iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Журналистика туралы слайд

Бұл мәлімет 1 306 рет қаралды

žСлайд тақырыбы: Журналистика. Слайд 26 беттен тұрады. Бұл слайдта Журналистика мамандығы, оның түрлері туралы мәліметтер бар. Журналистика (французша — journal, немісше — journalіstіk, ағылшынша — journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.

Журналистика термині

žЖурналистика терминінің өзі алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).

Журналистиканың түрлері

žЖурналистиканың әрбір түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, журналдар, радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы журналистика

žҚазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, әлеуметтік, экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңы кепілдік береді (қ. Қазақ журналистикасы).

Қазақстан журналистикасының дамуы

žХалықаралық журналистік ұйымдармен арадағы қарым-қатынаста қазақстандық журналистер атынан Қазақстан Журналистер одағы өкілдік етеді (қ. Қазақстан Журналистер одағы). 19 ғасырдың екінші жартысынан басталған Қазақстан журналистикасы қазір қарқынды дамуда. журналистиканы теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеп, ғылыми пән ретінде оқыту Қазақстанда тұрақты жолға қойылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жыл сайын кәсіби журналистер даярланып келеді (қ. Қазақ журналистикасы).

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>