evolution

Антропогенездің кезеңдері

Дарвиннің пікірі бойынша адамның филогенезі, адамның арғы тегі маймыл тәріздес жануарлар болған. Адам мен адамтектес маймылдар дамуы бірінен кейін бірі болатын ретпен дамымай эволюциялық тұрғыдан бір-бірімен қатар әрі қарама-қайшылық сипатта әрі бір-бірінен айырмашылық жасайтын қарама-қайшылық сипатта дамыған. Ч. Дарвин қазіргі кездегі адамтектес маймылдарды адамның немерелес ағалары мен әпкелері деп атады. Бірақ бұл салыстыру мүлде дұрыс емес, қазіргі кезде гоминидтер мен понгидтер бір-бірінен алыс туысқандар деп есептелінеді, бұлардың арасында аралық тармақтар, олардың бір тармағынан қазіргі жоғарғы сатыдағы маймылдар пайда болса, екінші тармағынан адам пайда болған арғы тегі бір жануар болған деп есептейді. Адам эволюциясының алғашқы кезеңін түсіну үшін, приматтар отрядына жататын понгид және гоминид тұқымдастарының эволюциясынан бастау керек.

Палеонтологтар тапқан қазба деректер арқылы жануарлардың тарихи дамуына көз жүгіртуге болады, яғни алғашқы приматтар мезозой заманында, нақтылап айтқанда, триас кезеңінде (бұдан 230 млн жыл бұрын), сол кезеңдердегі бауырымен жорғалаушылардың түрлерінен алғашқы сүтқоректілер пайда болған, ол Protoinaectivara деп аталады. Осы қарапайым сүтқоректілерден кейіннен біршама жетілген сүтқоректілер яғни жәндікқоректілер пайда болды. Ол өз кезегінде қазіргі төменгі сатыдағы приматтардың өкілдері — тупайлар шықты, олардан бор кезеңінде алғашқы рет эволюцияның әртүрлі тармақтарына жататын аралық түрлерден приматтар пайда болды деген жорамалдар бар.

Приматтар отряды шаламаймылдар (Prosimii) және маймылдар (Antropoidea) деп екі отряд тармағына жіктеледі. Antropoidea отряд тармағындағы алғашқы приматтардың түр саны палеоценде (бұдан 65 млн жыл бұрын) өте көп болды. Ал олигоценде (бұдан 40 млн жыл бұрын) осы приматтардың отряд тармағы эволюция нэтижесінде үлкен 3 топқа (тұқымдас үсті) бөлінеді, атап айтқанда:

  • Geboidea тұқымдас үсті. Бұл тұқымдас үсті эволюция барысында Жаңа дүниенің (кең танаулар) деп аталатын маймылдардың ойыншыл маймылдар және капуциндердің өкілдері шықты. Осы тұқымдас үстіне жататын маймылдардың адамның эволюциясына ешқандай қатысы жоқ.
  • Cercopithecoidea тұқымдас үсті. Бұл тұқымдас үстінен Ескі дүниенің (тартанаулар) маймылдарынан макактар мен павиандар пайда болды. Бұл тұқымдас үстінің де адам эволюциясына қатысы жоқ.
  • Hominoidea (гоминоидтар) тұқымдас үсті. Бұл тұқымдас үстінен тармағы жоғары плиоценде шықты және олардан адамтектес маймылдар және адам пайда болды. Гоминоидтардың эволюциясы бір-бірінен тәуелсіз жүрді. Осы тұқымдас үстінен ішінен Plioptecidea тұқымдасының өкілдері уақтысында біржола жойылып кеткен.
  • Oreopithecidea тұқымдастарының өкілдері де толығымен жойылып кеткен. Pongidea (адам тектес маймылдар) тұқымдастарының өкілдерінің біразы жойылып кеткен және Hominidea (адамдар) тұқымдастарының да біраз өкілдері жойылған. Понгидтар тұқымдасы гиббондар (Hilolatenae) тұқымдас тармағына, ал адамтектес маймылдар тұқымдас тармағына (Pongidea) орангутандар, гориллалар жэне шимпанзелер жатады.
  • Понгидтер (Pongidea) мен гоминидтер (Hominoidea) тұқымдарының эволюциясының басталу уақыты эволюцияның бір тармағынан дриопитектердің (ағаш басындағы адамтектес маймылдар), сүйек қалдықтары горилланың, шимпанзенің және адам сүйектеріне ұқсайды. Дриопитектердің қазба қаңқа қалдықтары көбіне, Шығыс Африкадан, сонымен бірге Еуропадан және Азиядан, Германия, Франция, Ресей, ҚХР, Түркия аумақтарынан табылған. Дриопитектердің жасы шамамен, 25 млн жыл. Дриопитектер приматтардың 3 тармағының өкілдері, яғни орангутандар, адамтектес маймылдар жэне адамдар пайда болды.

Понгидтер мен гоминидтер эволюциясының даму жолының бастапқы кезінде дриопитектердің бір тобы, үнділіктердің құдайы Раманың құрметіне аталған рамапитектерден тұрады. Оның жақ сүйегінің қалдығын 1934 жылы Д. Льюис Үндістаннан тапқан. Кейіннен рамапитектердің қаңқа қалдықтары Кениядан, Венгриядан, Түркиядан, ҚХР аумақтарынан табылды. Рамапитектердің жасы 14 млн жыл деп есептелінеді. Антропологтар гоминидтердің басты белгісі эволюция даму кезінде, олардың сойдақ тістерінің кішіреюі деп есептейді.

