Мақсаты:
Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы студенттерді қазақтың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
«Арқан тарту» ойыны ертеден белгілі халық арасында кең тараған ойынның бірі. Қара күшке бейімі болғандықтан көбіне ерлер ойыны болып есептелінеді. Әрқилы мерекелерде күндіз ойналады. Ойынның екі түрі кездеседі. Бірі – ер адамдардың жекпе-жегі де, екіншісі топ болып ойнау. Ойын өтетін жер тегіс, шағын алаң болуы керек.
Арқан тартыс — ұлттық ойын
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»… деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар- Арқан тартыс ».
Сабақтың мақсаты:
- теориялық ойын түрлерін, мазмұныны, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.
- жетілдіру өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру.
- тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру.
Құрал – жабдықтар: Ысқырық, доптар, арқан т. б.
Сабақтың мазмұны:
Арқан тартыс ойыны
Арқан тартыс ойыны
ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢ
- 1. Студенттерді сапқа тұрғызу.
Спорттық киімдеріне назар аудару. - 2. Студенттерді түгендеу. Себепсіз студенттерді анықтау.
- 3. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау.
- 4. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары.
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру.
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізу жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу, дем шығару.- Аяқ ұшымен өкшесімен, сыртқы ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірімен жүгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту.
Саптағы бой жазу жаттығулары:
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу, дем шығару.
Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың аяққа тиюін ескерту.
Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢ
Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар
«Арқан тарту»
Ойынның ережесі:
Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.
Тартыс — ұлттық ойын.
Ойынның ережесі:
Ойыншылар тепе — тең екі топқа бөлінеді, екі — екіден жұптасып тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір — біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін — бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір — бірімен орын ауыстырады.
ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ
- Сабақты қорытындылау.
- минут. Түгел тыңдауын қадағалау.
- Студенттерді бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.
- Үйге тапсырма беру. Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау.
- Студенттерді бағалау. Сабаққа қатысуларына байланысты бағалау.
- Қоштасу. Түгел қоштасуын қадағалау.
- Бір саппен спорт алаңынан залдан шығару. Бір саппен шығуын қадағалау.