iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Халықаралық маркетинг

Бұл мәлімет 808 рет қаралды

Халықаралық маркетингтің рөлі мен маңызы. Экономикалық жүйеде орын алып жатқан өзгерістер сыртқы нарықтағы халықаралық бизнес субъектілерінің өзара әрекеттесуіне ықпал етуде. Посткеңестік мемлекеттер кеңістігі, соның ішінде отандық үйымдар үшін халықаралық маркетингтің рөлі мен маңызы артуда. Интернационализацияның дамуы мен өндірістің жаһандануы, халықаралық сауда көлемінің ұлғаюы, тікелей инвестициялардың өсуі компанияларды басқарудағы халықаралық маркетингтің релін арттыруға септігін тигізді. Осылайша, XX ғасырдың 90-жылдарында халықаралық сауданың даму көрсеткіштері әлемдік өндірістің қарқынынан шамамен 5 есеге артық болса, 1996 жылға қарай әлемдік тауарлы сауда-саттық көлемі 1950 жылмен салыстырғанда 16 есеге өскен, осы кезендегі ЖЮ 5,5 есеге артқан. Әлемдік сауда-саттықтың қарқынды дамуы Халықаралық маркетинг рөлінің сапалы өзгерісіне альш келіп, қазіргі кезеңнің негізгі маркетинг түрі ретінде оның бағасын есіруде.

Бүкіл әлемдік экономиканың дамуының бүгінгі кезеңінде ұлттық экономикалардың жиынтығы, сондай-ақ олардың экономикалық және саяси тұрғыда өзара әрекеттесуі мүлдем өзге ұғым қалыптастырады. Ғаламның барлық елдерінің жаһандану үрдісі әрдеңгейлі жаулап алғанын ескерсек, әңгіме расында да маңызды құбылыстар жайында болып отыр: экономиканың интернационализациясы, халықаралық шаруашылық қатынастардың бірыңғай жүйесінің дамуы, мемлекет қызметінің элсізденуі мен өзгеруі, трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі және т.с.с. 1997 жылы «Жаһандану обсерваториясы» (жаһанданудың негізгі орталықтарын бақылаушы Франциядағы үкіметтік емес ұйым) «шаруашылық жылды» талдай отырып, келесідей қорытынды жасады: ТҰК-пен бақыланатын элемдік өндірістің жалпы көлемі 51% қураған, яғни өндіріс қарамағында тек 49% қалған. Құлдырау мыңжылдық ауысқанға дейін орын алған. Бірақ жаһандану белгілері будан ертерек орын алғандығын қарастыратын тағы бір көзқарас бар. Бұл көзқарастың негізгі ұстанымдарын қозғамай-ақ, XX ғасырдың екінші жартысы ендірістің интернационализациясын қалыптастырған, бірыңғай әлемдік шаруашылық жүйесінің қалыптасуына негіз болған ұлттық экономикалардың күшеюімен сипатталғанын айқындай кетсек дейміз. Бұл кезеңде көптеген елдер интеграциялық атанған өндірістің халықаралық қоғамдануының жаңа типіне көше бастаған. Бүндай қадам, элемдік экономиканың дамуының қарқынымен шартталды, оның негізінде өзекті мәселелер туындады жэне оларды мемлекеттер жеке дара немесе халықаралық еңбек бөлінісінің ескі жүйесі негізінде шеше алмайды.

Жаһандану феномені — оқулықтың бүл тарау шеңберінен шығып кетуі арнайы зерттеудің пәні екендігін түсіне отырып, өсіп келе жатқан бүкіл әлемдік экономикалық жүйенің жаһандануы XX ғасырдың соңғы онжылдығында айқынырақ көрінген терең өзгерістерінің табиғатын рационалды ұғынуды талап ететіндігін үға отырып, өзіндік дамудың макроэкономикалық сілтеуіштерін дұрыс таңдау мақсатында бүл үрдістерді зерттеу кез келген ел үшін аса маңызды демекпіз. Әлемдік экономикада орын алып жатқан серпінді өзгерістер дамыған және дамушы елдерге, сондай-ақ жаңа қалыптасып жатқан нарықтарға тән. Әдетте, экономиканың жаһандану ұғымы астарында тауар ағымдарының, инвестициялар, несиелер, ақпараттар, идеялар мен адам айырбасы қарқынының ұлғаюы, сондай-ақ олардың таралуының географиялық кеңеюі түсіндіріледі.

