Гигиена грек сөзі — Gugieinos — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық — гигиеналық факультеттері мен кафе-дралар бар. Арнаулы түрде маман дәрігерлер — гигиенистер дайындалады.
Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыкқа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты -адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқаңда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе көріністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардың жолына тосқауыл қойьш отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң — тозандардағы микробтарды біліп, қала ішіңдегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактакалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық саяси факторлардың әсерімен қалыптасады.
Биосфералық факторларға жататыңдар: атмосфералық ауа, су, жер, космостық факторлар, әлеуметтік факторларға еңбек жәнә оқу жағдайлары, тамақ, киім — кешек, төсек орын жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зияңды дағдылар дамып кетеді. Арақ — шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.
Дене тазалығы дегеніміз — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық — биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.
Жұмыс жасап, күңделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын киыңдатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық -биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы — дерматит дерті дамиды. Басқа да іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта үстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны үйреншікті дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, күңде болмаса да күнара душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді.
kol-gigiensai-2Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішекқарын инфекциясы, құрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90% тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетпеуге болмайды. Тістерді таңертең және кешке щеткамен тазалап отыру керек.
Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал, егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды, ланолині бар сабындарды да пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып түруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіңдісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы қолдайды, денені сауықтырады.
Сібірде тұратын орыс халқы моншаға түсіп, буда отырғанда қайың емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен сабала нып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунайды. Шығыс моншаларының да денсаулыққа тигізер пайдасы аса зор. Моншадан кейін дене жақсы шынығып, денсаулық артады.
Шаш күтімі. Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады.
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай, Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дүрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғак шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөнү Қысқа шашта 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір шампуньді пайдаланындар. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп, жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашта өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек.
Майлы шашта сабыңды спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шайып, шампунның микробтарын түгелімен кептіріндер. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін 1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ті сірке қышкылын қосып, шашты шайыңыздар. Содан кейін шаштарды тарақпен тараған жөн. Тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған орынды. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.
Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарлаңдыру жүреді Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Оңдай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.
tis-gigienasi-1Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Соңдықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады:
- Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дүрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар;
- Қызыл иекті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс;
- Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.
- Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді;
- Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды. Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық-физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар — фермениттер — биологиялық катализаторлар, микроэлементтер — Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций — хлорофилл — жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық — профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.
- Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайып, арнайы пасталарды қолданған жөн. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек,
Киім-кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім-кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады. Жұмыс киімдері мақтадан тігілген кең болғаны дұрыс. Синтетикалық киімді жазды күні киюдің қажеті жоқ. Өйткені адам денесінің терлегенде киімге тер сіңбей жұқпалы ауру тарататын микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Қалыпты климатта аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді, кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал, жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Өйткені бел бусанып, терлеп, соның салдарынан бауыр, асқазан және бүйрек аурулары пайда болуы мүмкін,
Жалпы, тазалық бар жерде — денсаулық бар деп ұққанымыз жөн.
Еліміздегі денсаулық сақтау саласын көтеруді, жетілдіруді ойласақ, оны бірінші кезекте медбикелердің білігі мен білімін көтеруден бастаған жөн дегеніміз орынды. Қазіргі таңда орта медицина мамандарын даярлайтын оқу орындары медбикелердің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстарды кең көлемде жүргізуге күш салуда. Осыған дейін медбикелер дайындайтын оқу орынын тәмамдаған жастардың көпшілігі дәрігер болу үшін мединститутта білімін ұштайтынды. Қазіргі таңда медбикелерге жалпылама медициналық білім берілетінін білеміз. Көпшілік қауым медбикені науқас адамға дәрігердің жазып берген дәрісін ішкізіп, укол салатын ғана адам деп ойлайды. Болашақта медбике мамандығын меңгеруге ден қойған жастарды медицинаның түрлі саласына бөліп, мамандандырған жөн. Бұл бастама қазір қоғамда кең көлемде көтеріліп жүр. Иә, кез келген мамандық заман көшінен қалмай дамып отыруы шарт. Осы тұрғыдан алғанда медбикелердің білігін көтеретін кез жетті. Медицинаның өзіне ұнаған саласы бойынша терең біле түсуге талпынған жастың жолына ештеңе кедергі болмауы керек. Бүгінде медициналық колледждерді бітірген жастардың көпшілігі дәрігер болуы үшін жоғары медициналық оқу орындарда білімін жалғастырып жатады. Бұл — құптарлық іс.
Профессор М. Я. Мудров: «Медицинада өзінің оқып үйренуін тәмәмдаған дәрігер — дәрігер болуға тиісті емес» деген екен. Ойлап қарасақ, орынды айтылған пікір. Медицина қызметкері өмір бойы үйренумен, ізденумен, алға ұмтылумен ерекшеленіп, мамандығының сырын терең меңгеруді мақсат ету керек. Медбикелер жаңа технологияның тілін де шебер меңгергені дұрыс.
Медбикелер — медицина саласындағы негізгі буын, осы қызметті атқарып жүрген әр адамның көтерер жүгі де ауыр. Олар қай кезде де жеке басы мәселесін емес, науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қояды. Уақыт өткен сайын медбикелерге деген талап күшеюде. Сондықтан заман талабына сай бүгінгі мейірбике сапалы білім алып, әрқашан біліктілігін көтеріп отырғаны жөн.
Құрметті медбике! Сіз де білімге құштар болып, мамандығыңыздың нақ шебері, аса білгірі болуға талпыныңыз!