bacteria

Жыныссыз көбею

Жыныссыз көбею өсімдіктердің де, жануарлардың да көптеген түрлеріне тән. Ол вирустарда, бактерияларда, балдырларда, саңырауқұлақтарда, тамырлы өсімдіктерде, қарапайымдыларда, губкаларда, ішекқуыстыларда, мшанкаларда жэне қабықтыларда кездеседі. Жыныссыз көбеюдің ең қарапайым формасы вирустарға тән. Олардың репродуктивті процесі нуклеин қышқылдарының молекулаларымен, осы молекулалардың екі еселене алатын қасиетімен байланысты және нуклеотидтердің арасындағы салыстырмалы әлсіз сутектік байланыстардың ерекшеліктеріне негізделген.

Басқа организмдердің жыныссыз жолмен көбеюіне қарай вегетативті көбею және спора түзу арқылы көбею деп ажыратылады. Вегетативті көбеюде-аналық организмнен ажырап қалған бөліктен жаңа организмнің дамуы жүреді. Көбеюдің бұл түрі бір клеткалыларға да, көп клеткалыларға тэн, бірақ оларда ол әртүрлі сипатқа ие болады. Бір клеткалы организмдердің вегетативті көбеюінің: бөліну, көп рет бөліну және бүршіктену сияқты формалары болады. Бактериялар мен көк-жасыл балдырларға (цианобактерияларға) бір ата-аналық организмнен қарапайым тартылу жолымен бөліну арқылы екі еншілес организм пайда болуы тэн. Керісінше, қоңыр және жасыл балдырлар, сонымен қатар бір клеткалы жануарлар (саркодалылар, талшықтылар мен инфузориялар) бөліну арқылы көбейеді, ол цитоплазманың тартылуымен митозды бөліну жолымен жүреді.

Көп рет бөліну (шизогония) жолымен көбею ядроның бөлінуіне негізделеді. Мұндай бөліну нәтижесінде бір клеткадан бірнеше еншілес организмдер қалыптасады. Көп рет бөлінуге мысал ретінде адамның эритроциттеріндегі безгек плазмодиясының (P. vivax) көбеюін алуға болады. Бұл жағдайда плазмодияларда ядроның цитокинезсіз көп рет қайталанатын бөлінуі жүреді, одан кейін цитокинез басталады. Осының нәтижесінде бір плазмодий 12-24 еншілес организмдерге бастама береді.

Көп клеткалы өсімдік организмдерінде бөліну арқылы жүретін вегетативті көбеюі қалемшелер, пиязшықтар, жапырақтар, тамыр сабақтар арқылы жүзеге асады. Бірақ бұл ауылшаруашылық практикасында қолданылатын жасанды көбею түрі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер жасанды жағдайда бір клеткадан да көбеюі мүмкін. Бір клеткадан дамитын организмдер бастапқы көп клеткалы организмдердің барлық қасиеттеріне ие болады. Бұл көбею клонды микрокөбею деген атауға ие. Көптеген вегетативті көбеюдің бір формасы ретінде, әртүрлі мәдени өсімдіктерді телу немесе трансплантациялау, ол бүршікті немесе өркеннің бөліктерін бір өсімдіктен екіншісіне қайта отырғызудан тұрады. Әрине, бұл табиғатта кездеспейтін көбею тәсілінің бір түрі, бірақ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Көп клеткалы жануарларда вегетативті көбею олардың денелерінің бөліктерге бөліну жолымен жүреді, одан кейін әрбір бөлік жаңа жануарға айналады. Мұндай көбею губкаларға, ішекқуыстыларға (гидра), немертиндерге, жұмыр құрттарға, тікентерілілерге (теңіз жұлдыздарына) және кейбір басқа организмдерге тән. Жануарлардың бөліктену арқылы вегетативті көбеюіне жақын формасы ретінде жануарлардың полиэмбриониясын алуға болады, ол дамудың белгілі бір сатысында эмбрионның әрқайсысы өз алдына организм болып дамитын бірнеше бөліктерге бөлінуден түрады. Полиэмбриония сауыттыларда кездеседі. Бірақта соңғылары жынысты жолмен көбейеді. Сондықтан полиэмбриония дұрысы жынысты көбеюдегі өзгеше деңгей болып табылады, ал полиэмбрионияның нәтижесінде пайда болатын ұрпақ монозиготалы егіздер болып саналады.

Бүршіктену кезінде аналық клеткада ядросы бар төмпешіктер пайда болады, кейін ол бөлініп, өз бетінше организмге айналады. Бүршіктену бірклеткалы өсімдіктерде де, мысалы ашытқыларда, сонымен қоса бір клеткалы жануарларда да, мысалы инфузорияларда, кездеседі. Спора түзілу арқылы көбею маманданған клеткалардың-споралардың пайда болуымен байланысты, онда ядро, цитоплазма болады, тығыз қабықшамен қапталған және қолайсыз жағдайларда ұзақ тіршілік етуге бейімді, онымен қоса олардың жеке-жеке орналасуына ықпал етеді.

Көбіне, мұндай көбею түрі бактерияларда, балдырларда, саңырауқұлақтарда, мүктерде, папоротниктэрізділерде кездеседі. Кейбір жасыл балдырлардың жеке клеткаларынан зооспоралар қалыптасады. Спора түзу арқылы көбею жануарлар арасында споровиктерде, көбіне, безгек плазмодиясында кездеседі. Көптеген организм түрлерінде жыныссыз көбею жынысты көбеюмен алмасады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.