lizard

Бауырымен жорғалаушылар класы

Бауырымен жорғалаушылар класы (Reptilia) — бұл нағыз алғашқы құрлық омыртқалылары. Бұл кластағы түрлер саны 7000-ға жетеді. Жер шарының көптеген аймақтарында мекендейді. Оларға тән ерекшеліктерге құрлықта жұмыртқа салып көбеюі, тек өкпесімен тыныс алуы, ал терісінде мүйізді жабынының болуы жатады. Жұмыртқаларында қорғаныш қабығының (қатты қабық) және сарыуыздың көп болуы тән, бұның өзі құрлықта тіршілік етуге алғашқы бейімділік екендігін көрсетеді. Бұл класс организмдерінде эмбрионды қоршайтын қабықтар да (осы қабықтардың бірі амнион) дамиды. Осындай маңызды көбею ерекшеліктеріне қарай бауырымен жорғалаушыларды амниотаға (құстар және сүтқоректілермен бірге) жатқызады. Бауырымен жорғалаушыларда бессаусақты аяқтардың әрі қарай дамуы жүзеге асқан. Оларда алғашқы рет үлкен жарты шарлардың қыртысы пайда болған.

Дене жамылғысы мүйізді қабыршақтар, қалқаншалар немесе тақтайшалар жапқан теріден тұрады және онда шырышты бездер болмайды. Терінің мұндай қасиеттері денедегі осмос қысымын қоршаған ортаға байланыссыз болуын қамтамасыз етеді.

Денесі бастан, мойыннан, тұлғадан, құйрықтан және аяқтардан (жыландардан басқаларында) тұрады. Қаңқасы прогрессивті дамуымен сипатталады. Сүйекті болғандықтан ол бас (бассүйек қаңқасы), мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Бір түрлерінде бассүйек тұтас (көз, танау және төбекөз үшін тесіктерден басқа), екіншілерінде жеке сүйектерге жіктелген. Омыртқа жотасының мойын бөлімінде ауыз (атлант) және білік (эпистрофей) омыртқалар болады, ол бастың қозғалу қабілеттілігін арттырады. Аяқтары, қүрылысы бойынша қосмекенділер мен сүтқоректілерді арасынан орын алады, 5 саусақпен аяқталады. Қаңқалық бұлшықеттер қосмекенділерге қарағанда біршама күштілеу. Асқорыту жүйесі біршама жіктелген. Соқыр ішектің бастамасы бар.

Тыныс алу жүйесі кеңірдектен тұрады, ол өкпеге енер алдында екі бронхыға бөлінеді. Өкпесі жұқа қабырғалы қапшықтан тұрады, олар торлы құрылымға ие. Терімен тыныс алу жойылған, ол тыныс алудың бірден-бір мүшесі ретінде өкпенің жетілуіне және көкірек клеткасында тыныс алуға қатысуына алып келген.

Қантасымалдау жүйесі де әріқарай жетілуімен сипатталады. Жүрек үш камералы, қарынша толық емес перде арқылы венозды және артериальды жартыға бөлінген. Нағыз төрт камералы жүрек тек қолтырауындарда (крокодилдер) кездеседі, олардың оң және сол жүрекшелері толықтай жекеленген, жұқа пердемен бөлінген. Бауырымен жорғалаушыларда қан айналудың екі шеңбері болады, бірақ олар әлі де болса толықтай ажыратылмаған (тіпті, қолтырауындардың өзінде де, нәтижесінде қан әліде жартылай арқа аортасында араласады (қосмекенділердегідей сияқты).

Шығару жүйесі жүп екінші жамбас бүйректерінен (метанефрос) және жұп несепағардан тұрады, олар клоакаға құйылады, бұл жерге бір мезгілде және қуықта ашылады. Бүйректің құрылысының ерекшелігі сол, шумақтардың салыстырмалы сүзу ауданы азайғанда, өзекшелердің ұзындығы артады. Бүйректің осмос реттелу қызметі мүлдем анық емес, өйткені бауырымен жорғалаушлардың денесінде артық су жоқ.

