ultrasound

Постэмбриональдық кезең

Организм дүниеге келгеннен бастап оның постэмбриональды дамуы (адамдарда постнатальды) басталады, ол организмдердердің түрлеріне қарай бірнеше күннен жүз жылға дейін өтеді. Демек, тіршіліктің ұзақтығы — бұл организмдердің түрлік белгісі, ол олардың ұйымдасуына тәуелді болмайды (төменнен қара). Постэмбриональды онтогенезде ювениальды және пубертатты кезеңдер, сонымен қатар өліммен аяқталатын кәрілік кезеңді ажыратады.

Ювенильды кезең. (лат. juvenilis — жас) организмнің туылғанынан жыныстық жетілуіне дейінгі кезең. Әртүрлі организмдерде ол түрліше өтеді және организмдердің онтогенез типтеріне байланысты болады. Бұл кезеңге тікелей немесе тікелей емес даму тән. Тікелей даму түрі тән организмдер жағдайында (көптеген омыртқасыздар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер, адам) жұмыртқа қабықшасын жарып шыққан немесе жаңа туылғандар ересек түрлерге ұқсас келеді, соңғыларынан тек көлемінің кіші болуымен, сонымен қоса жеке мүшелерінің толықтай дамымауымен және денесінің тең емес пропорцияларымен ажыратылады.

Тікелей дамуға ұшыраған организмдердің ювенильды кезеңдегі өсуінің өзгешелігі — клеткалардың саны мен көлемінің өсуі және денесінің пропорциялары өзгеруі. Адамның әртүрлі мүшелерінің өсуі бір қалыпты емес. Мысалы, басының өсуі балалық шақта аяқталады, аяқтарының пропорциональды мөлшерге шамамен 10 жаста жетеді. Сыртқы жыныс мүшелері 12-14 жаста өте тез өседі. Белгілі және белгісіз өсуді ажыратады. Белгілі өсу белгілі бір жасқа жеткенде өсуін тоқтататын организмдерге тән, мысалы, насекомдар, сүтқоректілер, адам. Белгісіз өсу өмір бойы өсетін организмдерге тән, мысалы, моллюскалар, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, өсімдіктердің көптеген түрлері.

Тікелей дамымайтын организмдер метаморфоз (лат. metamorphosis — түрлену) деп аталатын түрленуді бастан өткереді. Олар даму барысында организмдердің түр өзгерісінен өтеді. Метаморфоздар ішекқуыстыларда(гидралар, медузалар, маржан полиптері), таспа қүрттарда (фасциола), жұмыр құрттарда (аскарида), моллюскаларда (устрицалар, мидиялар, сегізаяқтар), буынаяқтыларда (шаяндар, өзен крабтары, омарлар, креветкалар, сарышаяндар, өрмекшілер, кенелер, насекомдар) және кейбір хордалыларда (қабықтылар мен қос -мекенділер) кездеседі. Метаморфоздың толық жэне толық емес түрлері болады. Метаморфозаның аса айқын түрін толық та, толық емес те метаморфозаға ұшырайтын насекомдардан байқауға болады.

Толық емес түрлену кезінде жұмыртқа қабықшасынан құрылысы жағынан ересек организмдерге ұқсас, бірақ көлемі кішірек келетін организм шығады. Мұндай организмді дернәсіл (личинка) деп атайды. Өсу мен даму барысында дернәсілдің мөлшері ұлғаяды, бірақ хитинді жабынының болуы дене мөлшерінің одан әрі ұлғаюына бөгет болады, ол түлеуге экеледі, яғни астында жүмсақ кутикула болатын хитинденген жабын түседі. Соңғысы жазылады және осының салдарынан жануардың көлемі үлкейеді. Бірнеше түлеуден соң жануар есейеді. Толық емес айналуға қандаланың дамуы мысал болады. Толық түрлену -жұмыртқа қабықшасынан ересек даралардан құрылысы жағынан айырмашылығы бар дернәсіл шығады. Мысалы, көбелектер мен көптеген насекомдардың дернэсілдері жұлдызқұрт деп аталады. Олар түлейді, қуыршаққа айнала отырып, тіпті, бірнеше реттен түлеуі де мүмкін. Соңғыларынан ересек түрі (имаго) дамиды, оның алдыңғылардан ешбір айырмашылығы болмайды.