Адамдардың, адамтектес маймылдардың және рама-питектердің тістерін салыстырып қарағанда, адамтектес маймыл-дардың сойдақ тістері үлкен әрі олардың күрек және сойдақ тістерінің арасында ашық кеңістік бар, ал маймылмен салыстырғанда адамның сойдақ тістері кішкентай, тіс аралық ашық кеңістік болмайды, тіс орналасқан жақ сүйектері едеуір дөңгеленіп келген. Рамапитектердің де тістерінде алшақ кеңістік болмайды, сойдақ тістері де шағын, ал тіс орналасқан жақ сүйектері дөңгелектенген, бір қарағанда, адамның тістеріне ұқсас.

Приматтар сойдақ тістерінен жаңғақтарды шағуға, жемістерді шайнауға немесе қару есебінде пайланады, ал Ramapithecus туысына жататын өкілдері сойдақ тістерін қару есебінде пайдаланбайды. Олар қару ретінде орнына ағаштарды, тастарды пайдаланды. Бірақ рамапитектер адаммен салыстырғанда маймылдарға көбірек ұқсас болды. Бойының ұзындығы шамамен 1 м, жерде тіршілік еткен, астықтар мен тамырларды қорек еткен, кейде артқы аяқтарымен қозғалған, көп уақытын ағаштың басында (шимпанзе сияқты) өткізген.

Рампатиктердің санасы бар деген сұрақ даулы. Бірақ, 6-7 млн жыл бұрын гоминидтер мен понгидтердің эволюциялық жолдары бір-бірінен ажырағаны белгілі. Өйткені адамда 23 жұп хролмосома болса, маймылдарда 24 жұп, адамда жетіспейтін маймылдың бір жұп, адамның 2 жұбының хромосомасында шоғырланғандығы анықталған, яғни эволюциялық даму жолдарының ажырауы кезінде үлкен хромосомалар транслокациясы арқылы анықталып, соның әсерінен маймылдың хромосомалары адамның екінші жұп хромосомасымен қосыла кетеді деп жорамалданады.

Қазіргі антропология ғылымы рамапитектен кейін ешқандай қаңқа қазба қалдықтары табылған емес, соның салдарынан қазіргі кезде адамның эволюциясының қатарын толық анықтауға мүмкіндік болмай тұр. Бірақ Эфиопия аумағында ең ежелгі гоминид A. ramidus табылды, оның жасы шамамен, 4,4 млн жылға жуық. Сонда да шартты түрде бірінен кейін бірі алмасып отырған адам филогенезін ойша жасауға болады. Атап айтқанда мұндай бірнеше кезеңдерді ажыратады:

  • Бастама болғандар — Homo туысының арғы тегі болып саналатын қазба қаңқа қалдықтары табылған маймыладамдар (австралопитектер).
  • Архантроптар — қазба қаңқа қалдықтары ғана сақталған ежелгі адамдар.
  • Палеантроптар — Н. sapiens тікелей арғы тегі болып саналатын, қазба қаңқа қалдықтары ғана сақталған ертедегі адамдар.
  • Неоантроптар — қазба қаңқа қалдықтары ғана сақталған, жоғары палеолиттің мәдениетімен байланысты (Н. sapiens fossilis) және қазіргі өмір сүріп жатқан (Н. sapiens ricens) адамдар.
  • Адамның арғы эволюциясы әртүрлі дәуірлерде біртіндеп және әртүрлі жылдамдықпен жүріп отырған деген пікірлер бар.

Бастама болғандардың кезеңдері. 1924 жылы Иоганнесбург университетінің профессоры Р.А. Дарт Оңтүстік Африкадан гоминидтің бас сүйегінің қазба қалдығын тапты. Оның бет бөлімінің және тістерінің құрылысы бойынша ол маймылға да жэне адамға да ұқсас аралық тіршілік иесі еді. Р. Дарт бұл тіршілік иесін австралопитек немесе оңтүстік маймылы (латын сөзі australis — оңтүстік, pithecus -маймыл) деп атады. Бұл Оңтүстік-Африка австралопитегінің жасы шамамен, 3,0-2,3 млн жылға жуық. Бірнеше жылдан кейін Р. Дарт Оңтүстік Африкадан қайтадан осыған ұқсас тіршілік иесінің қаңқа қалдығын тапты, оны Australopithecua africanus деп атады.

Бұл тіршілік иесінің қаңқа қалдығын зерттеу барысында оның салмағы 35-55 кг, тістері адамның тістеріне өте ұқсас, ал миының көлемі 500 мл-дей екендігі анықталды. Миының көлемі адам миының көлемінің жартысына жетпесе де, бәрібір жоғары сатыдағы маймылдардың миының көлемінен үлкен болған. Автралопитектер тік жүруге қабілетті болды.

1978 жылы Шығыс Африкада (Танзания және Эфиопия) табылған гоминидтің қазба қаңқа қалдығының сойдақ тістері кішірейгендігімен, миының үлкендігімен және тік жүруге қабілеттілігімен ерекшеленген. Оның жасы шамамен, 3,9-3,4 млн жылдай. Бұл қаңқа қалдық Люси деп аталды және ол A. afarensis түріне жатқызылды.

1994 жылы Эфиопияда табылған қаңқа қалдық A. ramidus деп аталды. Бұл қаңқа қалдықтың жасы шамамен, 4,4 млн жыл, ал оның тісі A. afarensis-пен салыстырғанда едеуір қарапайым. Бұл тіршілік иесі гоминидтер мен понгидтердің эволюциялық тармақтарының бір-бірінен ажыраған, яғни A. afarensis-тің пайда болған уақытында тіршілік еткен.

1938 жылы Оңтүстік Африкада «мықты» (астыңғы жақ сүйегі бойынша) австралопитектің қазба қаңқа қалдықтардан табылды, қазір оны A. robustus деп атайды. Оның бойының биіктігі 150-155 см, салмағы 70 кг-дай, жасы 1,9-1,6 млн жылдай деп есептелінеді.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.