жолдарының

Өт жолдарының дискинезиясы

Өт жолдарының дискинезиясы — өт жүруінің бұзылысына әкелетін өтқабының, Мирицци, Люткенс және (немесе) Одди сфинктерлерінің жиырылу функциясының кемістіктері (әлсіздігі, күшеюі немесе бір-бірімен келісімсіздігі). Этиологиясы. Өт бауырда үнемі түзілгенімен, онекелішекке көбіне ас қорыту кезінде түседі. Өтқабының, өт жолдарының қызметі вегетативтік нерв жүйесімен және гормондармен реттеледі. Өт жолдары дискинезиясының біріншілік және екіншілік (симптомдық) түрлерін айырады. Біріншілік түрі сирек кездеседі, көбіне невротикалық синдромда байқалады. Екіншілік түрі өт жолдарының органикалық ауруларында, панкреатитте, онекелішектің, асқазанның, іш куысының өзге ағзаларының патологиясыңда болады.

Өт жолдарының дискинезиясы өтқабының және өт жолдары сфинктерлерінің тонусы мен жиырылуының бүзылысынан дамиды. Оған вегетативтік нерв жүйесінің және гуморальдік жүйенің (гормон-дар арақатынасының) бүзылыстары әкеледі. Мәселен, ваготониядан -гипермоторлық, ал симпатикотониядан — гипомоторлық дискинезия пайда болады. Дискинезия дамуында психогенді факторлар да, адам мінезінің психикалық ерекшеліктері маңызды роль атқарады және кейбір дәрмектер де септігін тигізеді, мәселен морфин, симпатомиме-тиктер, холинолитиктер. Патогенезі. От жолдарының дискинезиясы өт жолдарының жиырылу кызметінің нервтік, гуморальдік реттелу бұзылыстарынан дамиды. Дамуына әкелетін басты себептер: ваго- немесе симпатикотония; катехоламиндер, ацетилхолин, холецистокинин, мелатонин және басқа гастроинтестициальдік гормоңдардың арасыңдағы дисбаланс. Бірінші топтағы гормондардың белсенділігінің жоғарылауы өт жолдарының гипертониялық дискинезиясын, ал екінші топтағылардың көбеюі — гипотониялықдискинезияны дамытады. Асказан, онекелішек, жінішке ішек, үйқыбездің ауруларыңда бүл гормондардың түзілуі бұзылады, осыдан аталғай ағзалардың патологиясында өт жолдарының дискинезиясы жиі байқалады.

Өт жолдары дискинезиясының жіктемесі
1. Гиперкинетикалық (гапертониялық) тұрі
а) өтқабының немесе кап түтігінің гипертониясы; ә) Одди сфинктерінің тұйілуі.
2. Гипокинетикалық (гипотониялық) тұрі а) өтқабының гипотониясы;
ә) Одди сфинктерінің шамасыздығы (панкреатикалық тип).
3. Аралас түрі.

Клиникалық көрінісі. Өт жоддарының дискинезиясы көбіне 20-40 жас аралығындағы арықша келетін, астениялық типті әйелдерде кездеседі және асқазанның, ішектің дискинезиялык бұзылыстарымен бірге жүреді. Сондықтан жүрек айнуы, күсу, кекіру, қыжылдау, іштің шүрқырауы және кебуі жиі байкалады. Әдетте, өт жоддарының дис-кинезиясы етеккірі келер алдында, эмоциялық күйзелістерде, климакс кезіңде күшейіп мазалайды. Іштің пальпациясында өтқабының тітіркену белгілері анықталады. Көрінісінің өзге белгілері дискинезияның гипер- немесе гипокинетикалық түріне тәуелді.

