Екінші дүниежүзілік соғыс барысында 60 млн-ға таяу адам қаза болып, оның ішінде 27 млн-ға таяуы Кеңестер Одағының азаматтары және 6 млн адам Польша мемлекетінен еді. Ондаған миллион адамдар жараланды және мүгедек болды. I дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда II дүниежүзілік соғыстағы адам шығыны 6 есеге, ал материалдық шығын 12 есеге көп болды. Германия мемлекетіне қолға түскен 4,5 млн кеңестік әскери қызметкерлердің тек 1,8 млн ғана үйіне оралған болатын. Арнайы құрылған неміс лагерьлерінде 11 млн-нан астам адамдар өлтірілді, оның ішінде 6 млн еврей халқы бар.
Соғыстың аяқталу шағында Құрама Штаттары ең қауіпті жаппай қырып жоятын қару — атом бомбасын пайдаланды. 1945 жылдың жазында Жапонияға тасталған екі америкалық атом бомбасы толығымен Хиросима және Нагасаки қалаларын, оның ішінде бейбіт өмір сүріп жатқан халқымен қоса жойды.
Барлық мұхиттар мен құрылықтарды (Антарктикадан басқа), жер шарының 4/5 бөлігін қамтыған екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы өте өзгерісті кезеңнің бірі. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды қорытындысы — фашизмді жеңу болды. Фашистік және соғысқұмар басқыншы-мемлекеттер -Германия, Италия, Жапония және олардың одақтастары толығымен талкандалды.
Соғыстың ең бір маңызды қорытындыларының бірі — тұтастай бірқатар елдердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Соғыс нәтижесінде Жапонияның тізе бүгуі және 1945-49 жж. азамат соғысының жеңісінен кейін Қытайда билік басына коммунистік жаңа жүйе келді. 1949 жылдың 1 қазан күні Қытай Халық Республикасы құрылды. Әлемде халықтық-демократиялық және социалистік елдер қауымдастығы пайда болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижесі — отарлық жүйенің жойылуының басталуы болды. Азаматтық мақсаттар және соғыстың антифашистік сипаты, фашистік баскыншылардың талқандалуы ұлт-азаттық козғалыстардың өрлеуіне мүмкіндік жасады. Жапонияның басып алған Азия және Тынық мұхит елдері (Үндікытай, Индонезия, Малайзия, Бирма, Филиппин) метрополия елінің карамағынан, бакылауынан шыкты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін бұл елдер өз тәуелсіздігін жариялады. Ал баска отар елдерде, әсіресе Үндістан, Сирия, Ливан, Трансиордания, Палестинада соғыс халық бұкарасының саяси белсенділігін оятты, олар белсенді түрде тәуелсіздікті талап ете бастады. Отаршылар билігі шайқалды және отарлык жүйенің кайтымсыз күйреуі басталды.
II дүниежүзілік соғыс салдарынан әлемдік аренадағы күштер салмағы да тез өзгеріске түсті. Германия, Италия, Жапония соғысқа дейін ұлы державалар катарында болса, жеңілгеннен кейін уақытша болса да тәуелді елдерге айналды. Олардын экономикасы соғыспен күйреген болатын және бірнеше жылдар бойы олар өздерінің бұрынғы бәсекелестерімен бәсекеге түсе алмады.
Франция Германия соққысынан кейін, уакытша өзінін ұлы держава ретіндегі жағдайын жоғалтты. Ұлыбритания үш жеңімпаз — державалардың бірі ретінде соғысты табысты аяқтады, бірақ оның саяси-экономикалык ұстанымдары әлсіреген болатын. Экономикалық және әскери жағынан ол АҚШ-тан әлдеқайда артта қалып қойды және америкалық көмекке тәуелді жағдайына түсті.
Жеңімпаз мемлекеттердің ішінде АҚШ соғыстан едәуір күшейіп шықты. Өз аумағында соғыс іс-кимылдардың болмауы, соғыс нәтижесіндегі киратулар мен тұрғындар шығындарына тап болмауы, олардың экономикалық және әскери жағынан барлық қалған елдермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты елге айналуына қолайлы жағдай туғызды. Сол кезеңде тек Америка Құрама Штаттары ғана атом каруын иеленді, олардың флоты мен әуе күштері әлемдегі ең қуаттысы болды, олардын өнеркәсіп өндірісінің деңгейі қалған барлық елдерді косып алғаннан да артық болды. Қорыта айтканда, АҚШ «ұлы державаға», әлемдік үстемдікке ұмтылушы капиталистік әлемнің жетекші еліне айналды.
