berries

Витаминдер туралы түсінік

Витаминдер дегеніміз — биологиялық жоғары пәрменді органиқалық заттар. Витаминдер энергия көзі емес және пластикалық материалдар қатарына да жатпайды, дегенмен ағзаның қалыпты тіршілігі үшін маңызы зор, химиялық құрамы әр түрлі зат тобы. Қан айналу жолына түскен витаминдер ағзада жүретін барлық биохимиялық процестерге қатысады, олар қоректік зат алмасу процесіне қатысып, ағзаның жақсы өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ағзада витаминдер өте аз болғанда, мал авитаминоз ауруына шалдығады, ал витаминдер жетіспеген жағдайда пайда болатын қоректік заттардың алмасу процесінің бұзылуын гиповитаминоз деп атайды. Витаминдердің ағзада жетіспеуі салдарынан жас малдың өсуі тежеледі, азықты өніммен өтеуі нашарлайды және бұл өзгерістердің көпшілігі қалпына келмейді. Көптеген витаминдердің химиялың құрамы қазіргі таңда белгілі. Медицина жөне микробиологиялық енер-көсіптер малды азықтандыруға қажет витамин топтарын шығарады. Витаминдер ерігіштік қасиеттеріне қарай майда және суда еритін витаминдер болып екі үлкен топқа бөлінеді: Майда еритін витаминдер тобына А, Д, Е, К, ал суда еритін витаминдер қатарына В комплексіндегі витаминдер және С витамині жатады.

А витамині (ретинол). А витамині майларда және май еріткіштер — бензин, эфир, ацетонда жақсы ериді. Ол ультракүлгін сәулелерінен тез бұзылады және ауа оттегінде тотығады. Жоғары температурада бұзылу процесі жылдам жүреді. Оттегі жоқ ортада олар 100° С температурада сақталады. Бүгінгі күнге дейін А витаминінің жеткіліксіздігінен пайда болатын 50-ден астам функционалдық ауытқулар белгілі: олардың бастысы мал тәбетінің төмендеуімен, жас төлдердің өсуінің тоқталуымен, жыныс бездері жұмысының бұзылуымен сипатталады. Осыған байланысты А витаминін өсу витамині деп атайды. А витаминінің жеткіліксіздігін дөлірек сипаттайтын басты белгі-кешкілік, ала көлеңкеде көру мүмкіндігінің күрт төмендеуі, оны «ақшам соқыр» деп атайды. А авитаминоздың одан әрі дамуы көздің мүйіз қабықшасының жұмсаруына әкеліп соғады. А витаминінің болмауы, не жетіспеуі тыныс жолдарының, ішек жолы қабықшаларының құрғақтанып, мүйізденуіне әкеліп соқтырады. А гиповитаминозды анықтайтын қосымша белгілер қатарына малдардың қысыр қалуы, іш тастауы, әлсіз, не соқыр төл тууы, жыныс ұрықтары сапасының төмендеуі, қанның, сүттің, уыздың құрамында А витамині мөлшерінің төмендеуі жатады.

Мал шаруашылығында қолданатын азықтардың көпшілігінің құрамында А витамині кездеспейді, ал өсімдік тектес азықтарда А витамині каротин түрінде кездеседі. Каротин ащы ішек қабыргаларында А витаминіне айналады да, лимфа түйіршіктері арқылы қанға өтеді. А витаминінің қайнар көзі — нәлім (треска) балығының бауырынан алынатын балық майы мен жұмыртқаның сары уызы. Ағзаға каротин шамадан тыс көп түскенде А витамині бауырда жиналады, оның қоры ағзаға азықпен каротин аз түскенде қолданылады. Ауаның өсерінен каротин тез бұзылады. Сондықтан ашық ауадағы жөне күн сәулесінің әсеріне көп уақыт бойы ұшыраған азықта каротин аз болады. Сол себептен каротинге бай азықтарды булауға, ұзақ уақыт қайнатуға болмайды. Каротин жас көк өсімдіктерде, әсіресе жоңышқа жапырағында, қызыл сәбізде, сары тарыда көп болады.

