dentist

Деонтологияның медицинада дамуы

Қазіргі медициналық көмектің ең алғашқы элементтері -дүниеге сол алғашқы адамдар қауымы мен бірге келген кәрі құбылыс. Ежелгі күн — көріс қамы, аң аулау, табиғат құбылыс-тарының әртүрлі апаттары, топ-тайпалар арасындағы қақтығысулар сол қауым мүшелері ішінде жарақаттану, қантөгістер туғызуы заңды жайттар. Осындай қауіп-қатерге ұшыраған өз қандастарына қолдан келген көмегін көрсету, оларға қамқорлық жасау қазіргі медициналық көмектің алғашқы рухани, адамгершілік мәселелері де өзінің негізін әріден, сол жоғарыда айтылған алғашқы қауым мүшелері арасындағы өзара көмек көрсету әрекетінен алады. Әрине, олар қоғамның тарихи даму барысында өз мезгілінің рухани деңгейіне, қоғам мүшелерінің талап-тілектеріне сәйкес өзгеріп отыруы сөзсіз. Ізсіз жоғалып кетпей, ғасырлар пердесінің саңлауларынан өтіп, біздің уақытқа әртүрлі құжаттар арқылы жеткен деректердің өзі осыны дәлелдейді. Ертедегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай қолжазбаларында дәрігерлер, олар-дың жұмыстары және оларға қойылатын талаптар жөнінде мәліметтер кездеседі, Осы тұрғыда медицинаның моральдық — этикалық жақтарын зерттеушілердің көпшілігі жаңа дәуірге дейінгі V — IV ғасырлар шамасындағы Үнді халық эпосы «Аюр-Веды»-ны мысалға келтіреді /С.С. Юдин, 1967, И.А. Кассирский, 1970, Э.П. Чеботарева, 1970, Б.В. Петровский, 1988 т.б./. Осы ерте ғасырлар куәсінде сол түстағы қауымның дәрігерлер жөніндегі көзқарасы берілген. Дәрігерлердің негізгі рухани, адамгершілк қасиеттері ретінде өзгеге жаңашырлық, тілектестік, төзімділік, ұстамдылық сияқты сипаттар көрсе-тілген. Дәрігерлердің ең басты міндеті ауру адамның өмірден үмітін үзбеу, сұрқостан айығып кететіне күмәнсіз сендіру деп көрсетілген. Бұлай болуы заңды да. Себебі қай уақытта, жер шарының қай түкпірінде болмасын адам жанының араша-лары болатын емшілерге қоғам мүшелерінің немқұрайлы қарауы — мүмкін емес құбылыс. Ондай жандарды өзінің мүқтаж, зардапқа ұшыраған қандас бауырларына көмек керсетуге итермелейтін күштің өзі олардың бойындағы абзал адамгершілік қасиеттер екені де рас.

Медицинаның, дәрігерлік жұмыстың көптеген маңызды қағидалары әр түрлі ескі тарихи ескерткіштерде кездескен-мен оның белгілІ жүйемен жинақталған, қазіргі медицинаның деонтологиялық-этикалық мәселерінің ғылыми негізі болып саналатын, уақыт сынынан мүдірмей өтіп бүгінгі дәрігерлер қауымына өзінің толық мағынасында жеткен еңбек — ертедегі гректің әрі философ, әрі ғалым дәрігері Гиппократтың «Клятвасының» қазіргі медицинадағы маңызы соншама, ол уақыт алшақтығына қарамай /2500 жыл/ соңғы кездегі көптеген деонтологиялық-этикалық құжаттарға негіз болып отыр. Мысалы, XX ғасырдың басында пайда болған Ресей дәрігерлерінің «Факультетскоеобещание», 1948жылы жарық көрген Дүниежүзі дәрігерлер Ассамблеясының «Женева декларациясы», 1971 жылы жарық көрген «Советтер Одағы дәрігерінің анты» барлығы да Гиппократ «Антының» көшір-месі деуге болады. 1969 жылы Парижде өткен медицинаның деонтологиялық мәселелеріне арналған Халықаралық конгресте «Гиппократтың антына» тек бір ғана «бүкіл өмірбақи оқуға ант өтемін» / Клянусь обучаться всю жизнь/ деген сөйлем қосылған. Гиппократ «Антының» өшпес зор маңызы, қазіргі медицина тәжірибесінде алатын орны осыдан -ақ айқын көрініп тұрған жоқпа?

