solar-system

Астрономия туралы слайд қазақша

Слайд тақырыбы Астрономия туралы. Слайд барлығы 8 беттен тұрады. Бұл слайд жалпы Астрономия туралы мәлімет, астрономияның зерттеу бағыттары, астрономияның басты бөлімдері, астрономияның даму тарихы, Қазақстан Республикасында Астрономия ғылымының дамуы сонымен қатар тағы да басқа бөлімдерден тұрады. Осы уақыттағы астрономия ғылымы аспан денелерін қарастырудың жолдарына байланысты көптеген топқа жіктелген болатын. Астрометрияда аспан объектілерінің орындары мен қимылдарын зерттейді, Жердің айналу теориясы зерттеліп жатады, астрономиялық тұрақты шамалардың мәндері анықталады. Сфералық астрономияда аспан нысандарының орны мен қозғалысы математикалық тәсілдермен анықталады. Ал тәжірибелік астрономияда бұрыш өлшейтін аспаптардың жаңа теориялары жасалып, уақытты, географиялық координаттарды (бойлық пен ендікті), қандай да бір жолдағы азимуттарды қарастыру амалдары топтасады.

satellite

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.