human

Қазіргі адамдардың экологиялық алуан түрлілігі

Ерте заманан бері, яғни адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері — адамның дене құрылысы мен әрбір мүшесінің белсенділігі көпшілікті қызықтырады. Ертедегі ұлы дәрігер Гиппократ адамның тұлғасына қарап, күшті, тығыршық, тершең және семіз деп бөлген сонымен қатар, әртүрлі тұлғадағылардың өздеріне тән аурулары болады деп түсіндірген.

Кейінірек Клавдий Гален (130-200) адамдар тұлғасын төрт топқа бөліп, әрбір топтың организмінде болатын «сөлге» тән өз қозғалу ерекшеліктері болады. Ол оны мынандай «сөлдерге» бөлді: sangua-(қан), phlegma (салқын шырыш), сһоlе (өт), melan chole (қара өт). Организмде қандай «сөлдің» болуына байланысты адамның темпераменті анықталады. Гален адам темпераментіне қарап, сангвинниктер (көңілді, ширақ, тек алға ұмтылатын), флегматиктер (жайбасар, сабырлы, кез келген жағдайда өзін ұстай білетін, селқос), холериктер (қайсарлы, жігерлі, ашушаң, құмаршыл) және меланхоликтер (ашушаң, жасқаншақ, бірақ жұмысын бір жүйемен тиянақты істейтін) деп бөлді. Адам тұлғасының ерекшеліктеріне қарай осылай жіктеуді И. П. Павловта қолдады.

XX ғасырдың басында француз дәрігері Сиго ас қорыту, тыныс алу, қимыл-әрекетіне және жүйке жүйесінің реакциясына қарап төрт топқа — церебральды (милы), дигестивті (ұқыпты), бұлшық етті және респираторлы (кең тынысты) деп бөлді. Ол церебральды топқа басы үлкен және кеуде қуысы ұзыншалау адамдарды жатқызды. Дигестивтілерге — қарындары үлкен, кеудесі қысқа және кең, жақ сүйектері жақсы дамыған адамдарды жатқызды. Етті топқа бұлшық еттері дамыған, кең иықты, аяқ-қолдары ұзын адамдар жатқызылды. Респираторларға — кеуде мен мұрын қуысы жақсы дамыған, кеуде қуысы жэне аяқ-қолдары ұзын адамдар жатқызылды.

Біздің ғасырымыздың 20-30-жылдары неміс дәрігері Кречмер үш дене тұлғасын ажыратты: астениялық, пикеникалық және атлетті деп үш топқа бөлді. Астениялық топқа-кеудесі қалың, иықтары қысқа, денесінде майы жоқ, мінездері тез өзгеретін адамдар, пикникалық топқа — басы, кеудесі жэне қарыны үлкен, денесі тығыршықтай, семіруге икемді, көңіл күйі бір қалыпты адамдар, атлетикалық топқа — қаңқаның кеуде бөлімі үлкен, иықтары кең, бұлшық еттері дамыған, көңіл-күйі жайбасар біртіндеп өзгеретін адамдар жатады.

Адамдардың дене тұрпатының ерекшеліктеріне жеке қарап топтарға бөлу қазіргі кезде де жалғасып келеді. Өз қажеттеріне сәйкес жоғарыдағы топтардың жүйелерін пайдаланады. Генетикалық көзқарас бойынша дене тұрпатының топтары немесе басқа жеке басының фенотипі, яғни генотип пен ортаның арақатынасының нәтижесінде пайда болған.

Бірақ, адамзат Жер шарында ауа райы, ландшафтылары, геохимиясы жэне басқа ерекшеліктері әртүрлі аймақтарда орналасқан. Сонымен қатар ауа райының ерекшіліктерінің, гравитацияның, электромагнит өрісінің, радиацияның, ауру тарататын организмдердің және басқа да факторлардың әсерлерінен, адамдардың морфологиялық және физиологиялық қасиеттері географиялық өзгергіштікке ұшырайды. Осы қасиеттердің белгілі бір аумақтарға байланысты өзгеруі қазіргі адамдардың географиялық (экологиялық) өзгеріштігіне дәлел бола алады. Осы өзгеріштіктің негізінде арктикалық, биік таулықтар және тропикалық адамдар тобын ажыратады, сонымен бірге қоңыржай климаттық белдеулерде түратындар деп те бөледі.

Арктика тобы тұрғындары (эскимостар, чукчалар және т.б.) негізінен бұлшық етті келген (тығыршықтай), салмақтары ауыр және кеуде қуыстары жұмыр болып келеді. Осы топ адамдарының өкілдерінің барлығы оттекпен тыныс алуы, негізгі алмасу деңгейіде және энергетикалық үрдістері де басқаларға қарағанда жоғары деңгейде болады. Арктика тобының жеке тұлғаларының қанында холестерин мөлшерінің көптігімен ерекшеленеді. Бірақ Сібірдің қоңыржай аудандарында тұратындар Арктиканың байырғы жергілікті тұрғындарымен салыстырғанда, көбіне, астениялықтар мен пикникалық дене тұрпатының тобына жатады. Олар салыстырмалы түрде қысқа аяқты және қолдары ұзын, кеуде қуысы жалпақ, денелерінде май қорлары мол болады. Оларды қоңыржай белдеулерде тұратындармен салыстырғанда жылудың алмасу деңгейі жоғары келеді, ал қанындағы холестериндері бірдей мөлшерде болады.