Орта ғасырларда медицинаның орталығы біртіндеп Шығыс, Орта Азия, Араб елдеріне ауысады. Бұл елдерде медицинаның теориялық-тәжірибелік жақтарымен қатар рухани, этикалық-деонтологиялық мәселелері де даму-жетісу тапты. Дүние жүзі медицина ғылымына өшпесі із қалдырғаң Абу Али Хусеин ибн Абдаллах /дүние жүзіне латынша Авиценна деген есіммен белгілі 980-1037 жылдары өмір сүрген/ өзінің медицина саласындағы ғылыми еңбек-терінде дәрігерлік жұмыстың этикалық – деонтологиялық мәселелеріне үлкен мән берген. Оның медицина саласындағы негізгі еңбегі «Дәрігерлік ғылымдар негізі» /Канон врачебной науки/ тек қана өз заманы емес бес ғасыр бойы ХІІ-ХVІІ ғасырлар/ бүкіл Батыстың, Шығыстың медициналық универ-ситеттерінің негізгі оқу қүралы болып, 35 рет қайта басылым көрді. Бес ғасыр бойы бүкіл дүние жүзі медицина ғылымына негіз болған ғалымның бұл еңбегі бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Өзбекстан ғалымдарының орасан зор еңбегі арқасында бүкіл түрік тектес халықтардың ұлы бабасы әрі мақтанышы Авиценнаның медицина жөніндегі еңбектері араб тілінен орысшаға аударылып 6 том болып, 1954-1960 жылдар арасында Ташкентте басылып шықты. Ғалымның бұл еңбегінде дәрігерлердің адамгершілік, моральдық қасиеттеріне үлкен мән берілгеа Емдеу барысында дәрігер ауру адамның көңіл-күйіне көңіл бөліп, оның бойындағы қорқыныш-уайымды жою керек деп санаған. Бұл бүгінгі психотерапияның ең алғашқы ғылыми-практика-лық негізі деп санауға болады. Авиценна дәрігерлердің адам-гершілік, имандылық, рухани қасиеттерімен қатар оның денсаулығына, ақыл-ой қабілетіне, дене мүшелерінің сезім—талдығына өте үлкен мән бергек Оның келешек дәрігерлерге: қоятын қатаң талаптарының ішінде бүкіл дүние жүзі дәрігер-леріне жақсы белгілі, темендегі пікірлері мазмұн тереңдігімен де, шешендік көркемдігімен де сүйсіндіреді: «Дәрігерде қыран бүркіттің көзі, жас қыздың жұмсақ қолы, жыланның арбаушы данышпандығы, арыстанның айбарлы жүрегі болуы керек». Барлық дәрігерлерге, оның ішінде хирургтерге қойылатын негізгі қатаңталаптар. Бабаның бұл талаптары-деонтология-лық талаптардың негізі, оның өшпес, медицина ғылымымен біргежасай беретін өзекті желісі.

Капиталистік қоғам дәуірінде медицинаның моральдық этикалық негізіне жоғарыдағы айтылған жалпы талаптармен қатар дәрігерлік тәжірибенің жеке, тар мәселелері — дәрігердің кәсіптік құқықтары мен міндеттері, оларды атқарудың тиімді жолдары, қоғамға қатысы т.б. сияқты кәсіптік жүйелер айқын дала бастады. Міне, осыған байланысты XIX ғасырдың басында жоғарыда айтылған мөселелерді қамтитын әдейі «деонтология» деген /грекше deon — міндетті, Logos — учение, ғылым/ термин пайда болды. Ағылшын философы, құқық және мораль зерттеушісі И.Бентам адамның белгілі кәсіптік тәртіп-әрекеттерін зерттейтін ғылым саласын «деонтология» деп атап, оның әр түрлі мамандық саласына енуіне жағдай жасады. /«Деонтология или наука о морали».

