Саңырауқұлақтар патшалығы — Mycota (Fungi). Бұл патшалықтың организмдері әртүрлі топтардан тұрады, оларға клеткалық қабықтың вегетативтік күйде қозғалмау, сору арқылы (адсорбция) қоректенудің гетеротрофты типі және шектеусіз өсу тән. Саңырауқұлақтардың 100000-ға жуық түрі бар, олар құрылысы, мөлшері, мекендеу ортасы бойынша да, сол сияқты физиологиялық қызметі бойынша да алуан түрлілігімен сипатталады. Саңырауқұлақтардың өсуі үшін оңтайлы температура 20-26°С-қа тең. Барлық географиялық аймақтарда мекендейді, суда (тұщы және теңіз) және топырақта, өлі органикалық материалда кездеседі, көптеген түрлері өсімдіктер мен жануарлардың, адамды қоса, ұлпаларында паразитті тіршілік етеді, паразитизм деңгейі өте алуан түрлі.
Саңырауқұлақтар басқа организмдермен симбиоздық (селбесу) қарым-қатынасқа түсуі де мүмкін, мысалы, балдырлар немесе цианобактериялармен бірлесіп, қыналар түзейді. Олар жоғары сатыдағы өсімдіктерменде симбиозға түсіп, өздерінің гифтерімен оларды қоршап алып және тамырларына еніп, микориз деген атқа ие болған құрылым (тамыр+саңырауқұлақ) түзейді. Өсімдіктермен мұндай селбесу олардың фосфорға деген сұранысын қанағаттандырады. Мысалы, құрлық өсімдіктерінің 80% және көптеген ауыл-шаруашылық өсімдіктерін қоса, олардың тамырларында тіршілік ететін Glornus versiforme саңырауқұлағымен симбиоз құрайды және оларға топырақтан фосфаттар мен минералдық қоректі заттарды қабылдауын жеңілдетеді.
Бұл патшалық организмдерінің арасында бірклеткалы да (микроскопиялық) немесе төменгі сатыдағы, сол сияқты көпклеткалы (жоғары сатыдағы) саңырауқұлақтарда кездеседі. Саңырауқұлақтар Нағыз саңырауқұлақтар, Оомицеттер және Қыналар бөлімдеріне жіктеледі. Нағыз саңырауқұлақтар арасынан Хитридиялы саңырауқұлақтар, Зигомицеттер, Аскомицеттер (Қалталы саңырауқұлақтар), Базидиомицеттер және Жетілмеген саңырауқұлақтар (Дейтероми-цеттер) кластарын ажыратады.
Хитридиялы саңырауқұлақтар микроскопиялық организмдерден тұрады, олардың денесі цитоплазмалық масса тектес болады. Олар су өсімдіктері мен жануарларында паразитті тіршілік етеді. Бұл саңырауқұлақтардың ішінде картофельдің қатерлі ісігін тудыратын түрлері де белгілі. Зигомицеттер құрлық саңырауқұлақтары болып табылады. Олардың денесі клеткалық емес мицелиядан тұрады. Бұл саңырауқұлақтар сапрофитті де эрі эртүрлі жануарларда паразитті де тіршілік етеді. Сапрофиттер арасында біршама белгілілері мукорлы саңырауқұлақтар деп аталатындар (нанның, жемістің жэне басқа да азықтардың зеңдері).
Зигомицеттердің жекеленген түрлері адам мен жануарлардың микозасын тудыратын паразиттер болып табылады. Аскомицеттер саңырауқұлақтардың арасындагы ең көп санды тобы (30000 түрден аса), олар бір-бірлерінен ең алдымен мөлшері бойынша ажыратылады. Бірклеткалыларымен қатар көпклеткалы формалары да кездеседі. Олардың денесі гаплоидты мицелиядан тұрады. Аскалар (қалталар) түзейді, олар аскоспоралардан тұрады, бұл белгілер осы саңырауқұлақтарға тән. Осы топтың саңырауқұлақтарының ішінде ең белгілілері ашытқылар (сыра, шарап, айран жэне басқалары) болып табылады. Мысалы, Saccharomices cerevisiae ашытқылары глюкозаны (С6Н1206) ферментациялауға әсерін тигізеді. Глюкозаның бір молекуласы осы ферментация процесі кезінде этил спиртінің екі молекуласын береді.
Базидиомицеттер жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар болып табылады. Олар мөлшері жарты метрге дейін жететін үлкендігімен сипатталады. Олардың денесі мицелиядан (саңырауқұлақ жіп шумақтары) тұрады, олар көпклеткалы, саңырауқұлақ пайда болады. Саңырауқұлақ клеткаларының протопласттары тек ядро ғана емес, сонымен қатар митохондриялар, рибосомалар, Гольджи кешені және сол сияқты қор заты есебінде гликогеннен тұрады. Гифтер шырмалып, жемісті денелер түзейді, оларды күнделікті өмірде саңырауқұлақтар деп атайды, бұлар сирақтан және телпектен тұрады. Бұл саңырауқұлақтар вегетативтік және жыныссыз жолмен де, сол сияқты жынысты жолмен де көбейеді Біршама белгілі базидиомицеттер телпекті саңырауқұлақтар болып табылады, олардың арасында жеуге жарамды да, улылары да кездеседі.
Жетілмеген саңырауқұлақтар да өте көп (30 000 түрге жуық). Әртүрлі географиялық аймақтарда кең тараған. Олардың арасында сапрофиттер де, олар өсімдіктер қалдықтарын шірітуге және топырақ түзілу процестеріне кең қатысады, сонымен қатар паразиттік формалары да бар. Бұл организмдердің біршама белгілі түрлеріне Fusarium туысына жататын саңырауқұлақтар, олар көптеген мәдени өсімдіктердің (мақта, зығыр және басқалары) вилт деп аталаті.ш ауруын тудырады. Жетілмеген саңырауқұлақтардың ішінде, сол сияқты, Penicillium және Aspergillum туыстарына жататын саңырауқұлақтар көп белгілі. Олар лимон, фумор және басқа да органикалық қышқылдар, сонымен қатар, бірқатар ферменттер өндірісі өнеркәсіптерінде кең қолданылады. Бұл туыстың кейбір түрлері медицина мен ветеринарияда кең қолданылатын антибиотиктердің продуценттері болып табылады. Оомицеттер-бұлар негізінен су және топырақ саңырауқұлақтары. Бұл саңырауқұлақтардың арасында Phytophtora туысының түрлері өте белгілі, олар картоптың, томаттың және басқа алқа тұқымдастары өкілдерінің ауруларын тудырады.
Саңырауқұлақтар табиғатта маңызды рөл атқарады. Соның ішінде олар бүлдіруші-организмдер болып саналады. Көптеген экологиялық жүйелердің құрамына еніп, олар өсімдіктектес орга-никалық материалды бұзуға жауапты, өйткені целлюлозаға, лигнин және өсімдік клеткаларының басқа заттарына әсер ететін ферменттер өндіреді. Олар ірімшіктің көптеген танымал сорттарын өндіру үшін ірімшік пісіру өнеркәсібінде кең қолданылады. Көптеген метаболизм жолдарын түсінуде экспериментальды нысан ретінде Neurospora crassa саңырауқұлағы маңызды рөл атқаратынын да атап өтпеуге болмайды.