Италия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастар. Италия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-катынастар 1992 жылы 12 маусымда орнатылды. Италия Республикасының Елшілігі 1992 жылы қазан айында Алматы каласында ашылды. Қазақстан Республикасының Елшілігі 1996 жылы Рим қаласында ашылды. Италияның саясаткерлері арасында Италия-Қазақстан серіктестігін дамыта түсу ойы берік қалыптаскан. Елдегі ішкі саясат жағдайына қарамастан, Үкімет басындағы жүргізуші және оппозициядағы партиялар да осы ұстанымда. Екі ел арасындағы халықаралық маңызды мәселелер, оның ішінде Азия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде екі ел көзқарасының сәйкес келетінін Италияның ресми тұлғалары да құптады.
Бүгінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы геосаяси көпір және әлем бойынша келешектегі ең бай мұнайлы аймақ ретінде қарастырылады. Италияның болашақта мұнайға деген мұқтаждығының көлемді бір бөлігін Каспий аймағы арқылы қамтамасыз етуді ойластырып отырғаны анық. Сауда-экономикалық саласында Қазақстан-Италия ынтымақтастығы белсенді дамуда. Италия Қазақстанның ірі сыртқы сауда серіктесі санына кіреді.
2003 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд доллар құрады, оның ішінде экспорт — 1,1 млрд доллар, импорт — 200 млн доллар. 2004 жылы тауар айналымының мөлшері 3,5 млрд долларды құраған. Экспорт — 3,1 млрд доллар, импорт — 400 млн доллар. 2005 жылы 4,8 млрд еуро құрады. Экспорттың негізгі құрылымы — мұнай, табиғи газ, асыл металдар, мұнай өңдеу өнімдері, мыс, мырыш, басқа да түсті металдар мен одан жасалған бұйымдар, қара металдар, мақта, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары, машинаға қатысты құрал-жабдықтар және т.б. Импорт номенклатурасы да дамып барады. Оның негізгі бөлігі киім-кешек, аяқ-киім, жиһаз, жабдықтар, тамақ өнеркәсіп тауарлары, көлік, химия және фармацевтік өнімдерін сатып алуға бағытталған.
Қазақстанда 42 казақстан-италия бірлескен кәсіпорны және 8 италия компанияларының өкілдігі тіркелген. Жұмыс әр салада — пайдалы қазба байлық кендерінде, ауылшаруашылық тауарларын өңдеуде, тамақ өнеркәсібінде, ауылшаруашылық машина жасауда, ауыр, жеңіл өнеркәсіпте, энергетика саласында дамып келеді.
1993-2004-жылдар аралығында Қазақстандағы шетел инвесторларының мөлшері бойынша Италия мемлекеті АҚШ, Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядан кейін төртінші орында. 2004 жылдың аяқ кезеңіндегі көрсеткіші бойынша итальяндық инвестициясының Қазақстан экономикасындағы көлемі 1,6 млрд доллардан асады. Италия компаниялары Қазақстанның жылу энергетикасы кешеніне катысты Қазақстан нарығын меңгеруде белсенділік танытуда.
2005 жылы Италия компанияларымен жалпы сомасы 749,12 млн доллар құрайтын Karachaganak Petroleum Operating, Agip Kazakhstan North Caspian Operating Company, Tengiz Chevroil жобаларына 817 шарттар жасалынды. 2006 жылдың І-ші тоқсанында итальяндық компаниялар аталған жобаларға 58,73 млн доллар құрайтын 205 шарттар жасасты.
SACE экспорттық несиелерді сактандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы Қазақстанның несиеге қатысты ұстанымын карастырып, оны Ресеймен бірге төртінші деңгейге көтерді. Бұл жөнінде компанияның сарапшылары Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткішінің тұрактылығы, тауар айналымының өсу қаркыны, банк жүйесінің беріктігі және басқа да себептермен түсіндіреді.
Экспорт несиелерін сақтандыру саласында да екіжақты ынтымақтастық дамуда. 2005 жылы АҚ «Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтау корпорациясы» мен «SACE» экспорт несиелерін сақтандыру жөніндегі Италияның мемлекеттік компаниясы арасында өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол койылды.