Сонымен, бүгінгі күнгі түсінік бойынша медициналық деонтология дәрігердің моральдық, этикалық, адамгершілік келбетің оның өз жұмысына байланысты қоғам, халық алдындағы борышың ауру адамдарға, өз әріптестеріне, аурудың жақын-жуықтарына қарым-қатынасың кәсіптік өсу, оқып-үйрену жолдарын және өз жұмысын аурулардың мүддесіне сәйкес ұйымдастыру жолдарын қамтиды. Көріп отырсыздар, дәрігерлік деонтология өте маңызды және көлемді мәселелерді қамтиды. Ол жалпы мораль туралы ғылым-этикамен тікелей байланысты, дәрігерлік этика есебін-де түсініледі. Сондықтан дәрігерлік тәжірибеде деонтология-лық қағидалардың сақталуы не бұзылуы заң жүйелерімен емес жалпы моральдық, адамгершілік талаптармен, қоғам-дық пікір, көзқарас күшімен реттеледі. Соған қарап деон-тологиялық қағидаларды бұзу оңай, қатаң сақталуы міндетті емес талаптар екен деген түсінік тумауы керек. Деонтология-лық қағидалардың күшінің өзі де осы айырмашылығында. Сырттан, заң жүйелерімен бақылау моральдық, ар-ұждандық бақылаудан әлде қайда әлсіз, кейде бұзылатын қағида. Заңды бұзу да, оның тексеруінен оңай құтылу да өмірде жиі кездесетін құбылыстар. Ал нағыз дәрігер үшін өзінің моральдық, адамгершілік қағидаларын бұзу, өзіңің ар-ұжданын алдау, оның «барлық уақытта сақ» тексеруінен құтылу мүмкін емес нәрсе. Нағыз дәрігер үшін медицинаның деонтологиялық мәселелері кәсіптік заңдар, нұсқаулар жиынтығы емес, рухани, адамгершілік борыш, адам денсау-лығына деген жүрек соғысы, ар — ұждандық бұлжымас қағида. Жан Жак Руссо айтқандай, «Конституцияда жазылған заңдар емес, әр дәрігердің жүрегіне жазылған» бұзылмас қағидалар. Медициналық деонтологияның дәрігер үшін шексіз тәжірибе-лік маңызы оның осы ерекшелігінде.

XIX ғасырда медицинаның деонтологиялық мәселелеріне Ресейде де үлкен маңыз беріліп, алдыңғы қатарлы орыс дәрігерлері /М.Я.Мудров, Н.И.Пирогов, С.П.Боткин т.б./ өз еңбектерінде дәрігерлік тәжірибенің моральдық-этикалық жақтарына, дәрігердің қоғам алдындағы, мұқтаж ауру кісі алдындағы борышы туралы өте бағалы пікірлер айтты. 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін медициналық жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан дәрігерлер «Факультеттік уәде» /факультетское обещание/ қабылдап, оның өз тәжірибесінде мұқият сақталуын қамтамасыз етіп отырды. Бұл «уәденің» толық текстісі оқу орнын бітіргендігі туралы дәрігерлік дипломда жазылатын. Біздің пікірімізше, бұл үлкен тәрбиелік маңызы бар, жас дәрігерлерге барлық уақытта оның халық алдындағы қасиетті борышын үнемі еске салып отыратын жағдай. («Факультетское обещание» текстісі қазақ тілінде кітап соңында келтірілді). Алдыңғы қатарлы орыс дәрігері М.Я.Мудров Ресей медицинасы тәжірибесінде бірінші болып медицинаның моральдық-рухани, жанашырлық, гуманистік жақтарына өте үлкен көңіл бөлді. Ол өзінің 1813 жылғы Москва Университетінде сөйлеген сөзінде /«Слово о благо-честии и нравственных качествах гиппократова врача»/және кейінгі еңбектерінде /«Слово о способе учить и учиться медицине практической» т.б./ дәрігерлердің ең керекті қасиеттері; «ауру адамның мүддесін жоғары ұстау, оларға тегін көмек көрсету, ауруды құрметтей білу, адалдық, өте жоғары рухани-моральдық тазалық, асқан адамгершілік» -деп анықтады. Дәрігерлерге өте жоғары кәсіптік білімділік керек екенін баса көрсетеді. Ол дәрігерлердің білім дәрежесі жөнінде: «орташа дәрежелі білімді дәрігердің пайдасынан зияны көп» — дейді. М.Я.Мудров орыс ғалым-дәрігерлерінің ішінде алғаш рет емдеу барысында аурудың психологиялық көңіл-күйіне, оның жандүниесіне әсер ету керек екенін, әр аурудың өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып ем жасау керектігін талап етті. Қорыта айтқанда, Матвей Яковлевичті орыстың Гиппократы, Ресейлік медицинадағы деонтология негізін қалаушы деуге толық мүмкіндік бар.

