iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері

Бұл мәлімет 1 453 рет қаралды

Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштер — халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мəдениетінің туындылары. Оған: қалашықтар мен қалалар, ежелгі қоныстардың қалдықтары, обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт- дəстүрлік құрылыстар, адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер, тасқа жəне үңгірде қашалған жазулар, табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қазақстан облысында ежелгі тұрғындарының жоғарғы палеолит дəуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. Қола дəуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында əр алуан пікірлер бар. Мəселен, айналасы дуалдармен қоршалып салынған қоныстардың Солтүстік Қазақстанда көп кездесуі, бұлардың қорғаныс, бекініс ретінде салынғанын, кола дəуірінің орта кезінде тайпалар арасында наразылық пен қақтығыстардың күшті болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, қоныстар мен қорымдардан табылған жебелердің қола жəне сүйек ұштары да тайпалар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрғанын байқатады. Жүзден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілген, нəтижесінде ежелгі адамдардың материалдық жəне рухани мəдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дəуірінің заттық кешендері негізінде Г.Б Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады. Петровтік мəдениет дербес өз алдында бөліп қаралды (1975) . С.Я Зданович Солтүстік Қазақстан облысы жəне көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шенінде Саргарин мəдениетін анықтады. М.К Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мəдени — тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған қола дəуіріне жататын ірі археологиялық ескерткіштер: Жамбыл ауданында — Кабань, Увал 1; Есіл ауданында — Амангельды 1 , Берлик 1, Ильинка 3, Қаратал, Мектеп 2 — 3 , Николаевка, Петровка 1,2, Поляковка, Чалково, Явленка 7; Мамлют ауданында — 1, Становое; Айыртау ауданда — Карловка, Якши — Янгистау-1-5; Ақжар ауданында — Айсары-1-4, Қарашат , Комбайсор, Құлыкөл-1-5, Ленинградское-3, Талшық, Тал; Ғабит Мүсірепов ауданында — Ашанино, Бірлік, Григорьевка, ГРП — 37, Ефимовка — 1-6, Ковыльный, Неженка 2 — 3, Пески 1 , Приишимский, Привольное 3, Рыбинка 4; Мағжан Жұмабаев ауданында — Боголюбово 1, Вагулино — 3 — 5 , Вишневка 1 , Красногорка1, Новокаменка, Новоникольское, Ольшанка, Соколовка 4; Тайынша ауданында — Ащықарасу 1, Берлиновка 8, Карасу 1, Литжан 3, Октябрь — 1 — 3,Чаглинка1, Шұңқыркөл — 1 — 3; Уəлиханов ауданында — Қазанғап — 1 -2 -3 -5, Қарасу 1, Коксенгисор -3 -5 -6 -7, Комсомольское -2 -3 -4, Қыздыңқарасу -3 -5; Шалақын ауданында — Алыпқаш, Афанасьевка, Баганаты — 1 -2 -3, Байқара, Берлик 3, Бурлук 1, Қаратал 5, Кеңес, Крешенка1, 2, Октябрьское -1 -2, Сергеевка-1 -2 -3, Ұлубай [3, 32 — 33 бб.]. Археологиялық ескерткіштер облысының су көзі — Есіл бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 археологиялық ескерткіштерден тек ерте темір ғасырына 63 жататын жалғыз Мəңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мəскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атындағы ауданы) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғасыры жəне қола дəуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мəліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданында ежелгі тарихтың əрбір кезеңіне қатысты 74 археологиялық ескерткіштер бар екендігі белгілі. Оның 50 — і сақталып қалған. Алты нышан ғылыми жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев ауданындағы көптеген ескерткіштерден Солтүстік Қазақстанның ежелгі тұрғындарының шаруашылығы мен əлеуметтік — мəдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дəуірінің алтын əшекейлі киімі қайта қалпына келтірді. Петропавл қаласының 250 км — дің оң жағында орналасқан. Ескерткішті зерттеу кезеңі төрт егістік маусым ішінде жүгізілді: ( 1974, 1975, 1976, 1978). Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Г.Б. Здановичтің жетекшілігімен өтті. Алыпқаш ескерткіші толығымен қазылды. Ескерткіш Есіл өзенінің оң жағында орналасқан. 1974 жылдың егістік маусымында 19 қоныс құрылыстары: 14 жер қорғандары, 4 тасты қорғандары зерттелді. Жер қонысының құрылысында бір, екі, үш шұңқырлар болған [3, 407 — 408 бб.]. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай жəне тағы да басқа обалар қола дəуірі жəне ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауданындағы үш археологиялық нышан ерте темір ғасыры қорғандары түрінде қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов ауылында табылған археологиялық ескерткіштер де қызықты материалдар. Вишневка — 1 қонысы ерте қола дəуірі бойынша мəліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі. Вишневка 1 қонысы 1968 жылы пединститутының студенті Ю.Мелехинмен табылды. 1970 жылы археологиялық қазбалар В.Ф.Зайберттің жетекшілігімен өтті. 200 кв.м аумағы ашылған. Н.С.Татаринцеваның жетекшілігімен 1981 жылы қоныс жалғастырылып, толық аяқталды. Қоныс Есіл өзенінің сол жағында орналасты. Мəдени қабат 50 — 60 см — ге жетті. 1970 жылдың қорымында 2292 заттар сақталған. Петропавл қаласы жеріндегі əр дəуірдің 16 археологиялық ескерткіштері болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана — ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған. Қола дəуірінде Солтүстік Қазақстандағы тайпалардың тарихи тағдырлары бір — бірімен тығыз байланысты дамыды. Б.з.б II мыңжылдықта бұл аумақта андроновтық тайпалар мекендеген. Олардың шаруашылығы негізі мал өсіру мен кетпенмен өндейтін егіншілік болды. Сол дəуірдегі шаруашылықтың талаптарына сай келетін қолайлы жер көлемінің шектеулі болуы құнарлы шүйгін жерлердегі тұрғын алаңдардың бос тұрмау себептерінің бірі еді. Бір тайпалардың орнына екінші тайпалар келді: олар дəстүрлі жерлерге қоныстанды, сөйтіп, Солтүстік Қазақстанның андроновтық қоныс — мекендері көп қабатты ескерткіштерге айналды. Қорымдар қоныстарға жақын, айналаның бəрі көрініп тұратын қыратты жерге салынды. Солтүстік Қазақстанның орманды — далалы аудандарында топырақтан үйілген обалар көп кездеседі. Сондай — ақ тігінен қойылған тақта тастардан дөңгелете немесе тік бұрышталып қоршалған қоршаулар, тас қаламалар жəне қоршалған жер обалар көп тараған. Бұл аймақта алдыңғы қола дəуірінің ескерткіштері онша көп шыққан жоқ: көбі əбден қираған жеті қоныс жəне өлікті өртеу ғұрпы бойынша жасалған екі көмбе бейіт шықты. Неғұрлым көбірек зерттелген Вишневка — 1 шағын қонысы (Петропавл қаласының маңында) болды. Онда сақталған конструкциялар алдыңғы қола дəуіріндегі 64 тұрғын үй туралы түсінік береді. Бұл — жер бетіне салынған үй, едені құмайт жердің топырағы. Ол тік бұрыш сияқты созыла орналасқан, аумағы 126 шаршы метр. Үйдің төбесі ұзыннан салынған бөренелерден қиылған қабырғаларға жəне үйдің ұзына бойындағы бағандарға тірелген. Сол заманға жататын ыдыстардың бірінші тобына, Бескөл — 1, -5, Вишневка -2, Пестрое қоныстарынан жəне көмбе бейіттерден табылған ыдыстарға тоқыма — шұңқырша керамика тəн. Ортаңғы қола дəуіріндегі ең айқын ескерткіштері Есіл материалдар — Петровка — 2 жəне Новоникольское — 1 қоныстарының төменгі белдеулері, Петровка селосы жанындағы қорым мен ғұрып орны. Тобыл өзенінің аңғарында бір қабатты Жетікөл қонысы зерттелді. Көп қабатты қоныстарды (Алексеевское, Садчиковское, Новоникольское — 1, Явленка — 1, Петровка — 2) жəне Солтүстік Қазақстандағы Алексеевское, Семипалатное қорымдарын зерттегенде одан кейінгі кезеңді сипаттайтын кешендер алынды. Петровка — 2, Новоникольское — 