book

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлық ерте дәуірінде-ақ көптеген мектептер мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі. Қазақ қоғамындагы білім беру ісі «қазақтың тұңғыш ұстазы» ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.

Еліміз егемендік алғаннан кейін білім негіздерін демократиялық, интеграциялық принциптерге орайлас әр баланың жеке-дара ерекшелікгері мен қабілеттерін ескере отырып, оқьпып, тәрбиелеу талап етілді. Осы жайттар ұлт мектептерінің жаңа бағдарламаларынан елеулі орын алды. Арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер сияқты мектептің жаңа түрлері ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделді. Осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазіргі өскелең талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту-қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби биліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылды. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері: -жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау; -азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу; -Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау, — қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.

Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындықпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогакалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогакалық шеберлікті талап етеді. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:

  1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;
  2. Әрбір азаматтың интелектуалдық дамуы, психикалық физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейіндегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
  3. білім берудің зайырлы сипаты;
  4. жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту,
  5. білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
  6. білім беру ұйымының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
  7. білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
  8. білім берудің ізгілікгі және дамытушы сипаты;
  9. білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
  10. оқушыларды кәсіптік бағдарлау,
  11. білім беру жүйесін ақпараттандыру.

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Републикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісгі кәсіптік бағдарламамен белгіленеді. Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі үйымда жүзеге асырылады. 5 жастан бастап балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында, мекгепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік бішм беру ұйымдарында тегін жасалады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оку орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш сатылы: басгауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) жалпы орта бішм беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады.

Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз үлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. Қазақстан Республикасы азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта бітм алу міндеттелінді.

Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңында тұңғыш рет гамназия мен лицейге түсінік беріліп, оның мәртебесі, құқықтың негізі айқындалды. Кәсіптік орта білім коледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіпгік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Сонымен, білім мен тәрбие беру — бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Республикада «Білім туралы» заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі — болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогака негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат-оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.