pancreas

Экзоцитоз дегеніміз не

Экзоцитоз — әртүрлі заттардың клеткаларының секреттену процесі, сонымен қатар экзоцитоздың реттеуші және анықтағыш жолдары белгілі. Реттеуші экзоцитоздың мысалына инсулин экзоцитозы жатады. Инсулин өндіретін ұйқы безінің клеткалары алдымен оны секреторлы көпіршіктер деп аталатын жерге жинайды, олар клеткадан тыс сигналдан кейін плазмалық мембранамен қосылады, ал содан соң гормон бөліп, клетка аралық кеңістікке ашылады. Осы сияқты, басқа гормондардың, нейротрансмиттердің және көптеген ферментердің экзоцитозы жүреді. Керісінше, экзоцитоздың анықтағыш жолы үздіксіз клеткалармен синтезделінетін және Гольджи кешеніндегі экзоцитозды көпіршіктерде жинақталатын көптеген белоктарға тән, бұдан кейін бүл көпіршіктер плазмалық мембранаға қарай қозғалады, ол жерлерде клетка аралық кеңістікке ашылып, белоктық заттардан босанады. Экзоцитоз көмегімен клеткадан фагоцитоз жолымен қорытылмай қалған бөлшектер де шығарылады. Көптеген клеткаларда эндоцитоз-экзоцитоз циклдері үздіксіз жүреді.