Өсімдіктер алуан түрлі болғандықтан, оларға арнайы онтогенездер тән. Өсімдіктердің онтогенезі олардың таксономиялық ерекшеліктеріне байланысты деуге болады. Табиғаты өсімдікке жататын бір клеткалы организмдерде (бактериялар және басқалары) онтогенез бір бөлінуден бастап келесісіне дейінгі уақытта клетканың тіршілігі болып саналуы мүмкін. Бактериялық клетканың екі еншілес клеткаларға бөлінуі онтогенезді аяқтайтын, яғни оның өлімімен бітетін кезең деп санауға болады. Бірақ көптеген бактерия түрлері мысалы, спора түзетіндер, көп уақыт бойы көбеюсіз тіршілік ете алады. Сонымен қатар, цианобактерияларда көлдер мен тоғандардың түбінде бірнеше ондаған жылдар бойы тіршілігін (бөлінбей) сақтауы мүмкін.
Көп клеткалы өсімдіктерде, мысалы гүлді өсімдіктерде онтогенез тұқымда ұрықтың пайда болуымен басталады және өсімдіктің өлуімен аяқталады. Бұл өсімдіктерде онтогенез бірқатар кезеңдерден тұрады, олар шын мәнінде, жастық болып табылады. Латентті генеративтікке немесе виргинилдікке (тұқымның шығуының алғашқы гүлденуіне дейін), генерациялық (бірінші гүлдеуден соңғы гүлдеуге дейін) және сепилді немесе кәрі (гүлдеу қабілетінен айырылу кезеңінен өлуіне дейін) кезеңдерін ажыратады. Осы кезеңдер шегінде одан әрі қарай кезеңдерді бөледі, олардың аса маңыздылары гүл (гүлдер) мен гүл шоғырының дифференциациясы, макро- және микроспорогенез, макро- және микрогаметогенез, ұрықтану (зигогенез), тұқым мен жемістің қалыптасуы болып табылады.
Өсімдіктердің онтогенезі кезіндегі маңыздысы морфогенез, ол қозғалыссыз клеткалардың бөлінуі мен дифференцировкасына байланысты жэне өсімдіктің өмір бойы өсуіне жәрдем беретін меристемалардың белсенділігімен қамтамасыз етіледі. Өсу кезінде клетканың бөлінуі толығымен меристемада өтеді. Апикальды және латеральды меристеманы ажыратады. Апикальды меристемалар өсімдіктердің әсіресе, ұзындыққа (биіктігі) қарай өсуін қамтамасыз етеді, ал латеральды меристемалар болса, өсімдіктердің жуандығына жауапты. Латеральды меристемалар қызметін клеткаларынан өткізуші ұлпалар пайда болатын камбий атқарады.
Сонымен қатар онтогенезде органогенез процесі де маңызды, ол тамыр, сабақ, жапырақтар мен гүлдердің пайда болуы мен дамуын қамтамасыз етеді. Бұл кезде, өсімдіктердің түрлері әртүрлі мүшелердің қалыптасуы мен дамуының қарқындылығын анықтайды.
Мысалы, өмір бойы өсетін шырша секілді өсімдікте көбею мүшелерінің пайда болуы мен үрықтануы бір жыл ішінде жүзеге асса, кейбір бір жылдық жабықтұқымды өсімдіктердің өмірі бір маусыммен ғана анықталады, бұл процестердің ұзақтығы шамамен бір ай ғана немесе одан сәл көбірек болады. Өсімдіктер клеткаларының өсуі мен бөлінуіне жарық, температура, гравитация және басқа факторлар әсер етеді.
Ұрықтың тұқымдағы мөлшері, пішіні және орналасуы әртүрлі өсімдіктердің түрлеріне байланысты түрлі болып келеді. Ұрықтағы қоректік заттардың қоры (майлар, көмірсулар, белоктар) да осыған байланысты. Тұқымдағы ұрық тыныштық күйде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ол тұқымның дегидратациясына байланысты. Әртүрге жататын өсімдіктердің тұқымдарының өнгіштігінің сақталуы негізінен бір жылдан көптеген он жылдықтарға дейін ауытқып отырады. Мысалы, кең таралған астра гүлдерінің тұқымдары өнгіштігін бір жыл сақтаса, ал бау бақшаның дақылдары болса, бірнеше жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Мысырлық жерлеулерден табылған дәнді-дақыл өсімдіктерінің тұқымдары бірнеше мыңжылдықтар бойы тіршілікке қабілеттелігін сақтағаны белгілі.
Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарының өсу жағдайлары (жарық, температура, ылғалдылық және т.б.) айтарлықтай ерекшеленеді. мысалы, бір өсімдіктің түқымдары 0°С температурада өсе алады, ал басқа өсімдіктің тұқымдары жылы температураны керек етеді. Өсімдіктердің өсуі мен дамуы фитогормондармен реттеледі (өсімдіктердің өсу реттеушілері), олар сигналды молекулалар ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, абсцизді қышқыл мен этилен болып табылады. Осы айтылған байланыстар не клеткада синтезделеді, не нысана-клеткалары арқылы тасымалданады. Бұл қосылыстардың аса көп әсері байланысқан түрінде болады. Мысалы, ауксин, индолсіркеқышқылы тамырлардың пайда болуын стимулдайды, бірақ гиббереллинмен байланысқан түрінде тамырларыдың ұзына бойы өсуін, ал цитокининмен байланысқанда бүйір бүршіктерінің қалыптасуы мен өсуін стимулдайды.