Биология

stork

Жынысты көбею

Жынысты көбею бір клеткалы да, көп клеткалы да өсімдіктер мен жануарларға тән. II және III бөлімдерде көрсетілгендей, жынысты көбею бактерияларда жыныстық процестің үйлестігі және бұл организмдердің рекомбинация жүйесі болып табылатын конъюгация жолымен жүрсе, қарапайымдылардың да жынысты көбеюі осы конъюгация немесе сингамия және аутогамия жолдарымен жүреді. Көп клеткалы организмдерде (өсімдіктер мен жануарларда) жынысты көбею ұрықтық немесе …

Жынысты көбею Читать полностью »

agriculture

Ұрықтану туралы мәлімет

Ұрықтану — бұл зиготаның қалыптасуына және кейін жаңа организмнің дамуына әкелетін аталық және аналық гаметалардың қосылу процесі. Ұрықтану процесінде зиготада хромосомалардың диплоидты жиынтығы орнатылады, бұл осы процестің өте күшті биологиялық маңызын анықтайды. Жынысты жолмен көбейетін жануарлардың түрлеріне қарай сырттай және іштей ұрықтануды ажыратады. Сырттай ұрықтану аталық және аналық жыныс клеткаларының сыртқы ортаға түсуімен жүреді. Мысалы, …

Ұрықтану туралы мәлімет Читать полностью »

mushrooms

Ұрпақтар алмасу

Тек жынысты жолмен көбейетін организмдерде олардың дамуында гаплоидты және диплоидты фазалардың алмасуы тән. Көптеген организмдерде, сүтқоректілерді қоса, бұл алмасу тұрақты сипатта болады, және оған организмдердің түрлік белгілерінің сақталуы негізделген. Диплоидия әртүрлі аллельдердің жинақталуына әкеледі. Керісінше жынысты жолмен де, жыныссыз жолмен де көбейе алатындарда, ұрпақтар алмасуы (ауысым) тән, мұнда бір немесе бірнеше организмдердің жыныссыз ұрпақтары жынысты …

Ұрпақтар алмасу Читать полностью »

skeleton

Жыныстық деморфизм. Гермафродитизм

Жануарлардың аталық және аналық даралары үшін арнайы фенотиптік белгілер (көлемі, дене құрылысы, түсі мен басқа қасиеттері), сонымен қатар мінез-құлқының айырмашылығы болады. Аталықтар мен аналықтарының арасындағы қасиеттерінің айырмашылықтары жыныстық диморфизм деп аталады. Жануарларда ол эволюциялық дамудың төменгі сатыларында-ақ, мысалы, жұмыр құрттарда, буынаяқтыларда кездеседі, аталықтары мен аналықтарының арасындағы сыртқы айырмашылықтары өте айқын байқалатын омыртқалы жануарларда шегіне жетеді. …

Жыныстық деморфизм. Гермафродитизм Читать полностью »

cells

Проэмбриональдық және эмбриональдық кезеңдер

Проэмбриональдық (грекше рrо — дейін, embryon — ұрық) кезеңі организмдердің жеке дамуында гаметогенез процесінде жыныс клеткаларының пайда болуымен байланысты. Жоғарыда көрсетілгендей, жануарлардың аталық жыныс клеткалары құрылымы бойынша басқа клеткалардан (соматикалық) айтарлық айырмашылығы болмайды, ал жұмыртқа клеткаларының маңызды ерекшелігі сол, онда сарыуыздың көп болуы. Жұмыртқа клеткаларындағы сарыуыздың мөлшері мен оның орналасуын негізге ала отырып, оларды үш …

Проэмбриональдық және эмбриональдық кезеңдер Читать полностью »

anatomy

Гистогенез және органогенез

Эмбриогенез барысында ұрық жапырақшаларының дамуы (дифференцировка) олардан әртүрлі ұлпалар мен мүшелердің қалыптасуымен жүреді. Оның ішінде, эктодермадан тері эпидермисі, тырнақ пен шаш, май мен тері бездері, жүйке жүйесі (ми, жұлын, ганглиялар, жүйкелер), сезім мүшелерінің рецепторлы клеткалары, көз жанары, ауыз, мұрын қуысының және аналь тесігінің эпителийі, тіс эмалы дамиды. Энтодермадан өңештің, асқазанның, ішектің, өттің, кеңірдектің, бронхтардың, өкпенің, …

Гистогенез және органогенез Читать полностью »

ultrasound

Постэмбриональдық кезең

Организм дүниеге келгеннен бастап оның постэмбриональды дамуы (адамдарда постнатальды) басталады, ол организмдердердің түрлеріне қарай бірнеше күннен жүз жылға дейін өтеді. Демек, тіршіліктің ұзақтығы — бұл организмдердің түрлік белгісі, ол олардың ұйымдасуына тәуелді болмайды (төменнен қара). Постэмбриональды онтогенезде ювениальды және пубертатты кезеңдер, сонымен қатар өліммен аяқталатын кәрілік кезеңді ажыратады. Ювенильды кезең. (лат. juvenilis — жас) организмнің …

Постэмбриональдық кезең Читать полностью »

bee

Көбею тәсілдерінің пайда болуы

Жыныссыз көбею, әсіресе, вегетативті көбею, өте көне болып саналады. Соңғысынан спора арқылы көбею қалыптасқан, ол түрлердің сақталуына, әсіресе, олардың ареалдарының кеңеюіне (таралуына) жақсы мүмкіндіктер береді. Жынысты көбею организмдердің өніп-өсуінің тиімді жолы болып табылады, ол гендердің «қайта араласуы» мен жинақталуына мүмкіндік береді. Оның шамамен, 1 млрд жыл бұрын жыныссыз көбеюден шықты деп есептейді, сонымен қатар бұл …

Көбею тәсілдерінің пайда болуы Читать полностью »

blossom

Өсімдіктердің онтогенезі

Өсімдіктер алуан түрлі болғандықтан, оларға арнайы онтогенездер тән. Өсімдіктердің онтогенезі олардың таксономиялық ерекшеліктеріне байланысты деуге болады. Табиғаты өсімдікке жататын бір клеткалы организмдерде (бактериялар және басқалары) онтогенез бір бөлінуден бастап келесісіне дейінгі уақытта клетканың тіршілігі болып саналуы мүмкін. Бактериялық клетканың екі еншілес клеткаларға бөлінуі онтогенезді аяқтайтын, яғни оның өлімімен бітетін кезең деп санауға болады. Бірақ көптеген …

Өсімдіктердің онтогенезі Читать полностью »

dna

Тұқымқуалаушылық пен өмірдің ұздіксіз жалғасуы

Бүкіл органикалық молекулалардың ішінде, тек қана нуклеин қышқылдары өздігінен көбею қабілетіңе ие. Сонымен қатар, нуклеин қышқылдары клеткалардың ішінде болғанымен, клетканың құрылысы мен қасиеттерін (белсенділігін) бақылап отырады. Сол себепті генетикалық тұрғыдан алғанда, тіршілік атаулының өзіндік бірегей ерекшелігі нуклеин қышқылдарының жыныстық клеткалар арқылы ұрпақтар арасындағы химиялық байланысты қамтамасыз етіп отыруында. Көбею, тұқымқуалау және өзгергіштік қасиеттердің арқасында биологиялық …

Тұқымқуалаушылық пен өмірдің ұздіксіз жалғасуы Читать полностью »