Пубертатты кезең. Бұл кезеңді басқаша пісіп жетілген кезең деп атайды жэне ол организмдердің жынысты көбеюімен байланысты. Бұл кезеңде организмнің дамуы максимумға жетеді. Постэмбриональды кезеңдегі даму мен өсуге ортаның факторлары үлкен әсер етеді. Өсімдіктер үшін шешуші факторларға жарық, ылғалдылық, температура, топырақтағы қоректік заттардың саны мен сапасы жатады. Жануарлар үшін бірінші деңгейлі мағынаға толыққанды қоректендіру ие болады (қоректегі белоктар, көмірсулар, липидтер, минералды тұздар, дәрумендер, микроэлементтер). Сонымен қатар оттегі, температура, жарық (Д дәруменінің синтезі) та маңызды. Жануар организмдерінің өсуі мен жеке дамуы реттелуі жағынан нейрогумарольдық реттелуге және жүйке механизмдерімен реттелуге ұшырайды. Өсімдіктерде фитогормондар деп аталатын гормон тәрізді белсенді заттар табылған. Фитогормондар өсімдіктер организмдерінің тіршілігінде маңызды қызмет атқарады.

Жануарлардың клеткаларында тіршілік ету процесінде химиялық белсенді заттар синтезделеді, олар тіршілік әрекеттерінің процестеріне әсер етеді. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың жүйке клеткалары нейросекреттер бөледі. Эндокринді бездердің немесе ішкі секреция бездері гормондар деп аталатын заттарды бөледі. Эндокринді бездер, оның ішінде өсу мен дамуға қатысы барлар нейросекреттермен реттеледі. Буынаяқтыларда өсу мен дамудың реттелуі гормондардың түлеуге әсер етуімен жақсы көрсетілген. Дернәсілдік секреттердің клеткалар арқылы синтезі миды жиналатын гормондармен реттеледі. Шаянтәрізділердің ерекше безінде түлеуді тоқтататын арнайы гормон өндіріледі. Бұл гормондардың деңгейлері түлеудің кезектілігін анықтайды. Насекомдарда жұмыртқаның пісіп жетілуінің, диапаузаның өтуінің гормондық реттелуі анықталған.

Физиологиялық регенерация — организмнің тіршілік барысында жоғалтқан дене бөліктерінің ауысуы. Регенерацияның бұл түрі жануарлар әлемінде өте кең таралған. Мысалы, буынаяқтыларда ол өсумен байланысты түлеумен жүреді. Рептилияларда регенерация құйрығы мен қабықшасының, құстарда — қауырсыны, тырнағы мен батқыларынан байқалады Сүтқоректілерде физиологиялық регенерацияның мысалы ретінде бұғылардың жыл сайынғы мүйіздерінің тастауын айтуға болар.

Репаративті регенерация — күштеу жолымен тасталған организм денесінің бір бөлімінің қалпына келуі. Мұндай регенерация түрі көптеген жануарларға тән, бірақ оның сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, ол гидраларда жиі болады және олардың көбеюімен байланысты, себебі бір бөліктен бүкіл организм пайда болады. Басқа организмдерде регенерация қандай да бір бөлігін жоғалтқаны жеке мүшелердің қалпына келуге қабілеттілігі түрінде пайда болады. Адамда регенерацияға жоғарғы қабілеттілігіне эпителий, дәнекер, бұлшық ет және сүйек ұлпалары ие болады. Көптеген өсімдіктердің түрлері де регенерацияға қабілетті. Регенерация жайындағы деректер тек биологияда ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығында, медицинада, әсіресе, хирургияда кең қолданысқа ие.

Кәрілік — онтогенез сатысы. Кәрілік жануарлар онтогенезінің соңғы кезеңі болып табылады, оның ұзақтағы түрлік белгі болып табылатын жэне эртүрлі жануарларда түрлі жолмен өтетін жалпы өмір сүру ұзақтығымен анықталады. Кәрілік адамдарда біршама анық зерттелген. Адамның кәрілігі туралы әртүрлі анықтамалар белгілі. Әсіресе, аса кең таралған анықтамалардың бірі организм жасының ұлғаюымен жүретін және оның сырқаттары немесе өлімінің ұлғаюына мүмкін болатын жүйелі өзгерістердің жинақталуына негізделеді. Адамның кәрілігін зерттейтін ғылымды геронтология (грекше geron-қария, logos-ғылым) деп атайды. Оның мақсаты ересектік пен өлім арасындағы жастық ауысудың заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Геронтологиядағы ғылыми зерттеулер әртүрлі салаларда қолданылады, ол клеткалық ферменттердің белсенділігінің өзгерістерінен бастап, орта күйзелістерінің психологиялық және әлеуметтік жұмсаруының кәрі адамдардың мінез-құлқына әсерін анықтаумен анықталады. Адамда физиологиялық кәрілікті, жаспен байланысты қарттықты және әлеуметтік факторлар мен ауруларға байланысты мезгілсіз кәрілікті ажыратады. БӘДСҮ — ң (ВОЗ) ұсыныстарына сәйкес адамның кексе жасы деп 60 — 75 жасты, ал кәрілікті 75 жас және одан жоғарысын санауға болады. Адамның кәрілігі бірқатар ішкі және сыртқы белгілермен сипатталады.

