squirrel

Сүтқоректілер туралы мәлімет

Сүтқоректілер немесе Аңдар класы (Mammalia) — бұл біршама ұйымдасқан, дамудың ең жоғарғы сатысында тұрған және барлық географиялық аймақтарда мекендейтін, негізінен құрлық омыртқалы жануарлары. Бұлар қазіргі гүлденуші жануарлар тобын құрайды. Бұл класта 3200-дей түр бар. Сүтқоректілер үшін бірқатар ерекшеліктер тэн. Олардың балалары сүтпен қоректенеді. Ол арнайы сүт бездерінен түзіледі. Ұрық жатырда дамиды. Жүйке жүйесінің жэне жылу реттелу механизмінің жақсы дамуына орай олардың дене температурасы тұрақты, ол кез келген климаттық жағдайларда да олардың белсенділігін қамтамасыз етеді. Түк немесе жүн жабыны болады. Кейбір дараларының массасы 2 г-нан (кіші жертесер) 150 тн-ға дейін (көк кит) жетеді.

Дене жамылғысы тері, ол талшықты дэнекер ұлпадан құрылған көпқабатты эпидермистен жэне кориумнен тұрады. Тері көптеген тер жэне май бездерімен жабдықталған. Шел қабатында (тері асты клетчатка қабаты) май клеткалары болады. Терінің мүйізді туындылары түктер, тырнақтар, тұяқтар, мүйіздер мен тайтұяқтар болып табылады. Барлық сүтқоректілерде сүт бездері болады, олар түрі өзгерген тер бездері болып саналады. Тірек қаңқасына омыртқа жотасының мойын, кеуде, бел, сегізкөз жэне құйрық бөлімдеріне жіктелуі тән.Мойын омыртқаларының саны тұрақты, ауыз омыртқаның (атланттың) алдыңғы жағында екі беті болады. Аяқ-қол қаңқасы өте мықты. Ортан жіліктері өте үлкен күшке шыдай алады, кейбір түрлерде ол 1500-2000 кг-ға жетеді. Бұлшықет жүйесі өте дамыған, ол көптеген маманданған бұлшық еттерден тұрады. Асқорыту жүйесінде барлық бөлімдері бар, ол өз бетінше артқы тесікпен аяқталады. Тістері жетілген (киттәрізілерді қоса кейбір түрлерден басқаларында), олардың арасынан күрек тістерді, шошақ тістерді және азу тістерді ажыратады. Қоректену үшін пайдаланатын қорегінің сипатына қарай сүтқоректілерді өсімдікқоректілер және етқоректілер деп ажыратады.

Тыныс алу жүйесіне өкпе, кеңірдек, бронхылар, бранхиолалар, альвеоалар жатады. Қантасымалдау жүйесі өте жетілген. Жүрегі төрткамералы, екі қанайналу шеңбері бар, аортаның сол доғасы сақталған. Жетілген эритроциттердің ядролоры жоқ. Шығару жүйесі қуықтың зәр шығару өзегіне ашылуымен сипатталынады. Бүйректері жүп, олардан шығатын несепағарлар қуыққа ашылады. Жүйке жүйесі өзінің дамуының шарықтау шегіне жетеді. Мидың жарты шары, қыртыстары мен сайшалары, мишық ерекше дамыған.Сезім мүшелері ерекше жетілген. Есту органы сыртқы қүлақтан, сыртқы тесіктен, үш есту сүйегінен және дыбыс қабылдау аппаратынан тұрады. Иіс сезу тақтайшалы мүрын қабыршағы мен мұрын лабиринтінің дамуымен байланысты. Көру және сезіну дамыған.

Ішкі секреция безері өте жетілген. Көбеюі жынысты, жыныс бездері екі жыныстыларда да жұп. Жыныстық диморфизм байқалады. Ұрықтануы іштей. Сүтқоректілер Біртесіктілер (Monotremata) отрядымен Алғашқы аңдар (Prototheria) кластармағына және Төменгі сатыдағы аңдар (Metatheria) мен көп санды отрядтары бар Жоғарғы сатыдағы аңдар (Eutheria) инфракластарын біріктіретін Нағыз аңдар (Тһегіа) кластармағына жіктеледі. Біртесіктілер (үйректұмсық, ехидна, проехидна) Австралияны мекендеушілер болып табылады жэне олар бауырымен жорғалаушылр сияқты жүмыртқа салуымен ерекшелінеді. Төменгі сатыдағы аңдар немесе Қалталылар (кенгуру, қалталы қасқыр, қалталы көртышқан және басқалары) Австралия мен Оңтүстік Американы мекендеушілер болып табылады. Плацентасы болмағандықтан, туылған төлдерін әрі қарай қалтасында көтереді.

Жоғарғы сатыдағы аңдар плаценталылар (ұрықжолдастылар) болып табылады. Олар өте алуан түрлі (насекомқоректілер, қолқанаттылар, кеміргіштер, жыртқыштар, қалақаяқтылар, киттәрізділер, тақжәне жұптұяқтылар, еттұмсықтылар, приматтар және басқалары). Эмбриональды онтогенезде ұрпақтарының қоректенуі плацента арқылы жүзеге асады, үрпақтары жетіліп туылады, екі мәрте тістері алмасады. Сүтқоректілер үшін тіршілігінің өте алуан түрлі болу тән. Құрлықтық, топырақаралық, сулық және тіпті, ұшқыш жануарлар (қолқанаттылар) деп бөлінеді. Сүтқоректілер үшін тіршілігінің өте алуан түрлі болу тән. Құрлықтық, топырақаралық, сулық және тіпті, ұшқыш жануарлар (қолқанаттылар) деп бөлінеді.

Сүтқоректілердің адам өміріндегі рөлі, оның өзі де сүтқоректілерге жатады, өте маңызды әрі алуан түрлі. Оны бағалау мүмкін емес. Олардың көпшілігінің, әсіресе, үй малдарының, шаруашылық маңызы өте үлкен, адам үшін азық-түліктің көзі және өнеркәсіп үшін шикізат көзі болып табылады. Көптеген түрлерінің кәсіптік маңызы бар. Мысалы, бағалы тері үшін ауланатындарының саны 20-ға жуық. Сүтқоректілер адаммен ортақ аурулармен ауыратындықтан, олар паразиттердің иелері немесе адамдардың бірқатар трансмиссивті аруларын қоздырушыларының табиғи резервуарлары болып табылатындықтан, олардың медициналық маңызы да өте жоғары.

Сүтқоректілердің шығу тегін әдетте, терапсидтердің (көне палеозой рептилиялары) соңғы триаста пайда болуымен түсіндіреді. Көптеген зоологтар сүтқоректілер полифилетикалық генезге ие, яғни сүтқоректілердің эрбір кластармағының тегі жеке терапсидтерден шыққан деп санайды. Өте жоғары дамыған жүйке жүйесіне және басқа да қасиеттерге ие бола отырып, сүтқоректілер құрлықты жаулап алған омыртқалылардан класс есебінде бөлініп шыққан. Плаценталылардың гүлденуі палеоценге (55-65 млн жыл бұрын) тура келеді. Үшінші кезеңнен бастап олар Жер бетіндегі тіршіліктің басым (гүлденуші) формасы болып табылады.

Талқылау сұрақтар:

  • Сүтқоректілерге тән маңызды және прогрессивті белгілер қандай?
  • Сүтқоректілердің адам өміріндегі маңызы қандай?
  • Сүтқоректілер қалай және қашан пайда болған?