Биік тауларда тұратын адамдар тобының (Кавказ, Памир және Тянь-шань таулықтары, Эфиопия және Үндінің байырғы жергілікті тұрғындары, Перудың үндістері және т.б.) кеуде қуысының көлемі үлкен және қаңқа бұлшық еттері салмақты ауыр болып келеді. Олардың қанындағы эритроциттері (гемоглобиндері) және иммуноглобиндерінің мөлшері көп, бірақ холестериндері аз болады.

Тропикада тұратын адамдар тобы (Африканың, Аустралияның, Мұхиттардың (Океанияның) Үндінің жэне Американың жергілікті тұрғындары) адамдарының дене тұрқы ұзынша, бұлшық еттері онша жетілмеген, денесінде тері бездері көп (1 см2денеде), жылу алмасуы жоғары және энергетикалық алмасу деңгейі төмен болады. Сонымен бірге, бұларда иммуноглобиннің мөлшері көп және қандағы холестериннің мөлшері аз болады. Тропикалық ендіктерде жергілікті тұрғындардың қанынан трансферин деген белок табылды, ол денедегі жылу алмасуды реттеп отырады. Шөлді аймақтардағы жергілікті тұрғындар ұзын бойлы болады, қан қысымы төмен және қанның құрамындағы эритроциттер саны көп.

Климаты қоңыржай белдемдер тұрғындары морфологиялық және физиологиялық қасиеттері бойынша арктика мен тропика топтарының екеуіне де ұқсас. Қоңыржай белдеулердің аралық деңгейіде болады, тұрғындары топырақтың, судың химиялық құрамына және теңіз деңгейінің биіктігіне тэуелді болып келеді. Мысалы, сүйектерінің минералдық құрамы топырақ пен судағы макро- микро элементтердің мөлшерінің құрамына байланысты болады.

Әртүрлі адам популяцияларының белдемдерге байланыстылығы морфофункцияналды өзгергіштігіне, нәсіліне және этностық қатынасына қарамастан популяцияның қоршаған ортамен тепе-теңдігін сақтауға қалыпты реакция түзіліп, бейімделгіштік қасиеттері пайда болған деп есептелінеді. Адамдар қоршаған ортаға морфологиялық және физиологиялық қасиеттерінің өзгергіштігі арқылы бейімделеді. Сондықтан тропикалық белдемдерге Африканың жергілікті тұрғындарының (негроидықтар) және Үнді еуропеоидтықтарының, аустралиялықтардың бейімделгіш қасиеттері бір-біріне ұқсас. Қиыр Солтүстік тұрғындардың (ненецтер, чукчалар, эскимостар, саамилер) бейімделгіш қасиеттері де бір-біріне ұқсас болып келеді.

Адамдардың бейімдегіштігі тарихи көрініс береді. Шамамен аустралопитектердің бейімделушілік реакциялары тропикалық белдемдердің ауа райына, ал архантроптарда бұл реакциялар ылғалды тропиканың және таудың биік таулы аймақтың бейімделу бағытында жүрді. Палеантроптардың Еуропада таралуы қоңыржай белдеулерге (орта палеолиттің дәуірі) бейімделуімен байланысты жүрді. Арктикада бейімделу кезеңі, шамамен, жоғарғы палеолит дәуіріне сәйкес келеді.

Соңғы 35-40 мың жыл ішінде адамның физикалық тұрпаты өзгерген емес. Сонымен бірге, парасат ойы да өзгерген жоқ. Бірақ экологиялық жағдайлар өткен ғасырдан гөрі, қазір адамдарға қатты әсер етуде. Сондықтан, адамдардың физикалық бейнесіне қазір акселерация және ғасыр үрдісі әсер етіп отыр.

Акселерация (латын сөзі acceleratio) — адамдардың тез өсуі және физиологиялық қызметтерінің жылдам жетілуі. Бұл атауды 1935 жылы неміс дәрігері Е. Кох енгізді. Акселерацияға көптеп мысал келтіруге болады.

Атап айтқанда, ғасырдың басында ер адамдар қалыпты бойына 25-26 жасында жетсе, қазіргі уақытта — 18-19 жасында жетіп отыр. Етеккір келетін жасы соңғы жылдары 14,5-тан 12,5 жасқа қысқарып отыр. Дамыған елдерде туылған балалардың салмақтары 100-300 граммға өсіп отыр. Жеткіншектердің жыныстық жетілуі 2 жыл ерте жетілуде.

Акселерацияның себеп-салдары туралы қарама-қайшы тұжырымдар бар. Бір мамандардың пікірі бойынша акселерация адамдардың және медицинаның қызмет ету деңгейінің жақсарғанымен байланыстырады. Басқа мамандар, акселерация жаңа гендердің пайда болуына әсер етеді деп түсіндіреді. Алдыңғы да, соңғы да пікірлердің ешбір дәлелі жоқ. Акселарацияның табиғаты түсініксіз, бірақ, акселарацияның жағымсыз жағы да бар екені белгілі. Мысалы, қазіргі тұрғындар арасында алыстан көрмеушілік, тіс жегісі, әртүрлі жүйке аурулары және т.б. жиі кездеседі.

Секулярлы тренд (латын сөзі secular trend — ғасырлық үрдіс) -ол дене ұзындығының артуымен, көбею кезеңінің, өмір сүру жасының ұзаруымен және адамның әртүрлі қажет қасиеттері белгілі бір уақыт аралығында болып жатыр. Мысалы, біздің Ресейде 1920-1935 жылдар аралығында туған балалардың денесінің ұзындығы өткен ғасырмен салыстырғанда 3,5 см-ге ұзарған. Акселарацияның және секулярлы трендтың табиғаттары туралы адам қанағаттандыралықтай түсініктемелер жоқ.