Фагоцитоз (грек. Phagos-жалмау және cytos- клетка) процесінің мәні сол, лейкоцит-клеткалар (макрофагтар мен нейтрофилдер) өздерінің клеткалық мембраналарын томпайту арқылы қатты заттарды (клеткалардың бөлшектері, бактериялар) қоршап алады (қаптап алады) және көпіршіктер түзейді, соңынан олар плазмалық мембранамен бірігеді және клетка ішіне ашылады. Клетка ішіне енген бөлшектер лизосомаларға түседі, онда клеткалық (лизосомалық) ферменттердің көмегімен бұзылады және сонан соң клеткалармен сіңіріледі. Фагоцитоз бірклеткалық организмдер арасында кең тараған. Көпклеткалыларда (сүтқоректілерде) ол маманданған клеткалармен (лейкоциттермен) орындалады. Қарапайымдыларда фагоцитоз қоректену формасы болып саналады, оның нәтижесінде қатты бөлшектер лизосомаларға енеді, сол жерде қорытылады, қорек болып табылатын өнімдерді түзейді. Сүтқоректілерде фагоцитоздың биологиялық мәні сол, ол организмнің иммундық (фагоцитоздық) қорғанышын қамтамасыз етеді.