machu-picchu

Адамның арғы тегінің отаны

Адамның арғы тегінің отаны туралы сұрақ өткен ғасырларда туындаған, яғни антропогенездің ең алғашқы кезеңі қай жерде пайда болды деген сұрақ ерекше орын алды. Палеонтологтар, антропологтар және археологтар адам заттың пайда болған орталығы туралы Жер шарының (барлық құрлықтар) әртүрлі аймақтарын атады. Бірақ, Ч. Дарвин адамның пайда болған алғашқы отаны деп Африканы атады, өйткені, қазіргі адамдарға морфологиялық және даму жағынан ұқсас маймылдар Африкада ғана кездеседі. Шын мәнінде де, әртүрлі жоғары сатыда дамыған маймылдардың көптеген түрі осы Африка мен Оңтүстік Азияда шоғырланған және құрлықтарда дамып жетілген белгілері бар рамапитектердің қаңқа қалдықтары осы құрлықтардан табылған. Соған қарамастан, осы сұрақ қазіргі біздің ғасырымызда да талқыланып жүр. Сонымен қатар қазіргі типті адамдардың басқа құрлықтарға қоныстауы туралы сұрақтарда талқыланып келеді.

Көптеген антрополгтар, Африка жэне Азия құрлықтарында адамның пайда болуы мен таралу тағдырында климаттық жағдайлар рөл атқарды деп есептейді. Оңтүстік Азияда плиоценде (бұдан 13 млн жыл бұрын) қолайсыз жаққа қарай ауа райы күрт өзгерді, қуаңшылық жиі болып, Гималай таулары көтеріліп, соның әсерінен құмды кеңістіктер пайда болды. Бұл өңірлерде пайда болған қолайсыз жағдайлардың әсерлерінен гоминидтердің жойылуына және Жер шарының басқа бөліктеріне қоныс аударуына себеп болды. Осылайша олардың Азия құрлығындағы эволюция үрдістері тоқтап қалды. Керісінше, Африкада ауа райы өте қолайлы болды. Атап айтқанда, Шығыс Африкада әсіресе, экватор маңында тіршілікке өте қолайлы ауа райы болып, гоминидтердің өмір сүруіне қажетті өте бай ландшафт жағдай қалыптасты. Сондықтан да Шығыс Африкада ғана адамның пайда болу үрдісі өте қарқынды жүріп, бұл алқаптар адамның шығу тегінің отаны немесе орталығы деп саналады. Осы жерлерде гоминидтер дамуының ең жоғары сатысына көтеріліп, олар жануарлардан бір жола ажырап, қазіргі адам кейпіне келді деп айтуға болады. Сонымен Шығыс Африка адамдардың шығу тегіннің отаны саналады.

Антропологтардың арасында адамдардың шығу тегінің отаны туралы әртүрлі дау-дамай жоқ деп айтуға болады және де Африканың гоминидтері әрі қарай, қай уақыттарда басқа қүрлықтарға қоныстауы, соның ішінде Азияға қоныстауы туралы бір ауыздылық жоқ. Соған қарамастан соңғы жаңа ғылыми мәліметтерге сәйкес, Африкадан алғашқы гоминидтер Азияға 2 млн жыл бұрын келген әрі олар Н. erectus-ға қарағанда, өте қарапайым болған деген болжамдар бар. Азияда алғаш гоминидтердің эволюциялық жолы Н. erectus-тан басталады, кейінірек олардың өкілдері Африка жэне Еуропаға қайта қоныстанды.

Одан эрі қарай, қазіргі типті адамдар Африкадан басқа аймақтарға қоныс аударып, шашыраңқы орналасқан адам топтарына айналды. Қазіргі типті адамдар Африкадан Оңтүстік Шығыс Еуропаға бұдан 37-44 мың жыл бұрын, ол жерден олар Батыс Еуропаға шамамен, бұдан 34 мың жыл бұрын қоныс аударды. Адамдардың кезегімен осылай қоныстану тарихы туралы көптеген антрополог ғалымдардың ойлары бір жерден шығады. Бірақ, Британ аралдарында жақында 500 мың жыл бұрын тіршілік еткен адамның жамбас сүйегі табылып, ғалымдарды таңғалдырды, бірақ ол жөнінде арнайы дәлел айтылмай отыр.

Соңғы жылдары, қазіргі типті адамдардың қай уақытта пайда болғанын анықтау мақсатында молекулалы генетикалық әдістер пайдалануда. Еуропалық, американдық, африкандық және азиялық популяциялары жеке дараларының мДНҚ зерттеу бойынша Африкадан Н. sapiensтің жеке топтары осыдан 100-150 мың жыл бұрын қоныс аударғаны анықталды. Осы мэліметтер негізінде қазіргі типті адамдар бүдан 140-280 жыл бұрын Африкада өмір сүрген «митохондральды Еваның» ұрпақтары деп есептелінеді.

Қазіргі кездегі адамдардың Африкадан пайда болғаны туралы мәліметтерді толықтыратын тағы бір дэлел жыныстық еркек болуын қадағалайтын Ү хромосомасын, ол ұзындығы 2000-6000 болатын азотты негізі бар геннің құрамындағы ДНҚ қайталануын молекулалы-генетикалық зерттеу нәтижесінде қайта көз жеткізді. Осы зерттеулер адамның Ү хромосомасының оның арғы тегінің Ү хромосомасының ажырауы бұдан 500-400 мың жыл бұрынғы аралығында болған. Жер бетінде «молекулалы Ева» өмір сүрген уақытта еркекке тэн Ү хромосомасы бар «молекулалы Адам» да тіршілік еткен деген пікірлер бар. Жекеленген ДНҚ-ның реттілікпен қайталануы арқылы Ү хромосомасы бар адам Африкадан элемнің барлық аймақтарына таралған деген пікірді дәлелдей түседі.

Жаңа Гвинеядағы папуастардың молекулалы-генетикалық зерттеу нэтижесі бойынша мтДНҚ берілу ерекшелігі бар екені және бұл ерекешеліктің көптеген африкалық популяцияларының мтДНҚ-да байқалатыны анықталды, бірақ бүл мтДНҚ азиялық топтарындағы адамдарда болмайды. Осы мәліметтерге сәйкес, Африкадан папуастар Жаңа Гвинеяға Үнді мұхиты арқылы келген болар деген болжам бар. Ал олар Солтүстік Америкаға Беринг және Аляска арқылы Солтүстік Қытайдан келген. Ал Оңтүстік Америкада қазіргі типті адамдар осыдан 32 мың жыл бұрын тіршілік еткен, бүл жер қазір Бразилия деп аталады.

Бірақ осы көзқарастарға балама басқада көзқарастар бар, бұл көзқарастар бойынша Н. sapiens бұдан 1 млн жылдан бұрын Африкада да жэне Азияда да бір мезгілде өмір сүрген және архантроптардың Ескі Дүниенің көп аймақтарында қазіргі адамдарға айналуы жүрген. Оны палеонтологтардың мәліметтері азиялық Н. erectus-тың, Н. sapiens-тің арғы тегі екенін растамайды. Африкадан қоныс аударған сапиенттер африкалық емес Н. erectus түрлерін алмастырған шығар деген жорамал бар. Қазіргі типті адамдар Шығыс Азияға бұдан 75-100 жыл бұрын пайда болды. Осы ғылыми болжамды молекулалық-генетикалық мәлімметтер де растай алмайды.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.