Жынысты көбею бір клеткалы да, көп клеткалы да өсімдіктер мен жануарларға тән. II және III бөлімдерде көрсетілгендей, жынысты көбею бактерияларда жыныстық процестің үйлестігі және бұл организмдердің рекомбинация жүйесі болып табылатын конъюгация жолымен жүрсе, қарапайымдылардың да жынысты көбеюі осы конъюгация немесе сингамия және аутогамия жолдарымен жүреді. Көп клеткалы организмдерде (өсімдіктер мен жануарларда) жынысты көбею ұрықтық немесе жыныстық клеткалардың (гаметалар) пайда болуымен, ұрықтану мен зиготаның пайда болуымен байланысты.
Жынысты көбею организмдердің маңызды эволюциялық жетістігі болып табылады. Екінші жағынан, ол гендердің қайта өңделуіне, организмдердің алуан түрлілігінің пайда болуына және олардың қоршаған ортаның тоқтаусыз өзгеріп отыратын жағдайларына бейімделуінің жоғарылауына ықпал етеді. Бір клеткалы организмдерде жынысты көбею бірнеше формада болады. Бактериялардың жынысты көбеюін, олардағы плазмидті немесе хромосомалы ДНҚ-ның донор клеткалардан (плазмидтері бар) рецепиент клеткаларына (плазмидтері жоқ) жіберілуімен негізделетін және генетикалық ақпараттың бір бактерия клеткаларынан басқа фагтарға берілуімен негізделетін конъюгациямен талдауға болады. Конъюгация, сонымен қатар инфузорияларда кездеседі, бұл процесс кезінде оларда бір даралардан екіншілеріне ядролардың орын ауысып, бөлінуі жүреді.
Бір клеткалы жануарлардың жынысты көбеюінің аса таралған формаларының бірі, мысалы, паразиттік споровиктерде копуляция болып табылады. Олардың жынысты көбеюі екі дараның қосылуына негізделеді, генетикалық ақпараттың қосылу тәсіліне тәуелсіз бір клеткалы организмдерде бұл қосылудың маңызы ерекше, өйткені ол генетикалық рекомбинациямен ере жүреді. Олардағы жынысты көбею гаметалар болып табылатын екі дараның спораларының, біреуіне жанасуы, кейіннен жаңа организмнің қалыптасуына негізделеді.
Көп клеткалы өсімдіктер мен жануарларда жынысты көбею аналық және аталық жыныс клеткаларының пайда болуымен (жұмыртқа клеткасы мен сперматозоидтардың), соңынан жұмыртқа клеткасының сперматозоидпен ұрықтануымен және зиготаның пайда болуымен жүреді. Өсімдіктерде жыныс клеткалары маманданған репродуктивті құрылымдарынан, ал жануарларда гонадалар (грекше gone — жанұя) деп аталатын жыныс бездерінен өндіріледі.
Жануарлардың соматикалық клеткалары мен жыныс клеткаларының арасында маңызды айырмашылық болады. Соматикалық клеткалар бөлінуге қабілетті, яғни өзін-өзі репродукциялайды (көшіру) және онымен қоса олардан жыныс клеткалары қалыптасады. Ал, жыныс клеткалары керісінше бөлінбейді, бірақ олар толық организмнің репродукциясын береді. Аталық жыныс клеткалары қалыптасатын диплоидты соматикалық клеткаларды сперматогониялар деп, ал аналық жыныс клеткалары қалыптасатын жыныс клеткаларын — овогониялар деп атайды. Аталық және аналық жыныс клеткаларының қалыптасу (өсуі мен бөлінуі) процесі ұрық алды даму-гаметогенез деп аталады.
Гаметогенез мейозға негізделеді (грекше: meiosis — төмендеу), ол ядродағы хромосома санының төмендеуімен қоса жүретін клетка ядросының редукциялық бөліну процесі. Мейоз жынысты көбейетін тірі организмдердің репродуктивті мүшелерінің маманданған клеткаларында жүзеге асады. Мысалы, папоротниктәрізділерде мейоз спораларға, кейін гаметофиттерге жетілетін, өсімдік жапырағының төменгі бетінде орналасатын маманданған спорангий клеткаларында кездеседі. Гаметофиттер соңында аталық және аналық гаметаларды өндіре отырып, жеке тіршілік етеді. Гүлді өсімдіктерде мейоз спораларға жетілетін маманданған үрық бүршіктерінің клеткаларында жүзеге асады. Соңғылары бір жұмыртқа клеткасы бар гаметофитті өндіреді.