1 қоныстарындағы алдыңғы алакөлдік тұрғын үйлер əдетте үлкен емес, едендері 15 — 20 см ғана қазылып жасалған, сондықтан оларды жер үстіндегі құрылыс деп атауға əбден болады. Алакөл заманындағы тұрғын үй құрылыы алдыңғы алакөлдік құрылымынан өзгеше. Бұл — Явленка — 1, Петровка — 2 жəне Тастыбұлақ қоныстарындағы сияқты жартылай жертөле тұрпатындағы бірқатар тұрғын үйлер. Олар тік бұрышты ұзынша сипатта болып келеді. Үйлердің аумағы 140 шаршы метрге дейін барады. Дамыған қола дəуірінің қоныс — мекендерінің өзгешілігі — олар өте жинақы. Бұл əсіресе алдыңғы алакөлдік заманға тəн; ол кезде тұрғын аландар алакөлдік ескерткіштерінің бəрінде байқалады (Боголюбово — 1, Петровка -2, Новоникольское — 1), ал мұның себебі — бұл тайпалар арасындағы қақтығыстар заманы еді. Боголюбово 1 қонысы Боголюбово селосынан 4 км шығысында орналасқан. Ескерткіш 1967 жылы В.Ф.Зайберттің жетекшілігімен ашылды жəне зерттелді. 154 кв.м аумағындағы қазба жұмыстары жүргізілді. Қола дəуірінің қонысында конструкциялық қалдықтары ашылды. Ескерткіш екі қабатты болып келеді. 2001 — 2003 жылдар аралығында доцент А.А.Плешаков Шалақын ауданының Баганаты деген археологиялық ескерткіште қазба жұмыстарын жүргізді. Ескерткіш көлемі — 1,25 га. Сонымен бірнеше қорғандар зерттелді. Биіктіктері — 1 м, диаметрлері 20 метрге дейін жетті. Петровка — 1 қонысының жанындағы бейіттік құрылыстар алдыңғы алакөлдік заманның ескерткіші болып табылды. Олар сопақ жəне тік бұрыш етіп қазылған шұңқырлар болып келеді, бұларда бейіт үстіндегі құрылыстардың ізі жоқ. Екі шұңқырда ғана көмілген адамдардың қалдықтары шықты; біреуінде өлік өртелмей, екіншісінде өртеліп жерленген. Шұңқырлардың көпшілігінде бірден үшке дейін ыдыс жатты, бұлардың қасында кейде қой сүйектері кездесті. Тастыбұлақ — 1 қорымының бетіндегі құрылыстар дөңгелек, сопақ қисық қаланған тас қоршаулар болып табылады. Бұл қоршаулар тігінен қазылып орнатылған тастардан, кейде ешқандай байланыстыратын материалдарсыз жай қаланған тастардан жасалған. Молалардың салынуы əр түрлі — қазылған таяз шұңқырлар, не тас жəшіктер. Солтүстік Қазақстандағы екі қорым қазылды: Тобыл өзеніндегі Алексеевское жəне Есіл өзеніндегі Семипалатное қорымы қазылды. Семипалатное селосы жанындағы қорым қабірлердің үстіне топырақ үйілген төмпешіктерден тұрады. Молалардың бірінен алты қыш ыдыс, екі қола пышақ, алты жебенің сүйек ұшы , айылбас, моншақтар, қоладан бұранда тəріздендіріліп жасалған сəндік заттар шықты. Сүйек қалдықтарына қарағанда, өлікті жерлерде міндетті түрде үй жануарлары , əдетте қой құрбандыққа шалынды. Өлген кісіге қойдың омыртқалары мен сирақтары қалдырыпты. Мұнда, оба түбіндегі алаңда екіден тоғызға дейін ыдыс қойылыпты. Тамақ салынған ыдысты тамағымен жерге көмуге байланысты табыну ғұрыптарының болғандығына Алексеевка селосының маңынан табылған заттар айқын дəлел бола алады. Бұл қорым қоныспен жəне құрбан 65 шалу орнымен бірге Тобыл өзенінің сол жақ жағасында Қостанай қаласына жақын жерде орналасқан. Қабірлер сопақша етіліп қазылған Олардың ұзын жағы ендік бағытына бағдарланған, өліктердің басы шығысқа қаратылып жатқызылған. Қаңқалар лақыттарда бүктетіліп қырынан жатыр. Қол — аяқтары барынша бүктелген, омыртқа жотасы тым көп иіліпті — осының бəрі өліктердің көбі байланып немесе қатты оралып салынғанын көрсетеді. Солтүстік Қазақстанда нағыз тұрпаттағы ескерткіштер пайда болады; бұлардың ішіндегі ең көрнектісі — Бурабай селосы жанындағы қорым. Қорым жерге тігінен көміп орнатылған гранит немесе жалпақ тақта тастары жер бетіне көрініп тұрған қоршаулардан тұрады. Көбі тік бұрышты қоршаулар, оның үстіне кейде оларға жапсырыла басқа құрылыстар салынған немесе ішінен дуалдармен бөлінген. Дөңгелек немесе сопақша құрылыстар сирек кездеседі; оларда ендікке қарай əжептəуір тұрақты бағдарланған тік бұрышты шұңқырлар бар. Солтүстік Қазақстанның соңғы қола дəуіріндегі тайпалардың мəдениетінде екі кезең болды. Бірінші кезеңде, б.