Кәріліктің сыртқы белгілерінің ішінде, әсіресе, көзге түсетіндері, қозғалыс жаттықтылығының төмендеуі, сыртқы келбетінің өзгерісі, тері серпімділігінің, дене салмағының төмендеуі, бұлшық еттердің серпімділігі мен шымырлығының өзгерісі, бетте және дененің басқа бөліктерінде әжімдердің пайда болуы, тістердің түсуі жатады. Мысалы, жинақталған мәліметтер бойынша адам 30 жаста 2 тісін жоғалтады (түсу нәтижесінде), 40 жаста — 4 тісін, 50 жаста — 8 тісін, ал 60 жаста- 11 тісін жоғалтады. Әсіресе 1 сигналды жүйе өзгерістері ( сезім мүшелерінің өткірлігі әлсірейді) байқалады. Мысалы, дені сау адамның бірдей дыбыстарды ажыратуының максимальды арақашықтығы 20-30 жаста 12 м, 50 жаста- 10 м, 60 жаста- 7 м, және 70 жаста- тек 4 м-ды құрайды. Сонымен қатар, екінші сигналды жүйе де айтарлықтай өзгереді (сөйлеу ырғағы өзгереді, даусы қатаң дыбысталады).

Организмнің қартаю табиғатын түсіну ертеде пайда болды. Ежелгі Грецияда Гиппократ кәрілік шамадан тыс қоректену, таза ауада жеткілікті болмаумен байланысты деп санайды. Аристотель болса, кәрілікті организмдердің жылу энергиясының шығындалуымен байланысты деп санаған. Қоректі кэріліктің факторы ретінде Гален де айтқан. Бірақ ұзақ уақыт бойы мұндай мэселені обьективті тұрғыда түсіну үшін мәліметтер жеткіліксіз болды. Тек XIX ғасырда кәрілікті зерттеуде айтарлықтай алға жылжу байқалды, кәріліктің теориялары қалыптаса бастады.

Организмнің қартаюының алғашқы белгілі теориясы неміс ғалымы X. Гуфеландтың (1762 — 1836) ұзақ өмір сүруде еңбек іс-әрекетінің маңызын көрсетуге негізделген теориясы жатады. Оның бір жалқаудың жасы ұлғайған шаққа жетпейтіндігі туралы ойлары біздің заманымызға дейін жеткен. Өткен ғасырдың ортасында Бертольд (1849) жасалған тәжірбиелерден бастама алатын одан да белгілі теориялардың бірі қартаюдың эндокринді теориясы, ол жануарлардан басқаларға тұқым бездерін отырғызу екінші жыныс белгілерінің пайда болуына әкеледі деп есептеді. Кейінірек француз физиологы Ш. Броун Секар (1818-1894) тұқым бездерінің сығындыларын өзіне егу арқылы инъекциялардың пайдалы жэне жасартатын әсері болатынын айтқан. XX ғ. басында кәрілік ішкі секреция бездерінің, әсіресе жыныс бездерінің, әрекетінің төмендеуімен байланысты деген тұжырымдар пайда болды. 20-30 жылдары осы тұжырымдар негізінде әртүрлі елдерде кексе немесе кәрі адамдарды жасартуы мақсатымен көптеген операциялар жасалды. Мысалы, Австрияда Г. Штейнах ер адамдардың тұқым сағақтарын байлап тастап, жыныс бездерінің сыртқы секрециясының тоқтауына әкеледі, ал ол кейбір жасаруға алып келетін секілді деп санады. Францияда С.А. Воронов жас жануарлардан кәрілеріне және маймылдан ер адамға тұқым бездерін отырғызған, ал КСРО-да Тушнов жыныс бездерінің гистолизатын әтештерге енгізу арқылы оларды жасартқан. Бұл операциялардың барлығы да тек уақытша болатын кейбір нәтиже берген. Айтылған әсерлерден кейін қартаю процестері одан да қарқынды жалғасқан.