Д витамині (калъциферол). Д витамині табиғатта көп жағдайда оның провитамині эргостерин түрінде кездеседі. Эргостерин күн сәулесінің (ультракүлгін) әсерінен Д витаминіне ауысады. Мұндай қасиеттер эргокальциферолда, холекальциферолда бар. Д2 (эргокальциферол) мен Д3 (холекальцийферол) химиялық құрамы жағынан әр түрлі, дегенмен олардың ағзадағы физикалық-химиялық әсері өте ұқсас. Д2 және Д3 витаминдері түссіз кристал, майларда, эфирде, спиртте, басқа да органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Олар минералдың қышқылдар әсерінен бұзылуы мүмкін. Д витамині ағзада минералдық заттар алмасуында ерекше орын алады. Азық құрамындағы кальций, фосфордың, Д витаминінің жетіспеуі мал төлінде мешел ауруының пайда болуына әкеліп соғады. Ересек малда Д витамині мен минералдың заттардың жетпегендігінен тірсек және тізе буындары ісінеді, бұл ауру остеомаляция деп аталады. Ағзада Д витаминінің жетіспеуінің салдарынан мал жүнді жалап, топырақ жейді, аз қозғалады, ересек малдың өнімі азайып, жата береді, көп жағдайда қысыр қалады, тістері қозғалып, тұяқтары сына бастайды. Д витамині ағзадағы көптеген маңызды зат алмасу процестеріне, өсіресе кальций мен фосфордың алмасуына қатысады.
Е витамині (токоферол). АғзадаЕ витаминінің жетіспеуі малдың жыныс бездерінің, жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына өкеліп соғады. Е витамині азық құрамында көп кездеседі. Е витаминінің қайнар көзі — көк өсімдіктердің жапырағы, сапалы пішен жөне астық тұқымдастардың дәндері. Рационда май және протеин мөлшерден тым артық болса, онда малдық Е витаминіне қажеттілігі арта түседі. Малды азықтандыру тәжірибесінде Е витаминінің жетіспеуі өте сирек кездеседі, себебі соңғы уақытта онеркөсіп майда еритін витаминдерді өндіріп шығарады.

К витамині (филлохинон). Қазіргі күні К витаминінің жеті түрі белгілі, бірақ үш түрі К1, К2, К3 жиі пайдаланылады. К1 витамині (альфа-филлохинон) — 1939 жылы жүгеріден алынған. Таза күйінде ол сарғылт, майлы сұйық, май еріткіштерде ериді. Нейтралдық ортада қыздыруға төзімді, ультракүлгін сәуле өсерінен бұзылады. К2 витамині микроорганизмдерде кездеседі, алғаш рет шіріген балық ұнынан табылған. Химиялық құрамы жағынан К1 витаминінен ерекше. Ол сары кристалды ұнтақ, суда ерімейді, май еріткіш ертінділерде ериді. Жарық пен қыздыруға төзімсіз. К витамині жасыл өсімдіктердің жапырақтарында, сүрлемде көп болады, ал астық тұқымдас дақылдардың дөндерінде, тамыр-түйнек жемістілерде өте аз. Малдың ас қорыту жолдарындағы бактериялар К витаминін түзеді. К витаминінің жетіспеуі малдардың қан ұюына өсер етеді, бүйректе протромбинніқ құрылуы төмендейді. Күйіс малы К витаминіне қажеттіліктерін табиғи азықтардан толықтырады, тек ауылшаруашылық құсты жөне шошқаны азықтандырғанда К витаминінің мөлшерін қадағалайды. Қазіргі уақытта өнеркәсіп К витаминінің туындысы К3 викасол шығарады. С витамині (аскорбин цышцылы) барлық тірі өсімдік жасушаларында болады. Аскорбин қышқылы жас көк өсімдіктер, сонымен бірге тамыр-түйнек жемістілерде өте көп. Аскорбин қышқылы жануар ұлпаларында өте аз, С витамині бауыр мен эндокриндік мүшелерде көп. Сақтау барысында, жарық, темпераура әсерінен өсімдіктердің құрамындағы аскорбин қышқыл мөлшері төмендеуі және бұзылуы мүмкін. Қайнатқанда, булағанда 50% -қа дейін жоғалады. С витамині қан жаңарту, жыныс бездері жұмысына өсер етеді, оның мал ағзасында жетіспейтіндігін малдың шаршағыштығынан, тамыр соғысының жиілеп, аурушаң бола бастағанынан білуге болады. Мал ағзасын С витаминімен толық қамтамасыз ету үшін рационға көкөніс, сапалы пішен, картоп, тамыр-түйнекті жемістерді қосу керек. Мал ағзасында аскорбин қышқылы жеткілікті мөлшерде түзіледі, ол үшін ағзаны А витаминімен толық қамтамасыз ету қажет. В тобындагы витаминдер. Қарында ас қорытылуы толық қалыптасқан ересек күйіс малдары бұл витаминнің азықпен келуін іс жүзінде қажет етпейді. Суда еритін витаминдер тобынаВ^ (тиамин), В2 (рибофлабин), В3 (пантотен қышқылы), В4 (холин), В5 (РРХ никотин қышқылы), В6 (пиридоксин), В7 (Нх биотин), В8 (инозит), Во (фолин қышқылы) В12 (цианкобаламин) жатады. Бұл топтағы витаминдер ағзадағы зат алмасу процесінде ерекше маңызы бар ферменттердің құрамына кіреді. Олар жақсы тіршілік жасау үшін қажет биохимиялық орта жасайды. Осы витаминдердің біреуі ғана жетіспегенде зат алмасу процесі бұзылады, малдардың өнімі төмендейді жөне сапасы нашарлайды. Кейбір азықтардағы В тобындағы витаминдер мөлшері төменде көрсетілген, кг/мг.