Жүйке жүйесі де прогрессивті белгілерімен сипатталады. Соның ішінде миы басқа құрлық жануарларының миына тән белгілерге ие. Сопақша мида иірім қалыптасқан, ол әдетте, барлық амниоталарда кездеседі. Сол сиқты мидың үлкен жарты шарларының қыртысы қалыптасқан. Мидан бассүйек нервтері шығады (12 жұп). Көзбұршақтың қисықтығын өзгерту қабілеттілігінің есебінен біршама жетілген көру тән. Кірпікшелі денеде көлденен-салалы бұлшықет дамыған. Есту органдарында қошқармүйіз үлкейген, есту капсуласында екінші саңылау бар. Иіс-сезу органдары мұрын қабыршақтарының жақсы жетілуімен, екінші таңдайдың дамуымен ерекшелінеді. Якобсон органы жақсы дамыған, ол жемтігінің иісін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бауырымен жорғалаушылар жоғары сатыдағы жануарларға тән барлық эндокринді бездерге ие. Бауырымен жорғалаушылардың дене температурасы қоршаған ортаға байланысты.

Бауырымен жорғалаушылар дара жыныстылар, оларға жыныстық диморфизмнің жетілуі тән. Бір бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салушылар, екіншілері — тірілей туушылар болып табылады. Тірі жүмыртқа туу кең таралған. Жынысы генетикалық жағынан тек кейбір кесірткелердің түрлерінде, мүмкін, барлық жыландарда, анықталынады. Деседе, көптеген бауырымен жорғалаушылардың жынысы генетикалық жолмен емес, сыртқы ортаның факторларының, соның ішінде температураның, әсерлерімен анықталады. Мысалы, тасбақалардың көптеген түрлерінде жоғары температураның эсерінен дүниеге тек аналықтарының, төменгі температурада тек аталықтарының келуімен іске асады. Қарама-қарсы жағдай қолтырауындарда және кейбір кесірткелердің түрлерінде байқалады.

Бұл кластың жануарлары Қабыршақтылар (Sguamata), Тасбақалар (Сһеіоnіа), Қолтырауындар (Crocodylia) және Алғашқы кесірткелер немесе Тұмсықбастылар (Prosauria немесе Rhyncocephalia) отрядтарына бөлінеді. Жыландардың маңызы сол, көптеген түрлері улы бездермен жэне тістермен жабдықталған. Шаруашылық маңызы олардың терілерінің құндылылығымен анықталады. Тасбақалардың шаруашылық маңызы бар, өйткені кейбір түрлері және олардың жұмыртқалары тағамға жарамды. Қолтырауындарда да шаруашылық маңызға ие, бірақ жыртқыш ретінде адамдарға шабуыл жасайды.

Бауырымен жорғалаушылар құстар мен сүтқоректілерді арғы тектерінің формалары ретінде эволюцияның негізгі бағанасына енеді. Өте көне бауырымен жорғалаушылар котилозаврлар болды, олар таскөмір кезеңінде стегоцефалдардан шықты. Котилозаврлардың дамуы бірнеше эволюциялық бұтақтардың (ихтиозаврлардың, плезиозаврлардың) бастамасын берді. Тұйық бүйір топ ретінде анапсидалар бөлініп шықты,олардың қазіргі ұрпақтары, триас та пайда болған, тасбақалар болып табылады. Бауырымен жорғалаушылардың эволюциясындағы маңызды жаңалық майда бауырымен жорғалаушылардың (диапсидтердің) пайда болуы еді, олардың бассүйектерінде, самай аймағында, екі тесік болды. Бұл бауырымен жорғалаушылардың ұрпақтарының бірі қазіргі кезде салыстырмалы түрде аз өзгерген гаттерия болып табылады. Кесірткелер мен жыландар бассүйектің эрі қарай өзгеруі нәтижесінде диапсидтердің арғы тектік формаларынан дамыған. Басқа диапсидтік формалар археозаврлардың («билеуші рептилиялар») бастамасын берді, олардың ұрпақтары триастың аяғында пайда болған қолтырауындар болып табылады. Мезозойда бұл топ динозаврлар мен ұшатын бауырымен жорғалаушылар түрінде гүлденді. Диапсидтердің бір бұтағы құстар үшін арғы тек болуы да мүмкін.

Көне котилозаврлардың бағанасының өте ертедегі бүйір бұтағынан терапсидтерге баратын сүтқоректілерді еске түсіретін бауырымен жорғалаушылардың желісін берген деп жорамалдайды. Бұл жануарлардың қалдықтары пермь мен триаста табылған. Бұлар рептилиялар мен сүтқоректілердің алғашқы рет триастың аяғында пайда болған арасындағы көпір болып саналады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.