Вирустардың пайда болу табиғаты олардың алғашқы ашылған уақыттан бері талқыланып келеді, себебі оның эволюциясын білу вирусты зерттеудің іргелігімен және оның іс жүзіндегі қажеттілігіне байланысты туындап отыр. Даулы сұрақтардың бірі — вирустың қай уақытта пайда болғандығы. Себебі вирустарда рибосома мен АТФ болмайды және клеткадан тыс өмір сүре алмайды, сондықтан олар клеткадан кейінірек пайда болған дейді.
Вирустардың пайда болғанына келсек, ол туралы бірнеше гипотезалар бар. Алғашында оларды соматикалық клеткалардың қайтадан жаңадан түзілген бактериялары деп есептеді. Осы гипотезаны түсіндіру үшін ірі вирустарды дэйек ретінде келтірді, оларды көру мүмкіндігі мол жарық микроскоп арқылы көруге болады. Бірақ, молекулярлық биология ғылымының жаңадан дамуына байланысты вирустарға басқаша қарай бастады. Вирустардың пайда болуының алғы шарттары — ДНҚ-ның өз ретімен пайда болып репликациялануы. Осы молекулалық жаңалық плазмидтердің (ДНҚ молекуласының ДНҚ ретімен қайталайтын корссинговердің қатынасы негізінде пайда болған дөңгелек молекула) ашылу жаңалығымен бірдей, қазіргі ғылыми әдебиеттерде бактерия вирустарының пайда болуын бактерия плазмидтермен бірге қарастырады, оның себептері бірыңғай фаг пен плазмидтердің өзара көптеген ұқсастығына байланысты.
Біріншіден, біріңғай фагтар сияқты плазмидтерде (тасымалдау факторы) цитоплазмада өз бетінше қайталана алады және хромосомаға ене алады. Екіншіден, тасымалдау факторы клетканың арнайы рецепторларының түзілуін тежейді, ол фаг рецепторларының кейбір жағдайларына ұқсас. Тасымалдау факторлары да бактерия вирустары сияқты типі бір нуклеин қышқылдарынан құрылған, оның түзілуі залалданушыклеткаға байланысты және залалданушы-клеткаға да ауру туғызады.
Сонымен, бактерия вирустары жалпы плазмидтерді анықтауда қолданылатын негізгі критерийлерге сай келеді. Осыған байланысты белок қабығын синтездеуді қамтамасыз ететін механизм орнына олардың конъюгативтілік және басқа бактериялар түрлерінің арасында таралатын қасиетіне байланысты плазмидтерді бактерия вирустарының қатарына қосуға да болады.
Сонымен, бактерия вирустары — эволюция барысында жұқпалы вирустар бөлшегін көбейту үшін арнайы күрделі цикл кызметіне ие болған және клеткадан тыс жерде өмір сүруге бейімделген. плазмидаға қарағанда құрлымы жетілген организм. Алғашқы бактерия вирусы плазмида капсидтың белогын (белоктарды) белгілейтін ген (гендер) пайда болған кезден бері белгілі.
Бірақ, бактерия вирустары пен плазмиданың тасымалдаушы фактордың типіне қарай өте маңызды айырмашылықтары болады. Біріншіден, тасымалдау факторлары бактерияда болған кезде, ол оның сыртқы бетіндегі арнайы құрылым пилен-синтезін қадағалайды, осыған байланысты бактерия клеткасы коньюгативті қасиетке ие, яғни ол генетикалық донор есебінде қызмет жасай алады. Жалпы, бактерия вирустарында ондай қасиет болмайды. Екіншіден, тасымалдау факторы клеткалардың өзара қарым-қатынасы кезінде бір-біріне алмасады. Бактерияның вирустарды жұқтыруының өзіндік ерекшілігі бар және бактерия клеткасының жұқтыруы фаголизиспен аяқталады. Үшіншіден, тасымалдау факторы бактерияның хромосомасын бір клеткадан екінші клеткаға ауысуын ұйымдастырады, осы алмасу клеткалардың өзара қарым-қатынасы кезінде де болуы мүмкін. Ал бактерия вирустарында мұндай қасиет болмайды. Кейбір бактерия вирустарының бактерия хромосомаларының бір бөлшегін генетикалық алмасуы «трансдукция» арқылы бір клеткадан екінші клеткаға берілуі олардың өзара қарым-қатынасына байланыссыз жүреді. Төртіншіден, кейбір плазмидтердің хромосома сайтына енуі әртүрлі бөлікте, ал профагтардың хромосома сайтында бірігуі белгілі бір сайттарда ғана жүреді. Соңында айтарымыз, плазмида бактерияны еріте алмайды, ал барлық фагтар, сонымен бірге бірыңғай (жеке күйінде) фагта бактерияны әрқашанда еріте алады. Осындай бактерия вирустары мен плазмиданың арасындағы арнайы айырмашылық ерекшеліктерінің болуы олардың дивергентті эволюция үрдісімен байланысты.
Бактерия вирустарының пайда болуы туралы мәліметтер мол болса, ал жануарлар мен өсімдіктердің вирустарының пайда болуы туралы толық деректер жоқ, бірақ олардың да пайда болуын кейде плазмидалармен байланыстырады. Вирустардың пайда болуын талқылаған кезде, олардың залалдандыратын организмдерінің эволюциясына вирустар әсер еткен және әсер етеді. Оның әсерлері генетикалық ақпаратарды бір организмнен басқа организмдерге көлденең берілуімен және сонымен бірге, олардың мутагенді түрде әсер етуімен ерекшеленеді.
Талдауға арналған сұрақтар
- Вирустар дегеніміз не және оларды тіршіліктің қайсысына жатқызуға болады?
- Вирустар қалай орналасқан жэне олардың геномдарының құрылымында қандай ұқсастық және айырмашылықтары бар?
- Ретровирус дегенді қалай түсінесіз және олардың құры-лысында қандай ерекшіліктері және тіршілігінің циклы қандай?
- Вирустар жіктеуге келе ме? Вирустар қалай жіктеледі?
- Осы вирустардың адам ағзасында көпке белгілі қандай вирустары бар және олардың ауруларының түрін атаңыз.
- Жануарлардың басты вирустарын атаңыз жэне олардың адам вирусынан айырмашылығы неде?
- Вирустар өсімдіктерге ауру туғыза ала ма?
- Өсімдіктердің вирустары жануарларды ауырта ала ма?
- Молекулярлық биологияның тәжірибе үлгісі ретінде вирустардың орны қандай?
- Онкогенді вирустар туралы не білесіэ?
- Вирустардың пайда болуы туралы гипотеза құрастыра аласыз ба?
- Залалдандырып отырған организмнің эволюциясына вирустар әсер етуі мүмкін ба? Егер әсер етеді десеңіз, онда дәлел келтіріңіз.