Біздің ғасырымыздың басында физиологиялық және патологиялық кәрілік деп бөлінетін И. И. Мечниковтың кәріліктің микробиологиялық теориясы пайда болды. Ол адамның кәрілігін патологиялық, яғни мерзімінен бұрын қартаю деп есептеген. И. И. Мечниковтың тұжырымдарының негіздерін ортобиоз (orthos-дұрыс, bios- тіршілік) ілімдері құрады, ол бойынша қартаюдың негізгі себебіне, тоқ ішектегі іріп-шіру нэтижесінде пайда болатын интоксикация өнімдері мен жүйке клеткаларының зақымдалуы жатады. Дұрыс өмір сүру (тазалықты сақтау, еңбек ету, зиянды әдеттен аулақ болу) жайлы ілімді қалыптастыра отырып, И. И. Мечников ішектің шіруге ұшырайтын бактерияларын сүт өнімдерін пайдалану арқылы бәсеңдету тәсілдерін көрсетті.

Өлім
Өлім онтогенездің соңғы аяқтаушы сатысы. Биологияда өлім жайында сұрақтар ерекше орын алады, өйткені өлім сезімі адам табиғатына инстинкке тән және әруақытта адамға деген үлкен қамқорлықтардың бірі болып табылады (И. И. Мечников, 1913). Тіпті, өлім жайлы сұрақ өлім философиясы эртүрлі тарихи уақыттарда әртүрлі сипатталғанмен, барлық философиялық және діни ілімдерде ерекше орынды алып отыр жэне алады да. Көне заманда Сократ пен Платон жанның өлмейтіндігін айтқан, ал Аристотель адам жанының өлмейтіндігіне сенетін платоновтық идеяларға қарсы болған, бірақ адамның өлімінен кейін де тіршілігін жалғастыратын рухына сенген.

Цицерон мен Сенека болашақ өмірді мойындаған, бірақ Марк Аврелий өлімді қарыспай қабылдайтын табиғи құбылыс деп санаған. Өткен ғасырда И. Кант пен И. Фихте де (1762-1814) болашақ өмірдің барына сенді, ал А. Г. Гегель болса жан «абсолютті затпен» жұтылады деп санаған, бірақ бұл заттың табиғаты жайлы айтылмаған.

Барлық діни ілімдеріне жүгінсек, адамның жер бетіндегі тіршілігі оның өлімінен кейін де жалғасады және адам алдында тұрған осы өлімге әрдайым дайындалу қажет. Бірақ мәңгілік өмірді қолдамайтын табиғат зерттеушілері мен философтар И. И. Мечников бірнеше рет айтып өткендей, өлім организмнің табиғи өмірінің бітуі деп санайды. Өлімнің біршама бейнелі анықтамасының мәні сол, ол «….мағынасыздың мағынаға, тұңғиықтың ғарышты сөзсіз жеңуі» (В. Соловьев, 1894).

Ғылыми деректер бір клеткалы организмдердің (өсімдіктер мен жануарлар) өлімін олардың тіршілігін тоқтауынан айыра білу қажет деп санайды. Өлім олардың өлуі болып табылады, ал тіршілігінің тоқтауы олардың бөлінуімен байланысты. Сәйкесінше, бір клеткалы организмдердің көп тіршілік етпейтіндігі олардың көбеюімен толықтырылады. Көп клеткалы өсімдіктер мен жануарларда өлім организм тіршілігінің толығымен тоқтауы деген мағынамен түсіндіріледі.

Адамда өлімге ұшырауы пубербатты кезеңде жоғарылайды. Әсіресе, дамыған елдерде өлімге ұшырау мүмкіндігі 28 жастан кейін айтарлықтай жоғарылайды. Адамның клиникалық және биологиялық өлімін ажыратады. Клиникалық өлім ойлаудың жоғалуымен, жүрек қағысы мен тыныс алудың тоқтауымен сипатталады, бірақ көптеген клеткалар мен мүшелер тірі қалады. Клеткалардың өздігінен жаңаруы жүреді, ішектің перистальтикасы жалғасады.

