Жүйке жүйесі

Жүйке жүйесі слайд (презентация)

Қарапайымдарда жалпы түсінік бойынша жүйке жүйесі болмайды, бірақ олардың цитоплазмасында қозғыштық пен қозғалыс апараты болады. Атап айтқанда, парамецкийлердің цитоплазмасының орталық нейромоторлы массасы фибрилдер арқылы әрбір кірпікшемен байланысқан, сөйтіп олар қарапайым реттеуші орталық және өткізуші жүйені құрайды. Жүйке жүйесінің қарапайым түрі ішекқуыстыларда кездеседі. Пайда болудың алғашқы сатысы эпителиальды клеткалардың нейросенсорлы элементтерге жіктелуінен басталған. Осы клеткалардың сыртқы қабаты рецепторлар қызметін атқарады, осының түбінен жүйке талшықтары бұлшық ет клеткаларына тармақталады. Нағыз өткізгіш қызметін атқаратын жүйке клеткалары нейрон да алғашқы рет осы ішекқуыстыларда кездеседі, ол катехоламинді бөледі.

Жүйке жүйесінің әрі қарай дамуы организмдердің радиальды симметриядан билатериальдыға ауысуына байланысты болды, бұл кезде жүйке клеткаларының шоғыры дененің әр бөлігінде орналасты. Жалпақ құрттарда жүйке клеткаларының шоғырынан жүп бас жүйке түйіні пайда болумен аяқталды, бүлардан сезім мүшелеріне және жүп жүйке бағаналарына жүйке талшықтары барады, ол бас бөлімнен бүкіл дене бойымен құйрық бөлімге дейін тармақталған. Жүмыр қүрттарда жұтқыншақ маңында бас жүйке түйіндерінің бірігуінен жұтқыншақ маңы жүйке сақинасы пайда болды, ал буылттық құрттарда жүп жүйке түйіндерінің дененің әрбір бөлігінде орналасуына байланысты жүйке тізбегі дамыды. Буынаяқтыларда жүйке клеткаларының шоғырлана түсуінің нәтижесінде жүйке орталығы пайда болып, сезім мүшелері дами бастады.

Омыртқасыздардың және омыртқалылардың жүйке жүйесінің эволюциясы кезінде базисті және эндокринді жүйкелердің құрлымы топографиялық жэне ультрақүрлымдық өзгеру бағытары бойынша жүрді. Олардың екеуі де нейрогенді эпителиялардан бөлініп, алғашқысында жүйке тақтайшасы, одан жүйке түтігі қалыптасты. Төменгі сатыдағы хордалыларда орталық жүйке жүйесі түтік пішінді, бас бөлігінде кеңейген, ол жерде мидың нышаны, ал қуыста (невроцель) қарыншасы орналасқан. Шеткі жүйке жүйесіне денеде таралған жүйке жүйелері жатады. Нейросекреция клеткалары сезіну, өткізгіштік және секрециялық қызметтер атқарады.

Жүйке жүйесі

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.