iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақстан Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында

Бұл мәлімет 6 432 рет қаралды

1. Шетел интервенциясының басталуы. 1918 жылы көктемде Кеңес республикасы аумағында шетелдік соғыс интервенциясының өрті тұтанды. Шетелдік соғыс интервенциясының етек алуына Антанта елдері дайындап, солардың нұсқауымен жасалған 1918 жылы 25 мамырдағы Чехословак корпусы билігінің үлкен әсері болды. Бұл іс жүзінде Азамат соғысының басталуын білдірді. Чехословак корпусының бүлікшілері ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып Сібірдің бірқатар қалаларын, Оралды және Қазақстанның — Петропавл, Ақмола, Қостанай, Атбасар, Семей қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі Ресейдің басқа аймақтарындағы большевиктерге қарсы күштерді қозғалысқа келтірді. Поволжьенің бірқатар аудандарында көтерілістер бұрқ ете түсті. Кеңес өкіметіне қарсы қолдарына қару алған атаман А. И. Дутов бастаған Орал және Орынбор казактары көтерілді. Шілде айында бүліктер мен көтерілістер Мәскеу мен Ярославльде болып өтті. Олардың ізінше қолдарына қару алған ішкі контрреволюцияның күштері Қазақстанның солтүстік аудандарында бас көтерді. Шаруалардың бүліктері көбейді. Бұл күштердің қолына бүкіл Солтүстік жөне Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанның көп бөлігі қарады. Әскери-саяси жағдай төтенше ауыр болып шықты. Кейбір бас көтерулерді большевиктер басып-жаныштады. Алайда Қазақстанның елеулі аумағында Кеңес өкіметі құлатылып, коалициялық үкіметтер құрылды.

2. Қазақстандағы Азамат соғысының ошақтары. Қазақстандағы Азамат соғысының ең алғашқы ошақтарының бірі 1917 жылдың қарашасында Орынбор қаласында пайда болды. Соңынан большевиктерге қарсы күштер мен Кеңес өкіметімен күрес орталықтары Оралда, Жетісуда қалыптаса бастады. Болыневиктерге қарсы күштер (ақ гвардияшыл офицерлер, кулактар, кадеттер, эсерлер, меньшевиктер, «Алаш» партиясы, «Шура-ислами» ұйымының басшылары) мен саяси қозғалыстардың өкілдері өкімет билігін басып алып, жергілікті Кеңестерді қуып таратты. Қазақстандағы ақ гвардияшыл контрреволюциялық қозғалыстың негізгі тірегі болған облыстық әскери үкіметтерді қүрды. Омбыда адмирал Колчак басқарған Уақытша сібірлік ақ гвардияшыл үкімет құрылды. 1918 жылы шілдеде Орынборды атаман Дутов басып алып, Кеңестік Түркістанды Ресейден бөліп тастады. Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Азамат соғысы мен Кеңес өкіметін құлату жағдайларында Кеңестерге қарсы бірігіп күресу мақсатымен Орынборда Дутовпен одақ жасасты. Омбыдағы Уақытша сібір үкіметімен тығыз қарым-қатынас орнатып, Орал, Сібір, Жетісу казактарымен байланыстарын нығайтты. Сондай-ақ Алашордаға қарулы күштерді құруға жәрдем сүрау мәселелері де қарастырылды. Алашорда Самарадан 600 винтовка мен пулемет, 300 бердеңке, 20 мың патрон мен елеулі мөлшерде киім-кешек алды, солардың көмегімен екі атты өскер полкын құру мен отрядтарды әскери іске үйретуге кірісті. Жаңадан құрылған және үйретілген алаш құрамалары Қызыл Армияға қарсы қарулы күреске қатыса бастады.

Қазақстан майдандарындағы соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне өскери көмекті Орталық көрсетті. Қызыл Армия қүрамына қазақтар да кірді. Үлттық әскери қүрамалар, бірыңғай Қызыл Армияның қүрамдас бөліктері — Орынбор қазақ полкі, қазақ эскадроны төрізді бөлімдер қүрыла бастады. Ақ гвардияшылармен күресте партизандық қозғалыстың ошақтары Ақмола, Семей облыстарында құрылды. Азамат соғысының барысында Қазақстан тарихында Черкасск қорғанысы орын алды. Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері, 22 және 25-Чапаев дивизиясының ұрыс қимылдары, Орал мен Орынборды ерлікпен қорғау сияқты маңызды оқиғалар болып өтті.
Қазақстандагы Азамат соғысы жылдарында нағыз қаһармандық пен табандылықтың үлгісін Ә. Жангелдин экспедициясы танытты. Ә. Жангелдин бастаған экспедицияға ақ гвардияшылармен шайқаста ауыр жағдайда қалған Ақтөбе майданының әскери бөлімшелерін қару-жарақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. 1917 жылғы тамыз — қараша айларында Мәскеуден Шалқар станциясына дейінгі 2 мың шақырымнан астам жолды экспедиция ерлікпен жүріп өтіп, алға қойған мақсатын орындап шықты.

