Сақтар өнері
Б.з.д. 1 мыңжылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың үш топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар-тиграхаудтар (шошақ бөріктілер), сақтар -хаомаваргалар (хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте — масагеттер мен даилер, солтүстікте — аргипелер, шығыста — аримаспылар, орталық аудандарда […]