Сауда-экономикалық салада Италия-Қазақстан арасындағы қатынасы дамуының негізгі қадамы өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Үкіметаралық жұмыс тобының (ҮАЖТ) мәжілісі болып саналады. Мәжіліс 1998 жылы 15 қыркүйекте Рим қаласында, 2002 жылы 23 мамырда Астана қаласында және 2004 жылы 11 қарашада Рим қаласында өткен болатын. 3-ші ҮАЖТ мәжілісі барысында екіжакты экспорттық-импорттық тасқынның әртараптандыру жолымен сауда-экономикалық ынтымактастыкты әрі қарай тереңдету мәселесі талқыланды. Сонымен катар бірлескен кәсіпорындарды құру және мұнайгаз машина жасауда, тоқыма және былғары саласына итальяндық инвесторларды тарту ұсыныстары жасалды.
Италия мен Қазақстан қатынастарының ауқымы кеңеюде. 2007 жылы 21 маусымда Астанада Өнеркәсіп және экономикалық ынтымактастық жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 4-ші отырысы болып өтті. Онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, байланыстарды дамыту секілді барлығы 13 мәселе талқыланды.
2007 жылы 24 қазанда Италия астанасы — Рим қаласында Қазакстан делегациясының басшысы, Парламент Сенатының Төрағасы, Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Тарчизио Бертонемен, Ватикан кардиналдары алқасының басшысы, Қасиетті Тақтың экс-мемлекеттік хатшысы Анжело Соданомен кездесті. Кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ Астананың «Мұсылман дүниесі-Батыс» үн қатысуын дамыту бастамасына баса назар аударылды. Қазақстан мен Ватиканның екіжақты қарым-қатынастары туралы айта келіп, Қ.Тоқаев бұл байланыстар ашық және сенімділік негізінде құрылғанын, «1998 жылы Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы келісімнің ережелеріне толық негізде сәйкес келеді», деп атап өтті. Қазақстан ТМД мен Азия елдерінің ішіндегі Қасиетті Тақпен қол қойған алғашқы ел болып отыр. Қ.Тоқаев Ватикан өкілдерін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында дәрістер топтамасын оқуға шақырды.
Италияның саяси жүйесінде Қазакстан мен Италия арасындағы үнқатысуларда тұрақты мүдделілік қалыптасқан. Сонымен бірге, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дами түсуіне үлкен мән беріледі. Халықаралық саясатта Рим мен Астана ұстанымдары көптеген мәселелер бойынша үксас болып келеді. Соның ішінде Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде екі жақ өз үстанымдарының бір екенін үнемі жариялап жүр.
Рим Қазақстанмен өзінің ынтымақтастығына стратегиялык маңыз береді. Бұл әлемнің мұнайлы аймақтарының біріне оның қолжетімді болуға ұмтылысынан туындап отырғаны түсінікті. Жаркын болашақта Италия өзінің мұнайға деген кажеттілігін Каспий бойы аймағының есебінен жабуды көздегісі келетіні белгілі. Бүгінгі таңда Қазақстан — Италия карым-катынастары негізгі 13 кұқықтық құжаттан тұрады.
Оку-білім саласындағы екіжақты ынтымақтастық та өте тығыз даму үстінде. Мәселен, бүгінгі күні 700-дей қазақстандык жастар итальян тілін оқып-үйренуде. «Болашақ» бағдарламасына сәйкес Италияның ЖОО-да жүздеген жастар оқиды және тәжірибеден өтеді.
2009 жылдың мамыр айында Болон университетінде профессор Факкини Фиоренционың қазақтар туралы жазған «Киіз үйдің адамдары. Қазақстан (ежелгі дәуірден бүгінге дейін)» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітап Болон ғылым академиясынан жоғары баға алды. Бұл монография Италия мен Қазақстан ғалымдарының он жыл бойғы бірлескен еңбегінің нәтижесінде туған еді.
Сондай-ақ Италия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылған болатын. Ұйымдаскан кылмысқа, есірткі заттарының заңсыз айналуына, т.б. қарсы күресте ынтымактастық орнату жөніндегі үкіметаралық келісім де жасалды. Қазақстан жағы мен Италияның жетекші кәсіпорындары арасында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға да қол қойылды. Соның ішінде Қазакстан Республикасы аумағында мұнай-газ барлау мен өнеркәсіптік инфрақұрылымдар нысандарына қатысты ынтымактастық туралы келісім жасалынды.
Осындай ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанның Италиямен арадағы тауар айналысы барлық Еуроодақ елдерінің 30%-ын кұрап отыр. Бұл екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-білім саласындағы өзара қарым-катынастардың болашақта да зор қарқынмен дами түсетінінің белгісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Бөжеева Б.З. — Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009): оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2010. — 340 б. Мәлімет оқулықтың 241-ші бетінен алынды.