Клиникалық өлім биологиялық өлімге «жетпейді», өйткені ол қайтымды, яғни клиникалық өлім жағдайынан қайтадан өмірге «қайтаруға» болады. Мысалы, клиникалық өлім басталғаннан бастап, иттерді 5-6 минуттан кейін, адамды 6-7 минуттан соң өмірге қайтарады. Биологиялық өлім қайтымсыз болады. Жүрек қағысы мен тыныс алудың тоқтауы өздігінен жаңару процесстерінің тоқтауына, клеткалардың өлімі мен ыдырауына әкеледі. Бірақ клеткалардың өлімі барлық мүшелерде бірден басталмайды. Алдымен миының қабығы, онан соң ішектің, өкпенің, бауырдың, бұлшық еттің, жүректің эпителий клеткалары өледі. Клиникалық жайындағы өлім көріністеріне организмдердің реанимациясы (тірілуі) жайлы іс шараларға негізделген ол қазіргі медицинада алатын орны ерекше.

Өмір сүру ұзақтығы
Флора мен фаунаның әртүрлі өкілдерінің өмір сүру ұзақтығының мәліметтерін салыстыру, өсімдіктер мен жануарлар арасындағы эртүрлі организмдер әртүрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Мысалы, шөптесін өсімдіктер (жабайы және мәдени) бір маусым ғана өмір сүреді. Керісінше, сүректі өсімдіктер тіршілігінің ұзақтығымен сипатталады. Мысалы, шие 100 жыл, шырша-1000 жыл, емен — 2000 жыл, қарағай — 3000-4000 жылға дейін тіршілік етеді.

Буынаяқтылардың бірқатар түрлері 40-60 жыл, балықтардың көптеген түрлері, мысалы бекірелер 55-80 жыл, бакалар — 16, қолтырауындар — 50-60 жыл, жабайы шошқалар — 25 жыл, жыландар мен кесірткелер — 25-30 жыл, кейбір құстардың түрлері 100 және одан көп жыл тіршілік етеді. Сүтқоректілердің өмір сүру ұзақтығы азырақ болады. Мысалы, кіші қара мал — 20-25 жыл, ірі қара мал — 30 жыл және одан көп, жылқылар — 30 жыл, иттер — 20 жыл және одан көп, қасқырлар — 15 жыл, аюлар — 50 жыл, пілдер — 100 жыл, қояндар — 10 жыл өмір сүреді.

Сүтқоректілер арасында адам ұзақ өмір сүреді. Библия бойынша Мафусаил 969 жыл, гомерлік батыр Нестор 3 адамдық ғасыр, Дандо мен лакмейлік корольдің біреуі — 500 жылдан аса өмір сүрген. Әрине бұл мәліметтер анық емес. Шындығында көптеген адамдар 115-120 және одан көп жасқа дейін өмір сүрген. Кейбір адамдардың 150 жасқа дейін өмір сүргендігі туралы мәліметтер де бар. Ұзақ өмір сүретіндердің физикалық, ақыл-ой қабілеттері жоғары деңгейде сақталған. Мысалы, Платон, Микеланджело, Тициан, И. Гёте және В. Гюго өздерінің ең керемет туындыларын 75 жастан кейін жазды.

Ұзақ өмір сүру тек еуропеоидтықтарға ғана тән емес. Ерте кездегі авторлар кейбір негрлердің 115-160 және одан көп өмір сүргендері жайында жазған. XVIII ғ. өзінде швейцарлық физиолог А. Галлер (1708 — 1777) жүз жас бір жанұя арасында таралады, яғни ұзақ өмір сүру тұқымқуалаумен де берілуі мүмкін деп санаған. Қазіргі деректер бұл қорытындыны жоққа шығармайды. Адамда табиғи өмір сүру ұзақтығын және орташа өмір сүру ұзақтығын ажыратады. Табиғи өмір сүру ұзақтығы дегеніміз егер қандай болмасын тіршілік жағдайлары қолайлы болса да, адамның одан арғы тіршілік ете алмайтын жасы. Орташа өмір сүру ұзақтығы керісінше, өліммен тоқтатылатын индивидтердің жеке бір топтарының өмір сүру ұзақтығы болып табылады.