1919 жылы жазда Шығыс майданда Колчак армиясының жеңіліске үшырауына байланысты Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат ету мүмкіндігі пайда болды. 1919 жылдың соңында ақ гвардияшылардан Қазақстан аумағы түгелге дерлік азат етілді. 1920 жылы наурызда Қазақстандағы Азамат соғысының соңғы майданы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Біртіндеп бүкіл Қазақстан аумағындағы Кеңес окіметі қалпына келтірілді. 1919 жылы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ өлкесін басқару жөнінде Революциялық Комитет (Қазревком) құру туралы декрет жариялады. Қазревкомның ең негізгі міндеттерінің бірі — қазақ халқының кеңестік үлгідегі мемлекеттілігін құру болды. Кеңес өкіметін орнатудың ізінше ескі мекемелер, басқару органдары мен Уақытша үкімет Комиссарларының қызметі, шенеуніктік отаршылдық әкімшілік аппараты, қоныс аудару басқармалары жойылып, ескі сот жүйесі қайта қүрылды. Жұмысшы-шаруа кеңестерінің орталықта және жергілікті жерлерде өкімет билігін басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ оған наразы халық топтарының қарулы қарсылығын туғызды.

3. Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері мен салдары. 1920 жылдың соңында Азамат соғысы аяқталды. Ресейдің шеткері аймақтарында Кеңес өкіметіне қарсылық көрсетудің жекелеген ошақтары ғана қалды. Қазақстандағы қарулы қарсы тұру Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі еді. Қазақстандагы Азамат согысының ерекшеліктері қандай? Бәрінен бұрын өлке өнеркәсіп орындарының, темір жолдардың жеткіліксіздігімен, халықтың аздығы, аумақта төрт казак әскерінің болуымен ерекшеленді. Күштердің арасалмағы Кеңес өкіметі үшін қолайсыз еді. Сыртқы шекаралардың жаңындығы (Синьцзян) Қызыл Армияның жауларына шекаралас аудандарда әскери базалар қүруды жеңілдетті. Сонымен қатар орасан үлкен аумақта майдандардың шашырап орналасуы және майданның бірыңғай шебінің болмауы өскери операцияларды үйлестіруді қиындатты. Азамат соғысы мыңдаған адам омірін қиды, кейбіреулері отандарынан мүлдем айырылды. Экономиканың Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталған қүлдырауы күшейе түсті. Әр түрлі аудандардың, халық шаруашылығы салаларының, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, қала мен деревняның арасындағы экономикалық байланыстар бүзылды. Азық-түлік пен ең қажетті бұйымдардың тапшылығы өткір сезілді, қағаз ақша (рубль) құнсызданды. Қазақстанда көмір өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 5 есеге, мұнай өндіру 4 есеге қысқарды.

Қираған шаруашылықты қалпына келтіру мен бейбіт қүрылысқа көшудің қиындықтары Қазақстанда,өткен отарлықтан мұраға қалған экономикалық жөне мәдени арттақалушылықпен тереңдей түсті. Өлкенің ауыл шаруашылығында әр түрлі: егіншілік, малшылық және егіншімалшылық бағыт орын алды. Бірақ олардың бөрі ғылым мен техниканың жетістіктері аз қолданылатын дамудың төменгі деңгейінде еді. Бірінші дүниежүзілік және Азамат соғыстарының экономикалық салдарлары өлкенің бүкіл халқы үшін апатты болды. Экономикалық қиыншылықтардың ауыртпалықтарын 1916 жылдан, тіпті одан да ертеректен тартып келе жатқан қазақтардың көпшілік болігінің жағдайы өте мүшкіл халде еді. Азамат соғысы империяның ішкі нарықтық қатынастар жүйесін бұзды. Егін егілетін жер көлемі қысқарып, жиналған астық мөлшері азайды. Мұндай жағдайдың негізгі себебі — соғыс кезінде жыртылатын жерлердің басым бөлігінде әскери өрекеттердің жүргізілуі еді. Мал жемінің қоры жетіспеді, жемдік астық сатып алуға теуелді болғандар өздеріндегі мал басын азайтуға мәжбүр болды. Малды сою және жем-шөптің жоқтығынан олардың қырылуы мал шаруашылығындағы жағдайды шұғыл нашарлатып жіберді. Азамат соғысынан кейін жағдай одан әрі нашарлай түсті.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>