human

Созылмалы пиелонефрит

Созылмалы пиелонефрит — бүйректің куыстық жүйесінің және тубулоинтерстициялық аймағының басым зақымдануымен сипатталатын созылмалы бейспецификалық инфекциялық қабыну процесі. Пиелонефрит — кең тараған аурулардың бірі, ДДҰ мәліметтері бойынша оның кездесу жиілігі жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциялык ауруларынан кейін екінші орында, ал бүйрек ауруларының арасында — бірінші орында. Статистика бойынша әр он адамның біреуі пиелонфриттен зардап шегеді. Пиелонефрит — нефрогенді гипертензияның және буйректін созылмалы шамасыздышның басты себебінің бірі. Латентті ағымға бейімділігінен 20-25% пиелонефрит алғаш рет аутопсияда анықталады. Созылмалы пиелонефрит көбіне жедел пиелонефриттің салдарынан дамиды. Этиологиясы. Даму тегінен — пиелонефрит инфекциялық ауру. Пиелонефриттің дамуында негізгі роль атқаратын коздырғыштар:

  1. ішектік аутоинфекция (ішектнгоблигаттық флорасы — ішек таяқшалары, энтерококтар; ішектің дисбактериозында пайда болатын факультативтік флора — ішек таяқшасыньщ гемолиздік түрі, протей, клебсиелла, алтын сары стафилококк, көк ірінді таяқшалар);
  2. экзоинфекция — урология, акушерлік-гинекология, реанимация бөлімшелеріңде жаткан науқастарға несептік инфекцияньщ құралдар-мен жұғуы (көбіне ірінді коктық инфекция);
  3. бактериялардың 1-түрлері және микоплазмалар (әдеттегі антибактериялық дәрмектерге тезімді); бактериялардың 1-түрлері қолайлы жағдайда әдетті түріне айналып пиелонефритті өршітуі және өрістетуі ықтимал.

Көбіне қоздырғыштар несеп жолына жыныс қатынасы кезінде және несеп жолына енгізілген аспаптармен түседі. Түскен инфекцияның жоғары қарай өрлеуіне қуық-несепағарлық рефлюкс, бүйрекішілік рефлюкс, уродинамиканың обструқциялық бұзылыстары (несепағардың стриктурасы, таспен бітелуі), жүктілікке байланысты гормондық өзгерістер септігін тигізеді. Сонымен қатар, кейбір бактериялардың, несептің ағымына карсы тетеп беріп, бұлардың жоғары карай өрлеуіне мүмкіндік беретін құрылымдық ерекшеліктері болады. Мәселен, көптеген грамтеріс бактериялар, уроэпителийге жабысуға мүмкіндік беретін Р-фимбрияларға ие. Бактериялардың осылайша жабысуы — бактериялық адгезия феномені аталады. Фимбриялардың көмегімен уроэпителийге жабысқан бактериялар зәрдің ағымымен әкетілмейді. Грамтеріс бактериялардың пиелонефрит дамытуындағы патогендік куаты бұлардың К- және О- антигендеріне байланысты. К-антигендер бактерияларды опсонизация мен фагоцитоздан сактайды, ал О-антигендер уытты өсер етеді, әсіресе несеп жолдарының тегіс салалы бүлшықетінің перистальтикасын тежейді. Осыдан болатын несеп жол-дарының «физиологиялық обструкциясы» зәрдің іркілісіне әкеледі, несеп жоддарындағы зәрдің қысымы биіктейді. Қысымның биіктеуінен инфекцияның бүйрекке түсуін жеңілдететін астауша — бүйректік рефлюкс пайда болады. Бактериемия болғанда инфекция гематогеңді жолмен таралады, мәселен сепсисте, инфекциялық эндокардитте, т.б. Пиелонефрит жиілігінің үш шыңын айырады: 1) 3 жаска дейінгі балалық шақ (күтімнің жеткіліксіздігінен); 2) 18-30 жас аралығындағы жас шақ; 3) егде және кәрі жас. Жиілік шыңцардың алдыңғы екеуі әйел жынысымен байланысты болса, үшіншісі — көбірек ер кісілерде байқалады.

Пиелонефрит дамуының бейімдеуші факторлары

  1. Бактериурия (1 мл несепте микробтар мөлшерінің 1 х 105 артық болуы). Бактериурияның басты себебі — шат аймағының, әсіресе үрпі маңының микробтық ластануы. Мұндай жағдай дене күтімінің жеткіліксіздігінен, мәселен жастардың жыныс қатынасының гигиена-лық тәртіптерін сақтамауынан болуы мүмкін. Түрмыска шыққан кезде дефлорациялық циститтің дамуы және жыныс қатынасынан кейін бактериурияның көбеюі байкалады.
  2. Уродинамиканың бұзылыстарына әкелетін аурулар (несеп тас ауруы, қуықасты безінің аденомасы, нефроптоз, несепағардың стриктурасы, бүгілуі немесе сырттан басылуы, рефлюкстер, дегидратация т.б.).
  3. Әйелдер несеп жолдарының жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер уретрасының қыскалығы және кеңдігі, үрпінің арткы етіс пен қынапқа жақындығы инфекцияның уретраға және куыққа оңай енуіне септігін тигізеді.
  4. Жүктілік және гормондық контрацепциялық заттарды колдану. Жүктілік кезінде эстрадиоддың, прогестеронның деңгейлері жоғарылайды. Жыныс ағзаларының және несеп жолдарынын эмбриональдік даму тегі бір болғандықтан, бұлардың гиперэстрогенемияға қайтаратын жауабы да ұқсас. Пиелонефрит 40 жасқа дейінгі шақта — әйелдерде, ал егде және кәрілеу шақта — жиілеу еркектерде кездеседі. Әйелдерде пиелонефрит балалалық шақтан немесе тұрмыс құру кезінен басталады.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.