Р. Никсон үкіметінің сыртқы саясаты. 1970 жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында маңызды алға жылжулар болды. Республикандық үкімет өзінің қызметінің бірінші күнінен бастап маңызды міндеттердің бірі ретінде ел халқының катты наразылығын туғызған Вьетнамдағы соғыс туралы мәселені карастырды.
Никсон сыртқы саясатында келіссөздер жүргізуге көп көңіл болді. Дегенмен Никсон үкіметі басқыншылық бағыттан бірден бас тарта алмады. 1970-71 жылдары ол Үндікытайдағы соғыс көлемін кеңейтті. АҚШ империалистері Боливия, Чили, Перу, Панама, Аргентина үкіметтеріне қарсы жұмыс жүргізді, Пәкістанның реакциялық күштерін жақтады, Бенгалиядағы азаттық күреске қарсы болды және бенгаль халкына көмек көрсеткен Үндістанға карсы болды. Таяу Шығыста Құрама Штаттар бұрынғыдай Израильге көмек көрсетіп, Араб мемлекеттеріне қарсы басқыншылық қозғалыстарына қолдау көрсетіп отырды.
Алайда америкалық халық пен бейбіт сүйгіш күштер АҚШ-тың басқыншылық қозғалыстарының тоқтатылуын талап етті. Осыған байланысты Никсон 1972 жылы Үндіқытайдағы әскер санын 100 мың адамға дейін қысқартуға мәжбүр болды. 1973 жылдың 27 қаңтарында Никсон үкіметі Вьетнамдағы соғысты тоқтату жөнінде келісімге қол қойды, ал 1975 жылдың сәуір айында американдық әскер Вьетнам аумағынан шығарылатын болды. 1973-74 жылдар КСРО мен АҚШ арасындағы келіссөздер нәтижесінде жаңа маңызды құжаттарға кол қойылды.
Құрама Штаттарының Кеңестер Одағына қатысты сыртқы саясатында да жаңа бетбұрыстар болып жатты. 1972 жылдың мамыр айында президент Никсон Мәскеуге ресми сапармен келді. Сапар барысында маңызды келісім шарттарға қол қойылды. КСРО мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарының негізі жөніндегі келісімінде екіжақты ынтымақтастықтың бейбіт қатар өмір сүру қағидатына негізделетіндігі ресми түрде мәлімденді. Сонымен қатар ракетаға карсы корғаныс жүйесін шектеу туралы келісіміне және стратегиялық шабуыл қаруларын шектеу шаралары жөніндегі уақытша келісімге қол койған болатын. Ал 1973-1974 жылдары ядролык соғысты тоқтату жөніндегі келісіміне және су астында ядролык кару сынақтарын шектеу туралы шартқа қол койылды. Халықаралық шиеленісті бәсеңдету бағыты мен КСРО мен АҚШ арасындағы әскери қарсыласудың жақсаруы екі держава арасында сауда-экономикалық қатынастардың және ғылыми-мәдени байланыстардың калыптасуына әкелді.
1974 жылы 9 тамызда Р. Никсон «Уотергейт жанжалы» үшін президенттік қызметінен кетуге мәжбүр болды. Республикалық , партияның өкілі, вице-президент Джеральд Форд президент болып I сайланды. Жаңа президент мемлекеттік реттеуді шектеу бағытын ұстанатындығын және әлеуметтік максаттарға жұмсалатын федералды шығындарды қысқарту есебінен тез арада бюджетке баланс жасауды, ал инфляция қарқынын қысқартуға қол жеткізетіндігін мәлімдейді. Бірақ та жұмыссыздыққа, бағаның өсуіне қарсы жаппай наразылыктың өршуінен, сондай-ак 1974 жылы конгресте өздерінің ықпалын күшейтіп алған демократтардың қысымымен Форд үкіметі өздерінің тез арада инфляциядан шығу, әлеуметтік саладағы біркатар шараларынан бас тартты. 1975 жылдың басында конгресс жұмыссыздарға төтенше көмек көрсету туралы заң қабылдады.
Дж. Фордтың сыртқы саясаты қарсыластық бағыттармен сипатталды. Құрама штаттар реакциялы Сайгон тәртібіне, Израильдің агрессивті саясатына колдаушылық көрсетті. Латын Америка және Араб елдерінің ішкі саясатына араласты. Кеңес-америкалық катынастардың жақсаруына кертартпа топтар кедергі жасады. 1974 жылы Дж.Фордтың Владивостокқа барған сапарында, КСРО-мен бағдарламалық шабуыл қаруларын шектеу туралы жаңа келісімді бекітті. Сондай-ак екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың нәтижелі көрінісі 1975 жылғы «Союз» және «Аполлон» ғарыш кемелерінің бірігіп ұшырылуы. 1975 жылы Хельсинкидегі Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің табысты өтуіне кеңестік-американдық қарым-қатынастардың жақсаруы да өз ықпалын тигізді. Нәтижесінде Хельсинки Қорытынды Актісіне қол жеткізілді.