Онымен қоса, бұл өсімдіктердің мейозы спораларға жетілетін, соңында екі аталық гаметалары бар тозаңды өндіретін тозаңдардың маманданған клеткаларында болады. Гермафродит болып табылатын және денесінің бір сегментінде аталық жыныс мүшелері, ал аналықтары басқа сегментінде болатын және әртүрлі даралар арасында айқаса ұрықтана алатын жер құрттарында сперматогенез бен овогенез бір мезгілде жүреді.
Әр түрлі организмдердегі мейоз
Сүтқоректілерде мейоз тұқым безі мен жұмыртқа безінің маманданған клеткаларында жүзеге асады, оларда сәйкесінше аталық және аналық жыныс гаметалары өндіріледі. Мейоздың индукторлары болатын белоктар табылды. Мейоз кезінде соматикалық клеткалар (клеткалық ядро) мен пісіп жетілмеген ұрық клеткаларына тән хромосомалардың диплоидты саны (2п) пісіп жетілген ұрық клеткаларына тэн гаплоидты санға (In) өзгереді. Осылайша, гаметогенездің нәтижесінде жыныс клеткалары соматикалық клеткалардың тек жартылай ғана хромосомаларын алады (79 — сурет). Жануарлардың гаметогенезі кезінде хромосомалардың жүріс-тұрысы аталық дараларда да, аналық дараларда да бірдей болады. Бірақта жыныс мейоздың эртүрлі деңгейлерінің пайда болу уақыты кезінде ажыратылады, ол әсіресе, адамда байқалады. Аталықтарда постпубертатты кезеңде мейоз толықтай, шамамен екі айдың ішінде аяқталады, ал аналық дараларда алғашқы мейозды бөліну фетальді жұмыртқа безінің өзінде басталады және оларда шамамен он бес жаста басталатын овуляция басталмай аяқталмайды.
Мейоз және оның қызметі
Жоғары сатыдағы жануарлардың аталық дараларында, мейоз төрт қызметтік белсенді гаметалардың пайда болуымен жүреді (80 — сурет). Аналық дараларда, керісінше II реттік әрбір овоцит тек бір ғана жұмыртқа клеткасын береді. Аналық мейоздың басқа ядролық өнімдері көбеюге қатыспайтын және тұқым азғындамайтын үш редукциялық денешіктер болып есептеледі. Мейоз клетка ядросының екі рет бөлінуінен тұрады, ол мейоздық бөліну деп аталады. Ядроның алғашқы мейоздық бөлінуі гомологты хромосомалардың әрбір жұбының құрамдарының олардың бір-бірімен түйісіп (синапсис) жэне генетикалық ақпаратпен алмасуынан кейін жүреді. Осы бөлінудің нәтижесінде екі гаплоидты ядро пайда болады. Екінші мейоздық бөліну төрт гаплоидты ядроны өндіре отырып, эрбір ядролардағы хромосомалардың (хромотидтер) екі ұзына бойы бөледі. Гаметогенез процесінде сонымен қатар олардың қызметінің пререквизиті болып табылатын жұмыртқа клеткасы (овогенез) және сперматозоидтардың (сперматогенез) дифференциациясы жүреді. Жоғары маманданған құрылымдармен бірге, жануарлардың жұмыртқа клеткалары сперматозоидтарға қарағанда әлдеқайда ірі, олар әдетте қозғалыссыз және ұрықтанудан кейінгі бастапқы кезеңде эмбрионның дамуын қамтамасыз ететін қоректік материалдан тұрады. Көптеген жануарлардың сперматозоидтарында олардың тәуелсіз қозғалысын қамтамасыз ететін талшықтары болады. Мейоздың биологиялық маңызы аса зор. Мейоздың арқасында организмдердің клеткаларында ұрпақтардың санына тәуелсіз хромосомалардың тұрақты саны сақталып тұрады. Осылайша, мейоз түрлердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ақырында мейозда кроссинговердің нәтижесінде эволюцияның бір факторы болып табылатын гендердің рекомбинациясы жүреді, бірақ оның мәні мутагенезбен салыстырғанда айтарлықтай емес.