з.б I мыңжылдықтың басында, батыстағы тайпалар Еділ бойының, солтүстіктегі тайпалар — Жайық өңірінің соңғы қима мəдениетінің ықпалына түсті. Тальк қолданылған жəне геометриялық фигуралармен қиюласатын ойық өрнегі бар, Жайық өңіріне тəн ыдыс Есіл бойындағы Явленка — 1, Карьерное, Бескөл — 5 қоныстарында жəне басқа бірқатар қоныстар пайда болады. Бұл ықпал тұрғын үйлердің өзінше бір үлгісінен жəне еңбек құралдарының кейбір түрлерінен көрінеді. Алайда Есіл бойының мəдениетіне едəуір ықпал жасай отырып, Жайық өңірінің тайпалары бірте — бірте жергілікті тұрғындардың арасына сіңіп кетті. Солтүстік Қазақстанның əр түрлі қоныстарында сол уақытқа жататын барлығы 60 — тан аса тұрғын үй зерттелді. Олар жартылай жертөлелер жəне жер үстіндегі құрылыстар болып бөлінеді. Олардың ішінде түрі жағынан тікбұрышты , сопақша, сегіздік тəрізді жертөлелерді бөліп көрсетуге болады. Жартылай жертөле түріндегі тікбұрышты тұрғын үйлер көбірек тараған. Олар аумағы үлкен, орларының тереңдігі 0,8 — 1,5 метр, қабырғалары тік болуымен ерекшеленді. Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедицициясы жəне Орал Қазақстан археологиялық экспедициясымен үлкен жұмыстар атқарылды. Андроновтық мəдени — тарихи құрылымына жататын, жүзге жуық қоныспен 120 жуық жер асты кеселері, 150 — ден аса қоныс пен 200- ге жуық қорым ашылды. Кесенелері жиырма жыл экспедиция ішінде ашылды (1967 — 1986 ж). Ескерткіштердің карталануы Атбасар, Чаглинск, Петропавл жəне Уйск төрт шағын аудандарында шағын топтарымен орналасқанын көрсетті. Петропавл қаласынан 100 км қашықтықтан оңтүстікке қарай Есіл өзенінің орташа ағысы бойынша Петропавл шағын ауданында қола дəуірінің 30 қонысы мен бірнеше жерлеу қонысы табылды. Петропавл шағын ауданының аумағында стационарлық қазбалары жүргізілді (Бескөл IV, Боголюбово I, Вишневка, Ильинка, Новоникольское I, Петровка II, III,IV, Явленка I) , мұнда жалпы 19 мың кв.м мəдени қабаты ашылды. Қарама — қарсы Амангелді, Бірлік, Петровка, Семипалатное, Новоникольское жер қоныстарында жұмыстар жүріп жатты. Бұл жерде 200 — ге жуық əр түрлі жер асты құрылымдары зерттелді. Барлық Солтүстік Қазақстанға тараған Петропавл Приишимінің қола дəуіріндегі мəдениеттің даму схемасы 1975 жылы (Г.Б Здановичпен) қарастырылған материал негізінде ұсынылған болатын. Тəжірибелер шексіз жасалатын лабораториялық ізденістерге қарағанда, кез келген қазба жұмыстары ескерткіштің толық немесе ішінара бұзылуына алып келеді. Сол себепті де далалық құжаттарды толыққанды толтыру, фотолық бекіту, ескерткіш көлемін өлшеу мен архитектуралық жұмыстар жүргізу соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп отырылуы тиіс. Археологиялық қазба жұмыстарынан кейін ескерткішті бұзылудан сақтау, қалпына келтіру мен мұражайға айналдыру əрекеттері іске асыруы 66 керек. Солтүстік Қазақстанда жүзден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілген, нəтижесінде ежелгі адамдардың материалдық жəне рухани мəдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дəуірінің заттық кешендері негізінде Г.Б Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады. Əрбір ескерткіштердің өзіндік ерекшеліктері болды. Сопақ немесе тікбұрышты қазу шұңқырлары, табылған заттардан, əр түрлі қоныстарында тұрғын үйлердің зерттелуі, түрі жағынан ерекшеленді. Ескерткіштерді зерттеумен Г.Б.Зданович, В.Ф.Зайберт, Н.С.Татаринцева, А.М.Кисленко, С.О.Миллер, А.Г.Шалагин, А.А.Плешаков жаңа ескерткіштерді анықтап, оларды алғаш суреттеуге байланысты зерттеулерді кеңейтіп қана қоймай, көп жылдар бойы тұрақты қазуды ұйымдастыру жолымен тереңдете зерттеуге түсу үрдісіне көп үлес қосты.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>