Агрономия

Малазықтық тамыржемістер

Малазықтық тамыржемістер

Малазықтық тамыржемістер — малазықтық қызылша, мал азықтық сәбіз мал шаруашылығының өнімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Оларды мал азығына қосу қатты сабақты және құнарландырылған жемшөптің қорытылғыштығын жақсартады, сүт өнімін жөне сапасын арттырады, малдың семіруін жеделдетеді, жануарлардың науқастануын азайтады. Тамыржемістерде жеңіл сіңірілетін көмірсулар бар, минералды тұздар мен дәрумендерге бай. Түріне, топырақ-климат жағдайына және агротехникаға байланысты тамыржемістілерде 9-23% …

Малазықтық тамыржемістер Читать полностью »

Майлы дақылдар

Майлы дақылдар

Тұқымынан өсімдік майы өндірілетін бірқатар екпе дақылдар майлы дақылдарға жатады: күнбағыс, мақсары, майлы зығыр, перилла, ляллеманция, майкене, жер жаңғағы, күнжіт, қыша, рапс, арыш, қышабас. Сонымен қатар өсімдік майлары мақта өсімдігі, талшықты зығыр, кенепшөп сияқты тоқыма дақылдары мен майбұршақ сияқты дәнді бұршақ дақылының тұқымдарынан да өндіріледі, ал кейбір майлы дақылдарды мал азығы ретінде де өсіреді (күнбағыс, …

Майлы дақылдар Читать полностью »

Арамшөптер

Арамшөптер туралы түсінік

Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлерде өздігінен өсіп, көптеген зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Арамшөптер тек жыртылған жерлерде ғана емес, сонымен қатар, жайылымдар мен шабындықтарда да кездеседі. Бұл жерлерде арамшөптерге улы, малдар жеуге жарамсыз ірі сабақты өсімдіктерді жатқызады. Егер бір ауылшаруашылық дақылдарының арасында басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Айталық, бидай егісінің ішіндегі арпа, …

Арамшөптер туралы түсінік Читать полностью »

Топырақ

Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары

Топырақ эрозиясы туралы түсінік. Жер өңдеу кезінде топыраққа интенсивті ықпал жасау оның ққрылымы мен құрылысының «бұзылуына және табиғи топырақ құралу процесі бағытының өзгеруіне, ең соңында эрозия құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады. Эрозияның қатерлі, тіпті апатты зардабын сезіну үшін оның мәнісін терең түсіне білу керек. Сонымен топырақ эрозиясы дегеніміз — оның желдің немесе судың (жаңбыр мен …

Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары Читать полностью »

Егіншілік жүйесі

Егіншілік жүйесі

Егіншілік жүйесі — өсімдік шаруашылығы саласын ғылыми тұрғыдан жүргізу. Еліміздің егіншілік жүйесіне белгілі орыс ғалымы профессор А.Н. Сонетов (1826-1901 жж.) ғылыми негізде түсінік берді. XX ғасырдың басында академик Н.Р. Вильямс минералды тыңайтқыштардың аз өндірілетінін ескере отырып, шөптанапты егіншілік жүйесін ұсынды, яғни топырақ құнарлылығын минералды тыңайтқышсыз көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің көмегімен қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді. …

Егіншілік жүйесі Читать полностью »

agriculture

Тыңайтқыштар және оларды егіншілікте пайдалану

Тыңайтқыштың маңызы Ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуда топыраққа тыңайтқыштар беру, жерді сапалы түрде дайындау, уақытылы егу жұмысын жүргізу маңызды нәрсе болып табылады. Тыңайтқыш дегеніміз — өсімдіктің қоректенуін жақсартып, жердің құнарлылығын арттыру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жоғарылату мақсатымен жерге берілетін зат. Топыраққа органикалық және минералдық тыңайтқыштар беру оның физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсартады, жоғары сапалы …

Тыңайтқыштар және оларды егіншілікте пайдалану Читать полностью »

Тыңайтқыштарды

Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері

Минералдық тыңайтқыштың тиімділігінің жоғары болуы көбінесе қолдану әдістері мен тәсілдеріне байланысты. Тыңайтқыш қолданудың үш тәсілі бар: негізгі тыңайтқыш (егін сепкенге дейін және оны себудің алдында), тұқым себумен бірге және егін сепкеннен кейін үстеп қоректендіру. Тыңайтңышты қолданудың мынадай жолдары бар: жаппай шашу, ұяға, қатараралыққа беру және қорға қалдыру. Негізгі тыңайтқыш өсімдіктерді бүкіл өсу вегетациясы кезінде қоректік …

Тыңайтқыштарды қолдану тәсілдері Читать полностью »

Қарақұмық

Қарақұмық туралы мәлімет

Өсімдік құрылысы ерекшеліктері. Қарақұмық (Fogopurum) қарақұмық тұқымдасына (Polygonaceae) жатады да, екі түрге бөлінеді: кәдімгі қарақұмық және жабайы қарақұмық. Кәдімгі қарақұмық — маңызды жармалық дақыл. Бір жылдық өсімдік. Тамыры кіндікті, 1 м тереңдікке бой-лайды. Әлсіз дамыған, негізгі тамырлары топырақтың 25-30 см қабатында орналасқан. Сабағының ортасы қуыс, қырлы, биіктігі 40-150 см, 10-12 бұтақ құрайды. Жапырағы үшбұрышты — …

Қарақұмық туралы мәлімет Читать полностью »

кукуруза

Техникалық дақылдар

Темекі. Маңызы, өсірілетін аймағы, сорттары. Бағалы техникалық дақылдардың бірі — темекі. Ол негізінен шылым дайындауға және медицинада пайдаланылады. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09-3,76% никотин, 17,1-18,9% күл, 4,9-17,6% көмірсутегі, 2,2-3,7% азот, 0,1-1,37% эфир майы және 4-7% шайыр бар. Темекі негізінен Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында өсіріледі. Сонымен қатар «Филипп-Морис Казахстан» темекі компаниясының Қазақстанға келуіне байланысты, темекіні …

Техникалық дақылдар Читать полностью »

agriculture

Жерді өңдеу

Эрозия жер бетімен ағатын судың әсерінен болатындықтан, барлық агротехникалық шаралар суды топырақтың терең қабаттарына сіңіруге бағытталу керек. Еріген қар суы, жаңбыр суы топыраққа тездеп сіңіп жатса, онда жер бетінен су ақпайды. Дөңес жерді жыртуды тек қана еңіске көлденең жүргізеді, жырту тереңдігі 25-27 см-ден кем болмауы керек. Контурлап жырту. Мүмкіндік болсажырту жұмысын контур бойынша жүргізу қажет. …

Жерді өңдеу Читать полностью »