Слайд тақырыбы Жуалы ауданы туралы. Слайд барлығы 9 беттен тұрады. Бұл слайд жалпы Жуалы ауданы туралы, Жуалы ауданының географиясы, климаты, оның табиғаты, Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы сонымен қатар тағы да басқа бөлімдерден тұрады. Жуалы ауданы Теріс (Асы) өзенінің жоғары және орта ағысында, жерінің басым бөлігін Жуалы таулы үстірті (биіктігі орталығында 900 м, шет жақтарында 1200 м) алып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-шығысын Қаратау жотасы, батысы мен оңтүстік-батысынан Боралдай тауы, оңтүстігінен Талас Алатауы қоршайды. Ауданның солтүстігінде Билікөл қазаншұңқыры (абсолютті биіктігі 450 м) орналасқан. Кен байлықтарынан тас көмір, құрылыс материалдары кездеседі.