Ұлттық экономика өзара тәуелді болған кезде, бұл ағымдардың енуінің жылдамдығы, интенсивтілігі жэне тереңдеуі деңгейіне дейін өседі. Ұлттық экономиканың элементтері (үлттық өндірушілер, түтынушылар, қаржылық және өзге институттар) тікелей әлемдік экономикалық кеңістікте интеграцияланады. Нәтижесінде, ұлттық өндірушілердің шетелдік тұтынушылармен байланысы нығая түседі. Егер бүрын үлттық экономикалардың эрекеттесуінің сандық ұлғаюы тауар, капитал және инвестиция ағымдары көлемдерінің артуы түрінде көрінген болса, бүгінде олардың әрекеттесуінің сапалық өзгерісі орын алуда. Біз құрамына енетін, жаһанды шаруашылықтың сапалы кезеңінің ерекшеліктерін қарастырсақ:

1)   Ашық экономика, кез келген елдің әлемдік қауымдастықпен әрекеттесуіндегі басты принцип, сыртқы экономикалық қызметтің белсенді либерализациясы кезіндегі әлемдік сауданың кеңейтілуі.
2)   Бөлек топтағы мемлекеттер экономикасына интеграциялық түрде әсер ететін аймақтық қүрылымдарды қалыптастыру, елдер арасындағы шаруашылық серіктестікті реттеудің айтарлықтай сенімді және тиімді механизмдерін қолдану.
3)   Халықаралық инвестициялық және сауда-саттық саясатта айқындаушы рөлге ие болып келе жатқан ТҰК-дың пайда болуы мен кең етек алуы.
4)   Еңбек өнімділігін арттырушы, бөлек елдер мен аймақтардың нарықтарының тығыз байланысын қамтамасыз ететін технологиялар мен техникалардың, информатиканың қарқынды дамуы.
5)   Бүкіл әлемдік экономика мен ұлттық экономиканың қалыпты және балансты дамуын қамтамасыз ететін халықаралық үйымдардың бірыңғай жүйесін құру (БҰҰ, ХВҚ, Бүкілэлемдік Банк, ДСҰ және т.б.).
6)   Халықаралық қауымдастықтың қабылдаған ережелері мен тәртібіндегі еңбек күші, капитал мен технологияның еларалық миграциясына негізделген халықаралық сауда-саттық жүйесін құру.
7) Сыртқы сауда және халықаралық өндіріс факторларының интеграциялық орын ауысуына тікелей байланысы жоқ ортақ қаржылық сала құру.

Көрсетілген үрдістердің белсенді жүзеге асуы негізіндегі өткен ғасырдың 80-жылдарында бүкіл әлемдік шаруашылықтың жаһандануының бүгінгі кезеңі туындады. Нэтижесінде, экономикалық қатынастардың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ететін әлемдік трансүлттық капитал мен жаңа технологиялар нарығының әрі қарай дамуы бірыңғай бүтін кеңістіктің пайда болуына алып келді. Жаһанданудың күшті факторларының қатарына, бүрынғы коммунистік жэне социалистік режимдегі үшінші әлем елдерінің көпшілік дамуының ескі моделінен бас тартуы жатады. Жаһанданудың элемдік экономикаға әсер ету үрдісін дәстүрлі макроэкономикалық көрсеткіштер арқылы бақылаймыз. Бірақ біз, бұл әсердің анализін жаңа заманның маңызды мазмұндық құбылыстары арқылы жүргізуді мәндірек деп есептейміз.

Ақпараттық жэне технологиялық төңкерістер жаңа экономиканың катализаторына айналып, оған жаһанды сипат бере түсті. Ақпараттық төңкеріс компьютер пайда болған кезден бастау алса, ал оның бүгінгі кезеңі Интернеттехнологиясының қалыптасуынан бастама алады. Ақпараттықтөңкеріс қаржылықэкономикалық транзакцияның жүргізілуін сапалық жэне сандық түрде өзгерте отырып, техникалық ақпараттар, инновациялар мен ноу-хаулардың ашықтылығын қамтамасыз етті. Расындада, электроника, кибернетиканың дамуы мен ғарыштық байланыс серіктер санының өсуі телекоммуникация қүралдарының төңкерісіне алып келді. 1910 жылы дүние жүзі бойынша 7 млн. телефон болса, 1950 жылы олардың саны — 51 млн. дейін өсіп, ал XX ғасырдың соңында — 100 млн. жетті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Маркетинг: Оқулық/Жалпы редакциясын басқарған: Ә.Ә. Әбішев, В.В. Герасименко, С.А. Каленова. — Алматы: Экономика, 2014. — 616 б. Мәлімет оқулықтың 513-ші бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>