Сперматогенез және овогенез
Сперматогенез — бұл пісіп жетілген аталық жыныс клеткаларының қалыптасу процесі. Сперматозоидтар аталық жыныс бездерінің (тұқым безі немес тестистер) маманданған соматикалық клеткаларынан пайда болады (81 — сурет). Мұндай маманданған клеткалар есебінде, аталық индивидумның эмбриогенезінің ерте кезеңінде тестистерге орын ауыстыратын примордиальды ұрық клеткалары қызмет атқарады. Демек, примордиальды клеткалар, пісіп жетілген жыныс клеткаларының арғы ата-тегі болып табылады. Сүтқорек-тілерде жыныстық жағынан пісіп жетілгеннен кейін сперматозоидтар өмір бойы қалыптасады. қозғалыссыз және ұрықтанудан кейінгі бастапқы кезеңде эмбрионның дамуын қамтамасыз ететін қоректік материалдан тұрады. Көптеген жануарлардың сперматозоидтарында олардың тәуелсіз қозғалысын қамтамасыз ететін талшықтары болады.
Адамның тұқым безі көптеген каналшықтардан тұрады, қабырғалары сперматозоидтардың әртүрлі даму сатыларында болатын қабаттанған клеткалардан құралған. Каналшықтардың сыртқы қабаты сперматогониялар деп аталатын ірі клеткалардан тұрады. Бұл клеткалар хромосомалардың диплоидты жиынтығын құрайды және тестистерде примордиальды ұрықтық клеткалардың ұрпақтары болып табылады.
Индивидтің жынысты жетілу кезеңінде сперматогониялардың бір бөлігі каналшықтардың ішкі қабатына орын ауыстырып, мейоздың нәтижесінде олар бірінші реттік (сперматоциттер I) деп аталатын клеткаларға, одан кейін екінші реттік сперматоциттерге (сперматоциттер II) жэне ақырында пісіп жетілген сперматозоидтарға жіктелетін гаплоидты ұрық клеткалары болып табылатын сперматидтерге айналады. Осылайша, қорыта айтқанда, сперматогенез диплоидты соматикалық клеткаларда (сперматогонияларда) инициацияланады, одан соң ұрық клеткаларының пісіп жетілуі жүреді, онда сперматидтің пайда болуына әкелетін ядроның мейоз жолымен екі еселенуі болады. Сперматогенездің мейозы бірнеше сатымен (фаза) жүреді. Клеткалардың бөлінуі арасында екі интерфаза болады. Осылайша, мейоздық бөлінуді бірінен соң бірі өтіп отыратын оқиға ретінде қарауға болады, ол мынадай: интерфаза 1 — бірінші мейоздық бөліну (ерте профаза I, кеш профаза I, метафаза I, анафаза I, телофаза I) — интерфаза II (интерокинез) — екінші мейоздық бөліну (профаза II, метафаза II, анафаза II, телофаза II). Мейоз процесі өте өзгермелі, сондықтан әртүрлі сатылар арасындағы микроскопиялық ерекшеліктер сол сатылардың сипатын емес, ал олардың әртүрлі сатыларындағы хромосо-малардың қасиеттерін сипаттайды (82 -сурет). Интерфаза І-де хромосоманың репликациясы (ДНҚ-ның екі еселенуі) жүреді, ол ерте профаза І-дің басталғанына дейін толығымен аяқталады.
Бірінші мейоздық бөліну бастапқы сперматоцитте басталады және біреуінің екіншісіне орнын ауыстыратын профаза I мен профаза ІІ-ден тұратын ұзын профазамен сипатталады. ПрофазаІ-де: бес негізгі сатыны лептонема, зигонема, пахинема, диплонема және диакенез сияқты ажыратады. Лептонема сатысында ядродағы хромосомалар күңгірт түсті түйіршіктерден (хромомералар) түратын жіңішке жіп тәрізді болады. Хромомералар мен жіпшелердің ажырауы байқалмайды, бірақ бұл сатыдағы хромосомалар екі еселенген, яғни диплоидты деп есептелінеді. Әрбір хромосомалық жұптың гомологтары ілгек принципі бойынша ұзына бойы хромомералармен бірігеді.
