cells

Пиноцитоз дегеніміз не

Пиноцитоз (от грек. ріпо-ішу және cytos-клетка) деп клеткалар сұйықтықтарды жэне оларда болатын жоғарғы молекулалы заттарды плазмалық мембрананың дүмпуі арқылы сорып алу және көпіршіктер (каналшалар) түзу (оларға сұйықтық түседі) процесін айтады. Каналшалар сұйықтыққа толған соң бөлінеді, цитоплазмаға түседі және лизосомаларға жетеді, ол жерде қабырғалары қорытылады, нәтижесінде каналшалардағы зат (сұйықтық) босанады және лизосомалық ферменттермен әрі қарай өңделуге түседі. Пиноцитоз бірклеткалы жануарларда жиі кездеседі, көпклеткалыларда ол қантасымалдау және лимфа жүйелерінде, қатерлі ісік клеткаларында, сол сияқты зат алмасудың жоғарғы деңгейі тән ұлпалардың клеткаларында байқалады.