Егіншілік жүйесі

Егіншілік жүйесі

Егіншілік жүйесі — өсімдік шаруашылығы саласын ғылыми тұрғыдан жүргізу. Еліміздің егіншілік жүйесіне белгілі орыс ғалымы профессор А.Н. Сонетов (1826-1901 жж.) ғылыми негізде түсінік берді. XX ғасырдың басында академик Н.Р. Вильямс минералды тыңайтқыштардың аз өндірілетінін ескере отырып, шөптанапты егіншілік жүйесін ұсынды, яғни топырақ құнарлылығын минералды тыңайтқышсыз көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің көмегімен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді.

Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты сапалы өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты егіншілік жүйесінің міндеттері күрделене түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарылату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі де өзгерді. Сондықтан жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заманда және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті).

Егіншіліктің қарапайым жүйесі тек топырақтың табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл — егіншіліктің алғашқы даму кезеңіне төн ерекшелік, яғни ол егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып саналады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарға егін салу үшін, ағаштарды кесіп немесе өртеп, егістік алаңдар даярлаған. Орманнан тазартылған жерлерде 3-5 жыл бойы дақылдар егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақ құнарлылығы және өнім мөлшері төмендеген жағдайда, ол жерлер тасталып, егіс үшін жаңа жерлер дайындалған.

Егіншіліктің бұл жүйесі «кесу-өртеу» деп аталады. Далалық аймақтарда ағаш емес, көп жылдық табиғи шөптер өсетіні белгілі. Сондықтан, бұл жерлерде егістік үшін табиғи жайылымдар мен шабындықтар пайдаланылған. Пайдаланылған жерлердің өнімділігі төмендеп, арамшөптері көбейіп, құнарлылығы азая бастаған кезде диқандар ол жерлерді тастап, басқа тың жерлерге ауысып отырған. Сондықтан, егіншіліктің бұл көшпелі тәсілі «тыңайған ауысу түрі» деп аталған. Тастап кеткен танаптарда 15-20 жылдан кейін, табиғи көп жылдық шөптердің есуіне байланысты, топырағының құнарлылығы қайтадан қалпына келген. Сол кездері танап қайта жыртылып, егін себілген. Қазақстанда Ұлы Қазан төңкерісіне дейін егіншіліктің «тыңайған жерге ауысу» сияқты қарапайым жүйесін қолданып келген.

Егіншіліктің экстенсивті жүйесі. Бұл жүйе егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты. Халық санының осуіне байланысты, егіс алқабының көлемі ості. Жерге жекеменшіктік пайда болды, сол себепті диқан кез келген жерді жырту мүмкіндігінен айырылды. Енді топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттілігі туды. Ондай тәсіл — танапты сүрі жерге қалдыру. Жерді сүрі жерге қалдырғанда арамшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығын жоғарылатуға мүмкіндік жасалады. Жерді тыңайту мерзімі бір жылға дейін қысқарады. Дақыл егілмеген танапта арамшөптермен күресу жүргізіледі, яғни ол танап жаз бойы өңделеді. Осылай жаңа экстенсивті сүрі жер егіншілік

жүйесі пайда болды. Сүрі жерге қалдырылған танаптарға органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңірілді. Сөйтіп, табиғи жағдайда танаптың құнарлылық күші 15-20 жылда қалпына келетін болса, адам оны бір жылда құнарлы қалпына келтіретін болды. Алғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрды. Біреуін сүрі жерге қалдырып, екіншісіне астық дақылдары себілді. Содан кейін екі танапты ауыспалы егістің орнына, 3-4 танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Егіншіліктің қарапайым жүйесіне қарағанда, пар жүйесі егіске жарамды жерлердің басым кепшілігіне дәнді масақты дақылдар егуге және олардан мол өнім жинауға мүмкіндік жасады.

Егіншіліктің қарқынды жүйесі. Бұл жүйе XVIII ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі, жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылады. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдық тыңайтқыштар беріледі, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылады. Бұл жүйеде сүрі жер болмайды, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізіледі. Жылма-жыл танаптарға биологиялық жағынан әр түрлі және өсіру технологиясы бір-бірінен өзгеше дақылдарды орналастыру топырақтың құнарлылығын жоғарылатып, алынатын өнім мөлшерін арттыра түседі.

Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық қажетті өнімді жеткілікті мөлшерде өндірумен қатар, жыл сайын топырақ құнарлылығының арта түсуін және алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана шаруашылыққа енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады. Қазақстанның солтүстік аймағының топырағы қара және қызғылт-қоңыр, жауын-шашын мөлшері 300-400 мм болады, сондықтан бұл өңірде дәнді-сурі жерлі егіншілік жүйесі қолданылады. Жыртылатын жерлердің 2/3 бөлігі астық дақылдарының үлесіне тиеді, ал республиканың оңтүстік және онтүстік-шығыс өңірінің суармалы жерлерінде негізінен техникалық дақылдар өсірілгендіктен, бұл жерлерде интенсивті егіншілік жүйесі басым. Суармалы жерлерде таза сүрі жер болмайды. Жердің құнарлылығы көп жылдың және бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптер өсіру, топырақты дұрыс өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдардың орнын алмастыру, ауыспалы егістерді енгізу және игеру арқылы жоғарылатылады.

Қазақстанның солтүстігінде және оңтүстік, солтүстік-шығыс аймағының тәлімі жерлерінде егіншіліктің топырақты эрозиядан қорғау жүйесі қолданылады. Себебі, тың және тыңайған жерлерді игерген кезде, бұл аймақтарда жел эрозиясы басталды. Топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті. Топырақты осы апаттан сақтау үшін егіншіліктің арнайы жүйесі — топырақ қорғау егіншілік жүйесі дүниеге келді. Егіншілік жүйесін ғылыми негізде құру үшін төмендегідей шаралар қолдану керек. Шаруашылықтың бағытын анықтап, осыған сәйкес егіс көлемінің құрылысын жоспарлау, ауыспалы нақтылы егіс нобайларын жобалап, оны өндіріске енгізу және игеру, жер өңдеу жұмыстарын жоспарлау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау, арамшөптермен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, зиянкестерімен күрес шараларын жүргізу, тұқым алмастыру жүйесін жоспарлау, топырақты су және жел эрозиясынан қорғау жүйесін белгілеу, осы жұмыстардың бәрін толық орындауға қажетті ауылшаруашылық машиналарымен, құралдарымен шаруашылықтарды толық қамтамасыз ету.

Бұл шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дұрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін. Сол сияқты эрозияға бейімді жерлерде, топырақты одан қорғау жүйесі, жауын-шашын аз түсетін жерлерде — суару, ылғал жинау және оны сақтау шараларының маңызы зор. Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Республика жері батысында Еділдің төменгіағысынан, шығысында Алтай тауынадейін 3000 шақырымға, ал солтүстігінде орманды-далалы Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Үлкен материктің ортасында, мұхиттардан өте қашық орналасқандықтан, климаты құрған және күрт континенталды болып келеді. Жерінің үлкендігіне байланысты және аумағында биік таулар болғандықтан, Қазақстанның климаты, топырағы, жер бедері алуан түрлі болады. Жазық далалары, аласа қыраттары, жалпақ жоталары, биік қарлы таулары да бар. Осыған байланысты, республика аумағы әр түрлі аймақтарға бөлінген. Әр аймақтың топырағына, климатына байланысты өзіне лайықты, тиімді егіншілік жүйелері бар.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.