Зигонема сатысында гомологтық хромосомалар арасында синапстардың орнатылуы жүреді, оның нэтижесінде жұпталған хромосомалар (биваленттер) түзіледі. X және Ү хромосомалары аутосомалармен салыстырғанда басқаша сипатта болады. Олар ұштарында гомологты аймақтардың болуының нәтижесінде жұптасып, күңгірт түсті гетерохроматинді денелерде конденсацияланады. Мейоздық профазадағы уақыты бойынша ең ұзақ саты болып табылатын пахинема сатысында биваленттердің конденсациясы мен әрбір хроматидтің екіге бөлінуі жүреді, нәтижесінде төрт еншілес хроматидтен (тетрад) тұратын әрбір бивалент спираль тәрізді күрделі құрылымды құрайды. Бұл деңгейдің соңында қосарланған хромосомалар-биваленттердің бөлінуі басталады. Енді гомологты хромосомалар жақынырақ байқалады. Сондықтан кейбір препараттардан әрбір гомологтың дупликациясы нәтижесінде пайда болатын, еншілес хроматидтерді қалыптастыратын төрт хромосоманы көруге болады. Бұл сатыда гомологтар арасындағы алмасу жүреді және хиазма қалыптасады.
Диплонема сатысында еншілес хроматидтердің қысқаруы, қалыңдауы мен өзара қашықтауы жүріп, биваленттегі хроматидтер дерлік ажырап қалады. Әрбір жұп хромосомада центромералардың әлі толықтай ажырамауынан бөліну толықтай жүрмейді. Биваленттер болса, олардың ұзына бойына әртүрлі орындарда синапстық байланысқан, гомологтардың арасындағы алдыңғы кроссинговердің нәтижесінде пайда болған, гомологты хроматидтердің арасында қалыптасқан құрылымдар болып табылатын хиазмалары арқылы ұсталып тұрады. Жақсы препараттардан биваленттің ұзындығына байланысты бірден бірнешеге дейін хиазмаларды байқауға болады. Осы сатыдағы әрбір қаралып отырған хиазма, пахинема сатысының барысындағы еншілес емес хроматидтердің арасында кездесіп отырған алмасудың нәтижесін береді. Биваленттердің қысылуы мен қашықтауы күшейгендіктен, хиазмалар хромосомалардың соңына қарай ығысады, яғни хромосомалардың терминализациясы болады. Диплонеманың соңында хромосомалардың деспирализациясы жүреді, гомологтар бір-бірінен қашықтауын жалғастырады.
Диплотенамен ұқсас диакенез сатысында биваленттердің қысқаруы жалғасады және хиазмалардың әлсіреуі (азаюы) болады, осының нәтижесінде хроматид түрінде (төрт) дискретті бірліктер қалыптасады. Тікелей осы саты аяқталғаннан кейін ядролық мембрананың еруі жүреді. Метафаза І-де биваленттер жоғары конденсацияға жетеді. Сопақшаға айнала тұрып, олар ядроның экваторлы бөлігінде орналасады, ол жерде мейоздық метафаза І-дің экватор пластинкалары қалыптасады. Әрбір биваленттің формасы хиазманың саны және оның орналасуымен анықталады. Ер адамдарда метафаза І-гі хиазмасының саны бивалентте әдетте, 1-5 болады. ХҮбиваленті жеке терминалды орналасқан хиазманың нәтижесінде таяқша тәрізді бола бастайды.
Анафаза І-де центромералардың клетканың қарама-қарсы полюстеріне қозғалысы басталады. Осының салдарынан гомологты хромосомалардың бөлінуі жүреді. Енді әрбір хромосома центромерамен ұсталып тұрған екі хроматидтен тұрады, ол бөлінбейді және интактты күйде қалады. Осылайша мейоздың анафаза І-і центромерасы бөлінуге ұшырайтын митоздың анафазасынан ажыратылады. Кроссинговердің нәтижесінде әрбір хроматидтің генетикалық әртүрлі болатындығы жайлы айта кеткен жөн.
Телофаза I сатысында хромосомалар полюстерге жетеді, осымен бірінші мейоздық бөліну аяқталады. Телофаза І-ден соң қысқа интерфаза (интеркинез) басталады, ол жерде хромосомалар деспирализацияланып, диффузды болады немесе телофаза I екінші мейоздық бөлінудің профаза ІІ-ге бірден өтеді. Бірінші жэне екінші жағдайда да ДНҚ-ның репликациясы байқалмайды. Бірінші мейоздық бөлінуден кейін клеткаларды II-реттік сперматоциттер деп атайды. Осындай әрбір клеткадағы хромосоманың саны 2п-нен n-ге дейін төмендейді, бірақ ДНҚ-ның құрамы әлі өзгермейді.
