Коррупция

Жемқорлық туралы слайд

Слайд тақырыбы: Жемқорлық туралы. Слайд 11 беттен тұрады. Бұл слайдта жалпы жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық, жемқорлықтың түрлері туралы мәліметтер бар. Жемқорлық дегеніміз — латын тілінен аударғанда «сатып алу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы жемқорлық мемлекетімізді басқарып отырған, жоғары атақтары бар адамдардың тапсырылған жұмыстарды өзінің пайдасы үшін пайдаланылатын, қоғамға қауіпі бар қылмыстық іске жатады. Елімізде пара алудың кесірінен экономиканың қарқынды дамуына әсерін тигізеді. Сонымен қатар әлеуметтік және саяси ушығуына күрт бұзылуына алып келіп соғады. Онымен қоса үлкен биліктері бар адамдар жемқорлыққа барған болса, осыған орай құқық қорғау органдары ол адамдарды барған қылмыстары үшін қылмыстық жазаға тарта алмайтын жағдай қалыптасуы мүмкін. Жемқорлықтың, пара алудың түрлері: біріншісі жеке билігі бар қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет. Екінші түрі сыбайлас жемқорлық. 1989 жылғы әлем бойынша дамыған отыз жеті мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойған болатын. Бұл конвенцияға Қазақстанда қатысқан болатын және 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылданды.