Биосфера (грек сөзі bios — тіршілік, sphaira — қабық) — Жердің тіршілік қабығы деген мағынаны білдіреді. «Биосфера» терминін алғашқы рет Аустрияның белгілі ғалымы Э. Зюссом (1831-1914) өзінің «Жердің келбеті» (1875) кітабында пайдаланды. Кейінірек «биосфера» терминін басқа ғалымдар да пайдалана бастады, бірақ биосфера ілімінің қазіргі кездегі түсінігіне В. И. Вернадский (1863-1945), «Биосфера» (1926) деген атақты кітабында толық сипаттап жазды. В. И. Вернадский бойынша «Биосфера белгілі бір геологиялық қабық, ол біздің ғаламшарымызда кездесетін басқа қабықтардан мүлдем өзгеше…». Әрі қарай «Тірі заттар бүкіл биосфераны қамтиды және оны қалыптастыруға өздері де қатысады»
В. И. Вернадский атап өткендей, Жердегі геохимикалық үрдістер және Жер бедерінің түзілуі тірі организмдермен байланысты, сондықтан да биосфера Жердің тіршілік қабығы (барлық уақытта Жерде үнемі тіршілігін жалғастырып отырған тірі организмдер түрлерінің қоры) және биогенді шөгінді жыныстары арқылы шекарасы анықталатын бұрынғы тіршілік қабықтар (бұрынғы тіршілік қоры) боп саналады.
В. И. Вернадскийдің пікірі бойынша, «Биосфераның тірі заттары есебінде ғарыштық кеңістікпен заңды түрде байланысқан организмдер жиынтығы және оның тірі заттары ғаламшарлық құбылысы болып табылатын бірден-бір ғаламшарлық аймағы». «Табиғаттың ғасырлар және мың жылдар бойы ретсіз суреттелген көрінісі адамзаттың ақыл ойы жететіндей бір-бірімен тығыз байланысқан бір ғана механизм» деп атап көрсетіп В. И. Вернадский ғылым жетістігінің шыңына көтерілді. Ол дамытқан ереже XX ғасыр жаратылыстануындағы ғылыми жетістіктердің ең құнды қортындысы болды.