің қатарындағы мүшелері) тарапынан топтасқан қолдауды қажет етеді. Оппозиция өз тарапынан үкіметті сынау үшін және халықтың көз алдында өздерін балама әкімшілік ретінде көрсету үшін бүкіл ресурстарын мобилизациялауы тиіс.

«Көлеңкелі кабинет» құру Ұлыбританиядағы оппозицияның бір міндеті болып табылады. Институционалдық алғышарттардың қатарына бұл елде саяси оппозицияның өмір сүруін қамтамасыз ететін үкіметке өзінің тандауы жөніндегі мәселені ресми талқыға кою құқығын иеленгендігін жатқызуға болады, ол үшін оппозицияға арнайы күндер берілген, оларды «оппозиция күндері» деп атайды. Оппозиция өкілдері қауымдар палатасының бірқатар негізгі комитеттерін басқарады. Сайлау қарсаңындағы науқан кезінде әлі де іс үстіндегі үкіметке және ресми оппозицияға радио хабарларын пайдалануға бірдей уақыт беріледі. Канадада Үкімет пен оппозицияның арасындағы қатынас негізінен шиеленісті болғанына қарамастан, Парламентті жұмысшы органы ету үшін және жүгенсіз кеткен бақталастықты шектеу үшін екі жағы да қауымдар палатасында белгілі бір тәртіп нормаларын жасаған. Оппозиция мүшелері Үкіметтің басқаруды жүзеге асырудағы жауапкершілігін мойындайды, бұл мәселеде кейде оған қолдау көрсетеді, бірақ Үкімет саясатын сынау құқын сақтап қалады. Үкімет өз кезегінде оппозицияның сынаушылық құқын мойындайды, бірақ оған обструкция құқын беруді жоқка шығарады. Институционалдық алғы шарттарға саяси оппозицияның іс үстіндегі билікті және оның саясатын жаппай мойындалған сынау құқымен қатар, Премьерминистрдің үкіметтік сағатта сұраққа жауап қайтаратындығына қарамастан, Парламент отырыстарының күн тәртібін белгілеуге ықпал етуін, парламенттік тексеруді жүргізуге себепші болу кұқын жатқызу кажет. «Канададағы саясат: мәдениеті, институттары, ашық саясат пен тәртіп» атты сүбелі еңбектің авторлары жазғанындай, мысалы, «билеуші партия қауымдар палатасының, үкіметтің жұмыс графиктеріне түбегейлі бақылау жасайды, ал, оппозиция болса, палатадағы әр жақтың көшбасшыларының арасындағы келісімнің құндылығын мойындайды немесе партия қамшысымен ынтымақтасу рухын нығайту үшін парламенттік уакыттың қалайша жұмсалатынын назарда ұстайды.

Оппозиция көбінекөп азшылық болғандықтан, азшылықтың құқын қорғау туралы мәселе оның институционалдануының принциптік мәселесі болып табылады. Оның күрделілігі бәрі мойындаған көпшілік дауыспен шешім қабылдаудың демократиялық ережесінде жатыр. Бұл тұрғыдан келгенде, азшылықтың көпшілікке бағынуы — шындығында да демократиялық норма. Алайда, бұл жағдайда азшылықтың немесе көпшіліктің жаппай зорлықзомбылық орнатуының шынайы қаупі сақталады. Сондықтан, демократиялық қоғамда оппозиция институтына азшылықтың белгілі бір құқына кепілдік беретін нормалар енгізілген. Бұлар — азшылықтың өз пікірін еркін білдіру және тарату құқын, көпшіліктің позициясын сынау, қабылданатын шешімдерде өз көзқарастарын мойындатуға және позициясын есепке алуға заңды әдістермен қол жеткізу құқын қамтамасыз ету нормалары. Азшылықтың белгілі бір жағдайда көпшілікке айналу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды, мысалы, өз жағына ойы құбылып тұрғандарды сендіру және тарту арқылы. А. Лейпхарттың пікірі бойынша, азшылықтың көпшілікке айналуының екі жолы бар: бірінші жол  пікірлері тұрақсыз сайлаушылардың айтарлықтай бөлігі өз даусын билікте тұрған партияға немесе басқа да партияларға емес, оппозицияға беруі мүмкін, осылайша оған жаңа үкіметті қалыптастыру үшін кажетті көпшілікке қол жеткіздіртеді; екінші жол ауыспалық жүйесі арқылы іске асады, мұнда бірнеше жыл бойы әрбір партия кезекпен үкімет құрамына енеді.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>