iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Әкімшілік жаза қолдану тәртібі

Бұл мәлімет 770 рет қаралды

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында көзделген шекте, Кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жаза Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында көзделген шекте, Кодекстің ережелеріне дәл сәйкестікте қолданылады. Заңмен белгіленген мақсатқа жету үшін уәкілетті органдар Кодексте белгіленген тәртіпті сақтай отырып, әкімшілік жазаларды қолданулары қажет. Әкімшілік жазаны қолдану, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар ұстанымдарының маңыздылығына сай келу қажет.

Заңдылық ұстанымы (9-бап). Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары тек заңда белгіленеді және заңда белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім де әкімшілік жазаға ұшыратуға тиіс емес. Ізгілік ұстанымы (15-бап). Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.

Жеке басқа қол сұқпаушылық (16-бап). Өзіне қатысты әкімшілік жаза шарасы ретінде қамауға алу тағайындалған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, әкімшілік жаза әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершілік қадір-қасиетін қорлауды, сондай-аң заңды тұлғаның іскерлік беделіне зиян тигізуді мақсат тұтпайды. Әкімшілік жаза әділ, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының басына сай келетін болуға тиіс. Жеке тұлғаға әкімшілік жаза қолдану кезінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Заңды тұлғаға әкімшілік жаза қолданған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Әкімшілік жаза қолдану тұлғаны орындалмағаны үшін аталған жаза қолданылған міндеттерді атқарудан, жол берілген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.

Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі, не негізгі және қосымша әкімшілік жазалардың қолданылуы мүмкін. Мыналар әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып танылады:

— кінәлі адамның өкінуі;
— кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;
— әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
— әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;
— әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;
— әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;
— әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайтын судья, орган (лауазымды тұлға) басқа аталмаған мән-жайларды да жеңілдететін мән-жайлар деп тануы мүмкін. Мыналар әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

— тиісті уәкілетті тұлғалардың құқыққа қарсы мінез-құлықты тоқтатуды талап еткеніне қарамастан оны жалғастыра беру;
— бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша Кодекстің 66-бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы;
— кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
— кінәлі адамның біле түра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
— ұлттық, нәсілдік және діни жеккөрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;
— адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір тұлғаның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғам-дың борышын орындауына байланысты әкімшілік ңүқық бүзушылың жасау;
— кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге ңатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге, тәуелді адамға ңатысты әкімшілік құқық бүзушылық жасау;
— адамдар тобының әкімшілік құқық бүзушылық жасауы;
— табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік ңұқың бұзушылық жасау;
— маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
Әкімшілік жаза қолданатын судья, орган (лауазымды тұлға) әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкін.

Бір адам екі немесе одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқың бүзушылық үшін жеке-жеке әкімшілік жаза қолданылады. Егер адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ол істерді бір судья, орган (лауазымды тұлға) қараса, бұл адамға белгілі бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғарғы шегінен асыруға болмайды. Әкімшілік қамауға алудың ең ұзақ мерзімі мұндай жағдайларда — отыз тәуліктен, ал төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік қамауға алу қырық бес тәуліктен аспауға тиіс.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде азаматқа немесе ұйымға мүліктік залал келтірілсе, судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарай келіп, дау болмаған жағдайда жаза қолдану туралы мәселені шешу кезінде бір мезгілде мүліктік залалды өтеу туралы мәселені шешуге құқылы.

Өзге уәкілетті органдар (лауазымды тұлғалар) қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша мүліктік залалды өтеу азаматтың сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі. Әкімшілік қамауға алу мерзімі тәуліктермен, ал жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берілген арнаулы құқықтан айыру, сондай-ақ лицензиядан (арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тоқтата тұру мерзімі -жылдармен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жылдың ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қызылов М. — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б. «Кәсіптік білім сериясы». Мәлімет оқулықтың 276-шы бетінен алынды.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>