Екінші мейоздық бөліну бірнеше фазалар (профаза II, метафаза II, анафаза II, телофаза II) барысында орындалады және ол мейоздық бөлінуге ұқсас келеді. Профаза ІІ-де екінші реттік сперматоциттердің хромосомалары полюстерде қалады. Метафаза ІІ-де эрбір қос хромосомалардың центромералары, әрбір жаңа хромосоманы өзінің центромерасымен қамтамасыз ете отырып бөлінеді. Анафаза ІІ-де полюске жаңа хромосомалар қозғала бастайтын ұршықтың қалыптасуы басталады. Телофаза ІІ-де екінші мейоздық бөліну аяқталады, нәтижесінде екінші реттік сперматоцит екі сперматид береді, кейін олардан сперматозоидтар дифференциацияланады. Екіншілік сперматоциттегідей сперматидтегі хромосомалар саны гаплоидты болады (п). Бірақта сперматидтердің хромосомалары жеке болса, екінші сперматоциттер ІІ-нің хромосомалары екі хроматидтен құралатын қос болып келеді. Демек, сперматидтің әрбір ядросында гомологтық емес хромосомалардың жекелеген жиынтықтығы болады. Екіншілік мейоздық бөліну митозды типті бөліну (экваторлы бөліну) болып табылады. Ол қос еншілес хроматидтерді бөледі жэне гомологтық хромосомалары бөлінген редукциялық бөлінуден ерекшеленеді. Классикалық митоздан бір ғана маңызды айырмашылығы, ондағы хромосомалардың гаплоидты жиынтықтан құралғандығы.
Сонымен, I реттік сперматоциттердің бірінші мейоздық бөлінуі екі екінші сперматоциттердің (II реттік) пайда болуына әкеледі. Редукциялық бөліну нәтижесінде пайда болатын құрылымның екі хроматиді де еншілес хроматидтер болады. Соңғылары бірінші мейоздық бөлінудің алдында болатын репликация нәтижесінде пайда болады. Әрбір екінші сперматоциттің екіншілік мейоздық бөлінуі төрт сперматидтердің қалыптасуына әкеледі. Осылайша, мейозда клеткалар екі рет бөлінсе, хромосомалар бірақ рет бөлінеді. Сперматогенездегі соңғы саты дифференциациямен байланысты, ол салыстырмалы үлкен, сфералық қозғалмайтын сперматидтердің, кішірек келген, созыңқы, қозғалмады сперматозоидқа айналуымен аяқталады.
Жануарлардың көптеген ересек (жыныстық тұрғыдан пісіп жетілген) аталық дараларының сперматогенезі ұрық безінде тұрақты немесе оқтын-оқтын (мезгілмен) жүреді. Мысалы, насекомдарда сперматогенез циклінің аяқталуына тек бірнеше күн қажет, ал сүтқоректілерде болса бұл цикл апталарға және тіпті, айларға дейін созылуы мүмкін. Ересек адамда сперматогенез бір жыл бойы өтеді. Сперматогонийлардың пісіп жетілген сперматозоидтарға айналу уақыты шамамен, 74 күнді құрайды. Әртүрлі түрлерге тиесілі организмдерден өндірілетін аталық жыныс клеткалары қозғалғыштығымен және көлемі мен құрылымы жағынан аса алуан түрлі болуымен сипатталады Мысалы, D. melanogaster сперматозоидының ұзындығы 1,76 mm, ол адам сперматозоидынан 300 есе ұзын болады. Одан басқа D. bifurca-ның сперматозоидының ұзындығы 28 мм құрайды, осы түрдің насекомдарының ұзындығынан жиырма есе асып түседі.
Адамның әрбір сперматозоиды үш бөлімнен: бастан, ортаңғы бөлімнен және құйрықтан тұрады (85 — сурет). Сперматозоидтың басында ядро орналасады. Онда хромосоманың гаплоидты жиынтығы болады. Сперматозоидтың басы литикалық ферменттері бар акросомамен жабдықталған, ол сперматозоидтың жұмыртқа клеткасына енуіне қажет. Басында, сонымен қатар, екі центроиль-сперматозоидпен ұрықтанған жұмыртқа клеткасының бөлінуіне түрткі болатын проксимальды және құйрықтың аксимальды негізінің бастамасын беретін дистальды центроильдан тұрады. Сперматозоидтың ортаңғы бөлігінде қүйрық пен митохондрияның базальды денешігі орналасады. Сперматозоидтың құйрығы (өскін) ішкі аксимальды негізден және цитоплазмалық тегі бар сыртқы қаптан құралады. Адамдардың сперматозоидтары едәуір қозғалғыштығымен ерекшеленеді.