Өт жолдары дискинезиясының гиперкинетикалық түрі. Көрінісіне оң кабырғалықтың кенет өткір шаншып, түйреп үстамалы ауыруы тән. Ұстамалар қысқа, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін. Ауырудың өткірлігі кейде өт шаншуына ұқсайды. Шаншудын себебі — Одди, Люткенс сфинктерлерінін және өтқабының бір-бірімен келісімсіз, яғни бір уақытта түйілуі, осыдан өтқабыішілік қысымның кенет биіктеуінен өтқабы қабырғасының керілуі. Әдетінде, оң жақ қабырғалық тамақта-нғаннан 1 сағаттан кейін ауырады; ауыру оң иыққа, жауырынға, кейде кеуденің сол жағына тарайды; шаншу қалай кенет басталса, солай басылады, кейде күніне бірнеше рет кайталанады. Ұстаманың кезінде қызу көтерілмейді, лейкоцитоз болмайды. Кейде жүрек айнуы, құсу, ішектің дискинезиясы және вазомоторлық, нейровегетативтік синдромдар (терлеу, тахикардия, гипотония, әлсіздік, бастың ауыруы) байқалады. Көбінде түнгі үйқы бүзылады, жүректін түсы шаншиды. Ұстамадан тыс кезде он қабырғалықта салмак сезінуі мүмкін. Өт жолдары дискинезиясының гипокинетикалык түрі. Бұл тұрінде оң кабырғалық сыздап ауырады, салмақ бату сезімі үнемі мазалайды.

Өт шаншуына ұқсайтын ұстамалар болмайды. Оң қабырғалыктағы дис- комфорт тамақтан кейін күшейеді, ауыру баска жаққа таралмайды. Бірақ, диспепсиялық бұзылыстар (тәбеттің төмеңдеуі, ауыздағы ащы дәм, кекіру, жүрек айнуы, іштің кебуі, катуы, жиі өтуі) көп мазалайды.
Гипокинетикалықдискинезия симпатикотонияда болады және оның дамуына антихолецистокининнің көбеюі немесе онекелішекте холецистокининнің аз түзілуі септігін тигізеді. Өт жолдары дискинезиясының аралас түрі. Бұл жағдайда гипо-және гиперкинетикалық дискинезияның белгілері қосарланып яемесе кезектесіп білінеді.

Лабораториялык және аспаптык зерттеулердің нәтижелері
1. Қан мен өт анализдерінде қабыну белгілері болмайды.
2. Гиперкинетикалық түрінде үш фракциялық дуоденальдік зондылауда В және С порцияларда өт аз болады және өтгін бөліну уақыты қысқарады. Өт қабы рефлексін қоздыратын дәрмектер ауырсынуды туғызады. Холецистографияда өткабының кішіреюі және тез босауы анықталады.
3. Гипокинетикалық түрінде, үш фракциялық зондылауда, стимуляторды салғаннан кейін керісінше, ауырсыну азаяды, өтқабы рефлексінің әлсіздігі байкалады, өттін түсі аса қоңыр және өт баяу ағып шығады. Холецистографияда — өтқабының керіліп ұлғайғандығы және өте баяу босауы немесе стимуляторды қайталап салғанның өзінде босамауы анықталады.
4. УДЗ-де — өтқабының моторлық функциясының бүзылысы анықталады.
Дифференциалдық диагностиканы жүргізгенде өт жолдарының гипертониялык дискинезиясын холециститтен, дуодениттен, онекелішек өтімділігінін созылмалы бұзылысынан, жара ауруынан, ал гипотониялык түрін панкреатиттен айыру қажет.

Гиперкинетикалық түрінің емі.
1. N5 емдәм беріледі, өтқабының түйілуін қоздыратын өсімдік майы, майлы қамырдан, еттен жасалған тағамдар, газды сусындар шектеледі; науқасты аз-аздан күніне 4-5 рет тамактандырады.
2. Спазмолитиктік дәрмектер:
а) миолитиктер — ношпа 2% ерітіндісі 2 мл бүлшықетке немесе 0,04-0,08 г 3 рет ішуте беріледі; галидор 2,5% ерітіңдісі 2 мл бұлшық етке немесе 0,1-0,2 г 3 рет таблетка түрінде; нитроглицерин 0,005 г тіл астына шаншу кезінде; нитросорбид 20 мг күніне 3 рет; сустак форте 1 таб. күніне 3 рет; одестон 0,2 г 3 рет. Миолитиктерді ұзак қолдануға болады;
ә) холинолитиктер: гастроцепин, атропин, метацин, платифиллин шаншуды басу үшін аз уакытка тағайындалады;
3. Холеретиктер тобының өт айдаушы дәрмектері (өт тұзілуін арттыратын және өттін айдалуын тездететін): лиобил, аллахол, холензим, фламин, жүгерінің шашақтары, итмұрын, никодин, оксафенамид, циквалон және гидрохолеретиктер — өттің сұйық затын көбейтетін (минеральді сулар, валериана, салицилаттар т.б.).

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.