iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері

Бұл мәлімет 926 рет қаралды

Минералдық тыңайтқыштың тиімділігінің жоғары болуы көбінесе қолдану әдістері мен тәсілдеріне байланысты. Тыңайтқыш қолданудың үш тәсілі бар: негізгі тыңайтқыш (егін сепкенге дейін және оны себудің алдында), тұқым себумен бірге және егін сепкеннен кейін үстеп қоректендіру. Тыңайтңышты қолданудың мынадай жолдары бар: жаппай шашу, ұяға, қатараралыққа беру және қорға қалдыру.

Негізгі тыңайтқыш өсімдіктерді бүкіл өсу вегетациясы кезінде қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, әсіресе олардың қарқынды өсіп-дамитын кезеңінде беруге арналған. Бұл тәсіл бойынша өсімдікке қажетті тыңайтқыштың басым мөлшері беріледі. Негізгі тыңайтқыш күзде сүдігер жырту кезінде, көктемде сүдігерді қайта жырту кезінде немесе терең қопсыту алдында беріледі. Тыңайтңышты топырақтың астыңғы ылғалды қабатына сіңіреді, сонда барлық өсу кезеңінде өсімдіктер оны жақсы қабылдай алады. Жаппай шашу кезінде танапқа тыңайтқыш біркелкі түспейді, сондықтан бұл әдіспен берілетін барлық тыңайтқыштың 40-70% -ы шашылады.

Осындай тыңайтқыштың біркелкі берілмеуі салдарынан топырақтың құрамы біркелкі болмайды және егін шығымдылығы да әр түрлі болады. Сондықтан да тыңайтқыш шашу әдістерінің ішінде жергілікті-таспалы әдіске көбірек назар аударып, оны өндірісте қолдану тиімді болады. Бұл әдіс өсімдіктің тамырына қоректік заттар беруге негізделген. Тыңайтқыш берудің жаппай шашу әдісіне қарағанда таспалық әдіс бойынша беру өте-мөте тиімді және қолайлы болып табылады. Жергілікті-таспалық әдіс бойынша берілген тыңайтқыштың құрамынан қоректік элементтер аз жоғалады, тыңайтқыш ылғалды қабатқа беріліп себілген тұқымға жақын орналасады. Осыған орай, тыңайтқышты жергілікті беру әдісі шашу әдісіне қарағанда экономикалық жағынан тиімді болып саналады. Себу кезінде өсімдік қатарына тыңайтқышты тұқыммен бірге аз мөлшерде берген өте тиімді болып табылады. Барлық дақылдар үшін тұқыммен бірге қатарға түйіршік суперфосфат берген маңызды, өйткені өсімдік алғашқы өсу кезеңінде фосфордың жеткіліксіздігін сезінеді.

Үстеп қоректендіру өсімдіктің өсіп-даму кезінде қоректенуін жақсарту үшін беріледі. Үстеп қоректендіру үшін суда жақсы еритін азот тыңайтңышы, сондай-ақ азотқа бай құс саңғырығы қолданылады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>