Овогенез — бұл жұмыртқа клеткаларының қалыптасу процесі. Оның қызметтеріне жұмыртқа клеткасы ядросындағы хромосоманың гаплоидты жиынтығын және зиготаның қоректік қажеттілігін қамтамасыз ету кіреді. Овогенез өзінің көрінісі жағынан негізінен сперматогенезбен сәйкес келеді. Сүтқоректілер мен адамда овогенез жатыр іші сатысынды-ақ (туғанға дейін) басталады. Айтарлықтай ірі ядросы бар ұсақ клеткалар болып табылатын және жұмыртқа бездерінің фолликулаларында орналасқан овогониялар фолликулаларда алғашқы овоциттерге жіктеле бастайды. Соңғылары жатыр ішіндегі дамудың үшінші айында-ақ қалыптасады, кейін олар бірінші мейоздық бөлінудің профазасына кіріседі. Қыз баланың дүниеге келу уақытында алғашқы овоциттердің барлығы бірінші мейоздық бөлінудің профазасында болады. Алғашқы овоциттер профазада әйел адамның жыныстық жағынан жетілуіне дейін қалады. Жыныстық жағынан жетілгенде жұмыртқа безінің фолликулалары піседі, алғашқы овоциттердегі мейоздық профазаның жаңаруы басталады.
Адамдағы екіншілік мейоздық бөліну екінші овоциттің (дамып келе жатқан жұмыртқа клеткасы) жұмыртқа безінен Фаллопий түтігіне өткенде болады. Бірақта, бұл бөліну әдетте, Фаллопий түтікшесінде өтетін екінші овоцитке сперматозоидтың ядросындағы құрамдар енбегенше аяқталмайды. Сперматозоид ядросы екінші овоцитке енгенде, соңғысы бөлінеді, нәтижесінде 23 аналық хромосоманың жеке жиынтығынан тұратын пронуклеусі бар овотида (пісіп жетілген жұмыртқа клеткасы) пайда болады. Кейбір басқа түрлерде ер жынысын да, эйел жынысын да анықтайтын жұмыртқа клеткалары пайда болады. Мұнда хромосомалардың айырылуы негіз болатын гендердің ажырауы мен рекомбинациясы жүретіндігін айта кеткен жөн. Адамдағы екінші мейоздық бөлінуден пайда болатын басқа бір клетка онда одан арғы дамуға бейімсіз екінші полярлы денешік болып табылады. Бұл уақытта полярлық (редукциялық) денешік те бөлінуге ұшырайды. Сонымен, бірінші реттік бір овоциттің дамуы бір овотида мен үш редукциялық денешіктердің қалыптасуымен жүреді. Жұмыртқа бездерінде мұндай жолмен тіршілік барысында әдетте, 300-400 овоциттер пісіп жетілсе, ал бір айда тек бір овоцит қана пісіп жетіледі. Жұмыртқа клеткаларының дифференциациясы кезінде мембраналар қалыптасады, олардың ядросының мөлшері кішірейеді.
Кейбір жануарлардың түрлерінде овогенез жылдам әрі тоқтаусыз жүріп, жұмыртқа клеткаларының көп мөлшерінің қалыптасуына әкеледі. Сперматогенезбен ұқсастығына қарамастан, овогенездің кейбір арнайы ерекшеліктері болады. Алғашқы овоциттің қоректік заты (сарыуыз) мейоздық бөлінудің нәтижесінде пайда болған төрт клеткалардың арасына бірдей таралмайды. Сарыуыздың негізгі мөлшері бір үлкен клеткада сақталады, ал полярлы денешіктерде оның құрамы айтарлықтай ғанаболады. Бірінші жэне екінші полярлы денешіктердің бөлінуі нәтижесінде екіншілік овоциттер сияқты сол баяғы хромосомалық жиынтықтарды алады, бірақ олар жыныс клеткаларына айналмайды. Сондықтан жұмыртқа клеткалары сперматозоидтарға қарағанда қоректік затқа бай болады. Бұндай айырмашылықты әсіресе жұмыртқа салатын жануарлардан байқауға болады.