Ал екінші «ұлы держава» Кеңестер Одағы болды. Ол капитализмге қарсы шыққан барлық қоғамдық күштерді шоғырландырды. Сонын нәтижесінде шартты түрде Шығыс пен Батыс деп аталған екі негізгі полюс, екі идеологиялық және әскери-саяси блок құрылды.
Соғыстан кейінгі ұйымдастыру жоспарлары. Антифашистік коалицияның басты державалары соғыс барысында соғыстан кейінгі бейбіт реттеудің негізгі бағыттарын белгілеп қойған болатын. Тегеран, Ялта, Потсдам конференциясында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания басшылары, сондай-ақ Каирдегі конференцияда АҚШ, Ұлыбритания және Қытай мемлекет басшылары аумақтық өзгертулер жөнінде, жеңіліс тапқан мемлекеттерге қатысты және әскери қылмыскерлерді жазалау жөніндегі мәселе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын халықаралық ұйым құру мәселесі жөнінде өзара келісілген болатын. Одақтас державалар фашизм мен милитаризмді түп-тамырымен құрту мақсатында Германия, Италия, Жапонияны басып алуды шешті. Олар басты әскери қылмыскерлерді Халықаралық трибунал сотына беруді шешті. Германия, Италия, Жапония және олардың одақтастарының 30-жылдары және II дүниежүзілік соғыс барысында басып алған аумақтары жойылды. КСРО, АҚШ және Англия мемлекеттері Австрия мен Чехославакияның тәуелсіздігін қалпына келтіруді және Солтүстік Трансильванияны Францияға қайтару қажеттілігін жариялады.
Одақтастар Германия мен Польша арасындағы шекараны Одер мен Нейс (Одра мен Нисса) өзендері бойынша белгіледі. Польшаның шығыс шекарасы Батыс Украина және Батыс Белоруссия шекарасы бойынша, Керзон шебінің бойымен өтетін болды. Кенигсберг каласы және онымен жанасып жатқан аудандар Кеңестер Одағына берілді. Германия және оның одақтастары фашистік баскыншы құрбаны болған елдерге репарация төлейтін болды.
Ұлыбритания, АҚШ және КСРО Жапонияның қол астынан «күштер көмегімен басып алған» барлық аумақты азат етуді және негізгі төрт аралда жапондық егемендікті шектеуді шешті. Кореяға тәуелсіздігін беруді уәде етті. Жапония басып алған Солтүстік-Шығыс Қытай (Маньчжурия), Тайвань (Формоза) және басқа қытай аралдарын Қытай мемлекетіне қайтарып беру ұйғарылды. Кеңестер Одағына Оңтүстік Сахалин және 1855 жылға дейін Ресейге тиісті болған Куриль аралдары қайтарылып берілді. Қытай үкіметінің келісімімен КСРО Порт-Артур (Люйщунь) және Дальний (Далянь) аудандарындағы әскери-теңіз базасын жалға алуға келісті.
Ялта конференциясында және де кейінгі өткен мәжілістерде КСРО, АҚШ және Англия Еуропада катысушы кеңестік және ағылшын-америкалық әскерлері арасын бөлетін шеп жөнінде келісімге кол жеткізді. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай: Балтық теңізінен Германия мен Австрия арқылы, Югославанияның Италиямен шектесетін шекарасының өн бойымен Адриат теңізіне дейін өтті. Бұл шептен шығыска қарайғы аумақты (Грекиядан баска) кеңестік әскер азат етті, ал одан батысқа қарай ағылшын-американ әскерлері.
Кореяны да бөлетін шеп белгіленді, ол Солтүстік Корея (38 параллель сызығынан солтүстікке қарай) кеңестік әскер, Оңтүстік Кореяны америкалық әскер азат етті. Бастапқы да бұл бөлу сызықтары уақытша әскери шара деп шамаланса, бірақ кейін ол іс жүзіндегі кеңестік және ағылшын-америкалық ықпал ету өрісінің шекарасына айналды. Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралык өмірдегі ең маңызды оқиғаның бірі Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы, оның міндеттері халықаралык бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, халықтар мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады. БҰҰ Жарғысының аякталған ең соңғы мәтіні 1945 жылы сәуірден маусым айлары аралығында өткен Сан-Франциско конференциясында қабылданып, 1945 жылдың 26 маусымында 51 мемлекеттің өкілдері қол койған болатын және өз күшіне 1945 жылдың 24 қазан күні енді. Осы күн БҰҰ күні деп аталып өтеді.
Пайдаланылған әдебиттер тізімі:
Бөжеева Б.З. — Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009): оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2010. — 340 б. Мақала әдебиеттің 5-ші бетінде орналасқан.