Антропогенез деген тарихи көзқарас антропологиядан да ерте пайда болған, тіпті, ежелгі кездің ғалымдары адамның табиғаттағы орны мен адамның пайда болуы туралы мәселелерді талқылағандығын байқауға болады. Мысалы, Анаксимандр (біздің дәуірімізге дейінгі 610-546 жылдар) және Аристотель (біздің дәуірімізге дейінгі 384-322 жылдар) адамның табиғаттағы орнын анықтай келе, адамның арғы тегі жануарлар екендігін мойындады. Аристотель жануарларды «қаны бар» және «қаны жоқ» деп бөліп, адам мен жануарлардың қаны бар тобына маймылды ғана жатқызды. К. Гален (шамамен, 130-200 бұрын) төменгі сатыдағы маймылды сойып, зерттеуі арқылы адамның анатомиясы туралы қорытынды жасауына тура келді.
К. Линней (1707-1778) өзінің алдындағы зерттеулерімен салыстырғанда озық көзқарастарымен ерекшеленді. Ол жеке маймылдар отрядын жеке бөліп, оған шала маймылдарды, маймылдарды және адамдар туысын және бір адам туысына — саналы Адам түрін (Homo sapiens) жатқызды, сонымен қатар адам мен маймылдардың ұқсастығын атап көрсетті. Бірақ, К. Линней приматтар отрядының шекарасын нақты көрсете алмады. Бұл отрядқа жалқауаңды да, жарқанаттарды да жатқызды. К. Линнейдің кейбір замандастары оның жүйесін мойындамады, себебі олар адамның маймылдар отрядына жатқызуына қарсы болды. Сонымен бірге, басқада жүйелердің нұсқалары болды, ол бойынша адамның дәрежесін өте жоғары бағалап, адамды табиғаттың жеке патшалығы деп есептеді. Мұндай көзқарастар, адамды жануарлардан мүлде бөліп тастады.
XVIII ғасырларда адам мен маймылдардың туыс екендігін И. Кант (1724-1804), Д. Дидро (1713-1784), Ж. Ламеттри (1709-1751), A. A. Каверзнев (1748-?), A. H. Радищев (1749-1802), Ж. Ламарк (1744-1829) қолдады. Тіпті, Ж. Ламеттри таксономиялық адам мен жануарларды бір жүйеге біріктіру, адам дәрежесіне нұқсан келтірмейді, өйткені түйсіну мен ойлау қасиеттері барлық жануарларда да бар және ол олардың құрылымының деңгейлеріне байланысты деп есептеді.
Ертедегі философтар адам мен жануарлардың туыс екендігін мойындағанымен адамның қалай пайда болғандығы туралы мәселеге жауап бере алмады. Антропогенездің алғашқы ғылыми гипотезасын Ж. Б. Ламарк жасаған деп есептелінеді. Ол алғаш рет адамның арғы тегі маймылтектес екендігін, яғни ағаш басындағы төртаяқтылардың жер бетінде тіршілік етуіне бейімделіп эрі екі аяқпен қозғалуы эволюцияның басты жетістіктерінің бірі екендігін ерекше атап өтті. Ламарк адамның арғы тегінің тік жүруіне байланысты бұлшық еттерімен қаңқасындағы өзгерістерді жазып келтірді. Бірақ, ол қоршаған ортаның рөлін жоғары бағалады, басқа организмдер үшін адам эволюциясының қозғаушы күшін дұрыс түсіндіре алмады.
Н. Г. Чернышевский (1828-1889) антропогенез табиғаттың тарихи дамуының бір көрінісі деп есептеді. А. Уоллестің (1823-1913) жорамалы бойынша, адамның эволюциясында ең басты маңыздысы екі аяқпен қозғалу және тік жүрудің нәтижелері мидың үлкейе бастауына әсер еткен деді. Ол адамның пайда болуы тарихи уақыт өлшемі бойынша, өте ұзаққа созылған деп шамалады. Осы және осыған ұқсас көзқарастар адамның пайда болуы туралы ілімді әрі қарай дамытты, бірақ олардың барлығы адамның пайда болуы туралы толық тұжырым жасай алмады. Ч. Дарвиннің эволюция туралы ілімінің негізінде адамның пайда болуы туралы нақты ғылыми тұжырым қалыптасты.
Адамның пайда болуы туралы түрлі көзқарастар бұрын да болған және қазіргі кезде де бар екендігін атап өткен жөн. Материалистік философияға қарсы пікірлер адамның шығу тегін табиғаттан тыс күштермен байланыстырады. Денеден сананы бөліп қарап және сананы бірінші деп есептеп, ол дене және жан бір-біріне тәуелсіз жеке-жеке дамиды деп әрі жан дене өлген соң одан бөлінеді деп есептейді. Адамның табиғаттан тыс күштерден пайда болғаны туралы көзқарастар баяғыдан-ақ библияның тұжырымдарымен жымдасып кеткен, ол бойынша 10 000 жыл бұрын адамды Жаратушының жетінші күні жаратқан деп түсіндіреді. Қазіргі кезде бұл тұжырымды «ғылыми» креационистер қолдайды.
«Ғылыми» креационизмнің дамуына қарсы XX ғасырдың соңғы төрттігінде Рим Папасы Иоанн Павел ІІ-нің 1986 жылы көптеген ғылыми мәліметтердің әсерінен адамның денесінің пайда болуы эволюция тұжырымына сәйкестігін мойындауы, осы ағымның кеңінен өріс алуына тосқауыл болды, бірақ ол адамның жаны туралы көзқарасынан тайған жоқ. 1996 жылдың қазан айында адам эволюциясы туралы бұрынғы айтқандарын қайталады. Беделі жоғары Рим-католиктік шіркеуінің басшысының адам табиғаты жөніндегі эволюция туралы көзқарасы зволюцияға қарсы көзқарастың тоқтағаны туралы қорытынды жасауға болады.