Жоғарыда айтылған деонтологиялық қағидалар кейінгі алдыңғы қатарлы орыс ғалымдарының еңбектерінде жалғау, даму тапты. Бұл тұрғыда С.П.Боткиннің клиникалық лекция-лары, Н.И.Пироговтің Дерпт хирургиялық клиникасының жұмысы жайлы есептері, өмірінің соңғы жылдары жариялан-ған күнделіктері медицинаның деонтологиялық мәселелеріне жан-жақты жауап беретін еңбектер. Орыстың атақты хирургі Н.И.Пирогов хирургиялық әдебиеттерде алғаш рет хирургия тәжірибесінде кездесетін қате-кемшіліктер, дәрігердің оған көзқарасы жайлы өте маңызды деонтологиялық мәселені көтерді. Ол әр хирургтің, оның ішіндегі жас мамандар тәрбиелейтін жетекші ұстаз хирургтердің өз қатесін жасыр-май жария етіл отыруын сол қателерді талдау негізінде жастарды тәрбиелеу, оларды болашақ қате-кемшіліктерден сақтандыруды талап етті. Және осы қағиданы өз тәжірибесін-де бұлжытпай сақтап, өз клиникасында орын алған қателерді мезгіл-мезгіл жариялап отырды.

Қоғам өмірінде капиталистік, нарықтық экономикалық қарым-қатынастардың дамуы медицина саласына да өз әсерін тигізбей қоймады. Оның деонтологиялық негізіне медициналық көмектің қаржылану шарттары, дәрігерлер еңбегінің материалдық жақтары да енді. Ақыры, жекеменшік емдеу орындарымен қатар тегін, мемлекеттік қаржыға негізделген емдеу мекемелері пайда болды. Міне, осы тұстағы деонтологиялық қағидаларды талдағанда басқа Батыс елдерімен салыстырғанда Ресейде моральдық, демократия-лық ағымдар басым болғанына көз жетеді. Бұл сол уақыттағы Ресей қоғамындағы саяси философиялық көзқарастардың, алдыңғы қатарлы интеллигенцияның қоғамдық қозғалыс-тарына байланысты /Н.Д.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский, В.Г.Белинский, т.б./ прогрессивті бағыттар болды. Бұның айқын мысалы ретінде XIX ғасырдағы шеткі аймақтардағы медицинаның дамуы /Земская медицина/ ең прогрессивті алдыңғы қатарлы орыс дәрігерлерінің орталықтан қашық, шет аймақтарда аянбай еңбек етуі дәлел бола алады. Ең маңыздысы олардың өз міндеттеріне көзқарасы, күндіз-түні аянбай халық үшін қызмет етуі, сол кездегі Ресейдегі ең негізгі топ кедей шаруаларға тегін дәрігерлік көмек көрсетуі болады. Н.И.Пирогов, С.П.Боткин сияқты алдыңғы қатарлы дәрігер-лер Ресейде медицинаның моральдық этикалық ережелер жүйесін жасау мәселесін көтерді. — Орыс хирургтерінің X съезінде хирургтер арасында «Ар-ұждан Сотын» /суд чести/ ұйымдастыру мәселесі қойылып, ол көптеген қалаларда жүзеге асырылды. Көптеген Шет аймақтарда «Дәрігерлердің этикалық ережелер жинақтары» қабылданды.

1917 жылы Ресей Империясында болған төңкеріс, соның нәтижесінде өмірге келген Кеңестер Одағы және онда үстемдік еткен Коммунистік идеология медицинаның деон-тологиялық мәселелерінің дамуына үлкен әсер етті. Медици-наның бұл тұстағы моральдық, этикалық, деонтологиялық мәселелерінің даму барысы-оған Советтік мемлекеттік құры-лыстың, коммунистік идеологияның тигізген әсерлері, әзірге жабулы, зерттеусіз мәселелер. Бұндай зерттеулер — алдағы уақыт үлесі, келешек моралист зерттеушілердің азаматтық борышы.

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.