Қазіргі көзқарастарға сәйкес табиғи өмір сүру ұзақтығы генотип жағынан бақылауға алынатын түрлік сандық белгілер болып табылады. Мұндай бақылау онтогенездің әрбір кезеңінде жүзеге асады, және алғашқы дәлелдер 60-жылдарда адам фибробластарын отырғызу кезінде алынған тәжірбиелік жүмыстардан дәлелденген. Эмбрионнан бөлінген фибриобластар 50-рет бөлінуге қабілетті, одан кейін олар өледі. Бұл адамның шамамен 150 жылдық табиғи өмір сүру ұзақтығымен тең. Ересек адамдардың ұлпаларынан алынған фибриобластар керісінше, аз генерация санына бейім. Белгілі бір өмір сүру ұзақтығы ұлпалық деңгейге де тән. Табиғи өмір сүру ұзақтығы түрдің эволюция барысында алған қасиеті деген дәйектер бар. Жеке индивидтердің ұзақ өмір сүруі болса, генотиптеріндегі ұзақ өмір сүретін белгілі бір гендердің үйлесімінің бар болуы немесе олардың клеткаларындағы аздаған немесе тіпті, болмайтын мутациялардың болуына байланысты.

Табиғи өмір сүру ұзақтығын адамның өсу кезеңінің ұзақтығы және өмір сүру ұзақтығымен анықтайды. Адам шамамен 20 жыл өседі деп есептелінеді, ал ұзақ өмір сүретіндер 5-7 есе үзағырақ өмір сүреді. Осы түсініктерді басшылыққа ала отырып швейцариялық физиолог Галлер XVIII ғ. адам 200 жасқа дейін, И. И. Мечников те адам 150 жасқа дейін өмір сүре алады десе, А. А. Богомолец пен И. И. Шмальгаузен адамның табиғи өмір сүру ұзақтығы 120-150 жылды құрайтынын есептеп шығарды. Бірақ 100 жасқа дейін жеке индивидтер ғана өмір сүре алады. Сондықтан өмір сүрудің орташа ұзақтығы өсуге қарамастан табиғи өмір сүру ұзақтығына сәйкес келмейді.

Орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарылатуға бірнеше факторлар әсер етеді (сәбилердің көп туылуы, балалар өлімінің азаюы, инфекциялармен тиімді күресу, хирургияның жетістіктері, қоректенудің және өмір жағдайының жақсаруы, сәтсіз жағдайлардан өлімнің азаюы), онымен қоса бұл факторлар популяция мүшелері жастардан құралған болса, айтарлықтай тиімді болады. Дегенмен, бұл жағдайда табиғи өмір сүру үзақтығы жоғарыламайды.

Орташа өмір сүру ұзақтығының төмендеуінің басты себептеріне сәбилердің өлімі, сонымен қатар аштықтан, аурудан, медициналық көмектің жетіспеушіліген өлу жатады. Өлім жағдайларының жиілігі дүниеге келгеннен кейін және пубертатты жасқа жеткен дейін жаппай азаяды, кейін ол қайтадан көтеріледі. Дамыған елдерде өлім жиілігі шамамен, 28 жастан кейін айтарлықтай артады. Ежелгі гректер мен римдіктердің орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 30 жылды құраған. Еуропадағы орташа өмір сүру шамамен XVI ғасырда — 21 жас, XVII ғасырда — 26 жас, XVIII ғасырда — 34 жасты қүрады. XIX ғ. аяғында ол ақырындап өсе бастады. 1988 жылы бүкіл әлемде орташа есеппен ол 61 жасты, оның ішінде индустриялық жағынан дамыған елдерде 73 құраса, ал Африкада тек 52 жасты құрады. Бірақ өмір сүру ұзақтығының өте жоғары деңгейге жетуі, шамадан тыс тез арада өсуі, мысалы Швеция мен Жапонияда, орын алғандай ерекшеліктер белгілі. Тұрғындардың туылу жиілігі, өлімі мен екі еселену уақыты әртүрлі елдерде әртүрлі болады. Медицина тұрғысында орташа өмір сүру ұзақтығы — ұлттың денсаулығын білдіреді. КСРО қарт адамдарының саны бойынша әлем бойынша бірінші орынды иеленген. Мысалы, 1 млн халыққа жасы 90-нан асқан 104 адам келген, ал Англияда ол — 6, Францияда — 7 және АҚШ-15 адамды құраған.

Өмір сүру ұзақтығының өзгерістерімен қазіргі таңда еңбекке жарамды тұрғындардың арасындағы өзгерістер, мысалы, біздің жүз жылдықтың 30- жылдарымен салыстырғанда айтарлықтай. Әлемнің көптеген елдерінде зейнетке шығу жасы мен адамдардың белсенділігі арасында айырма бар, осының нәтижесінде әлемнің көптеген елдерінде зейнеттік жастағы адамдар еңбектенуін жалғастырып жатыр. Әсіресе, ол біздің елде кең етек алған.