Құстар

Слайд: Құстар туралы презентация

Презентация тақырыбы: Құстар класы (Aves) — бұл систематикалық топқа биологиялық және анатомиялық қасиеттері жағынан ұшуға және қатты субстратта қозғалуға бейімділігі бар омыртқалы жануарлар жатады. 9000-ға жуық түрі белгілі. Жер шарының барлық аудандарында тараған, деседе, ең көп саны тропикада жинақталған. Құстардың құрлықтағы қозғалысы екіаяқты (артқы аяқтары). Алдыңғы аяқтары өзгеріп қанатқа айналған, онда үш саусақтың қалдығы сақталған. Тұлғасы жинақы, қанаттарының бұлшықеттері бекитін үлкен төсі болады. Бассүйек қаңқасының сүйектері мен қаңқасы ауаға толы. Сүйекті қүйрығы қысқарған. Қаңқа көкірек клеткасының аймағында жақсы жетілген. Бас-сүйек қаңқасының сүйектері біріккен. Мойын омыртқалары өте қозғалмалы. Бел, сегізкөз және құйрық омыртқаларының біразы бірігіп кеткен.

wild-geese